Шуағын шашқан әжелер (әжелер сайысы)
Тақырыбы: Шуағын шашқан әжелер (әжелер сайысы)
Мақсаты: Оқушыларды әжесін сыйлауға, аналарды құрметтеуге тәрбиелеу.
Оқушылардың бойына адамгершілік, мейірімділік қасиеттерін сіңіру.
Көрнекіліктері: Слайд, оқушылар шығармашылығынан көрме.
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Жүргізуші:
Ата салтым, асыл мұрам ардағым.
Бабалардың жалғастырар арманын.
Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,
Өткенімді бүгінменен жалғадым.
Қазағымның салт - дәстүрі жаңғырған,
Тәлімді ой санағы, тәрбие көзі қалдырған.
Салт - дәстүрді ардақтайық ағайын,
«Қазақ» атты үлкен - кіші балдырған, - деп, бүгінгі «Шуағын шашқан әжелер» атты мерекелік шарамызға арналған той - шашуымызды қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:
Құрметті әжелер, армысыздар,
Бәріңізде есен - сау бармысыздар.
Жиналыппыз сәтті күні бәрімізде.
Үлкен кіші, жасыңыз, кәрімізде.
Төрлетіңіз қадірменді әжелер
Гүл - гүл жайнап біздің мынау төрімізге - дей келе, сайысқа қатысатын әжелерімізді ортаға шақырайық:
Жүргізуші:
Сайыстың аты сайыс болғандықтан бүгінгі біздің ардақты әжелеріміздің әділ бағасаын беру үшін әділ қазылар алқасын сайлап алуымыз керек.
Жүргізуші:
Немере үшін ең мейірімді жан – әже. Ақ сүт берген аналардың анасы – әже. «Жан жүрегім, жарығым» деп немересін, шөбересін жүрегіне теңейтін де әже. Олай болса қадірменді қауым әжелердің ақ тілегі көпшілік үшін тәбәрік деп ойлаймын.
Өнер қуып әжелер өтер дейміз.
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа келген әжелер кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтсе дейміз.
І кезең. «Сәлем - сөздің анасы»
Жүргізуші:
Бұл жандардың қылығына сай ісі
Сәулеленіп тұрады әр бір жай ісі
Әжелерді шақырайық ортаға
Ендігі кезек сұрақ – жауап сайысы
ІI кезең. «Сиқырлы қоржын» (Сұрақ - жауап)
1 - сұрақ: Жаңа туған нәрестенің бас жағына ырымдап қандай заттарды қоямыз? Және не себепті? (Бесіктің бас жағына пышақ, қайрақ, қамшы қояды немесе үкінің тұяғын, кірпінің терісін, жыланның бас сүйегін тағады. Мұндайда шайтан, жылан, жәндік, тышұан келмейді деп жорыған).
2 - сұрақ: Қазақтың бесікке салу салт - дәстүрі туралы не айтасыз? (Ырымын жасап көрсету)
3 - сұрақ: Тұсау кесуде сәбидің аяғын немен байлайды, қандай тілек айтады? (ырымын көрсету)
4 - сұрақ: Қазақтың ұлттық төсеніштері неден және қалай жасалады?
5 - сұрақ: Наурыз мерекесінде қандай тілектер айтылады? («Ақ мол болсын»,
«Төрт түлік ақты болсын», «Ұлыстың ұлы күні құтты болсын» т. б.)
6 - сұрақ: Балаға байланысты қазақ халқының мерекелері? (балаға ат қою,
шілдехана, бесік тойы, сүндетке отырғызу тойы, атқа мінер, тілашар т. б.)
7 - сұрақ: «Базарлық», «Байғазы», «Сарқыт», «Сыбаға», «Ерулік» беру салттарының мәнісін түсіндіріп беріңіз? (Базарлық – алыс сапардан келген жолаушының туыстарына әкелетін сыйы, байғазы – жаңа сатып алынған дүниеге берілетін ақы немесе сый, сарқыт – мереке тойлардан әкелінетін тағам, сыбаға - жақын - жуыққа, құрметті қонаққа арнап сақталған кәделі ет мүшелері асу, ерулік – жаңа көшіп келген көршіге танысу мақсатында дастархан жаю)
(Әжелер сұраққа жауап беруге дайын болғанша мектепалды даярлық тобы бүлдіршіндерінің тақпақтары)
1 - оқушы:
Тентек болсам, ашылып,
Жақсы іс қылсам, асырып,
Маған сақтап жүреді,
Тәттісін де жасырып.
2 - оқушы:
Бала деген бал екен.
Бал дегенің бала екен
Немеренің бойында
Бар жақсылық бар екен.
Туған балаң жай ғана.
Демесең де жат бөтен.
Нағыз бала ойласаң,
«Немере» екен тәтті екен.
3 - оқушы:
Әже деген көп шығар,
Әжемдей менің жоқ шығар
Мейірімді ол кісі
Қандай ғажап күлкісі
4 - оқушы:
Аналарды сүйеміз,
Ақылын ойға түйеміз
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз
Сырмақ сырған оюлап,
Жақсы көрем әжемді
5 - оқушы:
Ақ әжемді әрқашан,
Сыйлап жақсы көремін
Қуантайын деп оны,
Өлең айтып беремін
6 - оқушы:
Әжем менің сымбатты
Әжем менің қымбатты
Құртпен майын жинайды
Біздерге оны сыйлайды
7 - оқушы:
Әжемнің саясында ер жеттім мен
Аялы ақ бесікте тербетілген
әжемдей ақ ниетті абзал жанды
Таппаймын айналсам да жер бетінен.
(әжелердің жауаптары тыңдалады)
Жүргізуші:
Даусың қандай сырлы еді
Табиғатты тыңдатқан
Көркің қандай нұрлы еді?
Таң шолпанмен астасқан
Өнеріңді кәне бүгін көрсетші
Мына жұртқа қошеметпен қол соққан.
ІII кезең. «Өнерліге өріс кең»
(өз өнерін көрсету)
Жүргізуші:
Аңыз болған жоғалмай сан ғасырға
Салт - дәстүрі халқымның жалғасуда
Қолөнер әдемі сәнділікпен
Көз тартып ұрпақтарға алмасуда
ІV кезең. «Шебердің қолы ортақ»
(үйден дайындап келген қолөнерін көрсету, жасалу жолын түсіндіру)
- Әжелер дайын болғанша 4 «А» сыныбының «Оймақ» биін тамашалаңыздар
Жүргізуші:
Ұлыс күні тағам толса,
Ол жылы ақ мол болар.
Әжелер ұлттық тағам жасаса,
Қолдарынан бал тамар.
V кезең. «Қазақы дастарханым»
(үйден дайындап келген ұлттық тағам көрсету, жасалу жолын түсіндіру)
Жүргізуші: Қорытынды:
Әже мерейі күн көзімен пара - пар,
Тұла бойға қуат беріп таралар.
Өмірімізге шуақ шашып әрқашан,
Көп жасаңыз, ақ ниетті апалар, - дей келе, әр жас аралығындағы әжелеріміз бүлдіршіндерге арналған лебізін тыңдайық (1 әжеге тілек айтқызу).
- Сайыс қорытындысын тыңдау
(қорытынды дайын болғанша 4 «Б» сыныбының «Бипыл» биін тамашалаңыздар)
- Әжелерді марапаттау.
Жас мамандарға көмек ретінде сыныптан тыс шара ұйымдастыру барысында пайдаланатын дайын сценарийімді ұсынып отырмын.
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Боранқұл селосы, Боранқұл орта мектебі
Тойған Нұрекешова Қаражанқызы