- 05 нау. 2024 02:46
- 276
Сынып жетекшілер отырысында оқылған баяндама

Жанұя тәрбиесі
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дейді халық. Өйткені бала жаны өте сезімтал және тез еліктегіш келеді. Балалар көбіне көп уақыттарын үйде, ата – аналарымен бірге өткізеді. Жанұя олар үшін өмірдің ең алғашқы мектебі. Үлкен өмірге құлаш ұрып, ұшып шығатын ұясы іспеттес.
Әдетте балалар ата - аналарының бойындағы қасиеттерді бойына дарыта, соларға еліктейді.
Ата – аналары бірін – бірі сыйлай біле ме, көршілерімен тату ма, қалай киінеді, адамдармен қарым – қатынас кезінде өзін қалай ұстайды, тіпті қалай қуанады, қалай ашуланады, жұмыс орнында беделі қандай? Міне, бала осының бәрін көріп, біліп өседі.
Өкінішке орай, әрбір жанұя осы бір маңызды мәселе – балаларды тәрбиелеу ісіне көп көңіл бөле қоймайды. Балаларға жайлы өмір жасаймыз, олардың бетінен қақпаймыз, балаларым балалық шақтарын қызықты өткізсін деген мақсатпен көпшілік ата - аналар қателікке ұрынады. Осы қателіктің салдарынан опық жейді. Сондықтан осындай ата – аналардың «Баланы жастан тәрбиеле» деген аталы естеріне ұстағаны дұрыс.
Ата – аналардың осындай қамқорлығына сүйеніп, көптеген балалар түрлі келеңсіз оқиғаларға кезігеді. Ал, ата – аналар ше? Олар болса, өз балаларын қызғыштай қорып, кінәні басқа біреуге аударуға бейім тұрады. Бұл секілді орынсыз қорғаштаудың баланың мінез-құлқына кері әсер ететіні сөзсіз. Кейбір ата - аналар өз балаларына шамадан тыс еркіндік беріп қояды. Олардың бос уақыттарын қалай өткізіп жүргендіктеріне, араласып жүрген достары мен ортасының қандай екендігіне оншалық мән бермейді. Енді бір ата - аналар балаларды қатал ұстау, ұрып - соғу дұрыс деп түсінеді.
«Бала тәрбиесі - бесіктен» деген ұлағатты сөз бар халқымызда. Бала тәрбиелеуде ең алдымен олардың бойына адамгершілік қасиеттерді дарыта білуіміз қажет. Бұл әлеуметтік маңызы бар мәселені шешуге ата - ана жетекші роль атқарады.
Ата - ананың балаға үлгі боларлық беделі оның өмірінен, қызметінен, мінез-құлқынан көрінуі тиіс. Ата - ананың балаға қоятын талабы біріңғай болып, бірін - бірі құптап, қуаттап отырса жақсы. Тәрбие осыны талап етеді.
«Ата көрген – оқ жонар, ана көрген – тон пішер» - дегендей ата - аналар алдымен өздері үлгілі болып, баланы бетімен жібермей бесіктен белі шықпаған кезінен бастап жақсылыққа үйретіп, жамандықтан жирентіп, жанұяда қазақтың тәрбиелік мәні бар әңгімелерін, мақал – мәтелдерін, әдет – ғұрып, салт – дәстүрлерін бала бойына сіңіре беру керек. Қазіргі психология, педагогика ғылымдары адамның мінез – құлық белгілерінің көбісі жас кезінде жанұядағы үлгі - өнеге нәтижесінде қалыптасатынын дәлелдеп отыр. Сондықтан баланы тәрбиелегенде өнегелі болу керек. Баланың талабы мен қабілетін ұштап, демеп, сегіз қырлы, бір сырлы азамат етіп тәрбиелеу – ата - ананың өз ұрпағы алдындағы биік, ізгі борышы.
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Жанкелдин селосы, Ә. Жанкелдин атындағы орта мектеп
Бастауыш мұғалімі Әжібаева Гүлсім Айтжанқызы