- 05 нау. 2024 02:32
- 244
Су тіршілік көзі
Тақырып: Су тіршілік көзі
Мақсаты: Қоршаған ортаны танып білу, су туралы білімдерін тереңдету.
Білімділік мақсаты: Судың барлық қасиеттерін, балалардың жас ерекшеліктеріне сай, жан – жақты жүйелі түрде түсіндіру
Дамытушылық мақсаты: Судың тіршілікке, адам өміріне пайдасымен зияны, су күйінің өзгеруін, баланың көзімен көріп, қолмен ұстау тәжірибесі арқылы көз жеткізу.
Тәрбиелік мақсаты: Баланы тазалыққа, жеке бас тазалығын білу, баулу, суды ластамау, үнемді пайдалануға тәрбиелеу
Міндеті
1. Танымдық қабілетін дамыту
2. Есте сақтау, зейін қабілетін дамыту
3. Шығармашылық қиялын дамыту
4. Іскерлік қабілеттерін жетілдіру
Шешу жолдары
Танымдық жобалау іс - әрекеттерінде
Серуенде бақылау, ойын түрінде
Күтілетін нәтиже
Жобаның белсенді қатысушысы ретінде баланың рухани жағынан бай, жеке тұлғасы қалыптасады
Судың тіршілік көзі, тіршілік үшін маңызы туралы түсініктері қалыптасады
Баланың іскерлік, белсенділік қабілеттері артады.
Су – тіршілік негізі
Онсыз өмір сүрмейсің
Гигиена егізі
Су деп және білгейсің
Су – табиғат байлығы
Өзен – көл деп білгейсің
Кемі екі рет әр күні
Суды ішіп жүргейсің.
Бұлақ көрсең көзін аш
Сауабына қаларсың.
Суды ішсең қанып іш
Бой сергітіп аларсың.
Су туралы мақал - мәтелдер
Өзен бойы тұрғанда
өзге жерге қонбаңыз.
Көлдің көркі — құрақ,
Таудың көркі — бұлақ.
Бұлақ көрсең көзін аш.
Өзен - суға жарасқан қамысы мен қоғасы,
Қарияға жарасқан аузындағы тобасы.
Өзен жағалағанның өзегі талмас.
Өзен суын жаңбыр тасытады,
Адам қадірін еңбек асыртады.
Көл тартылса кұс қашар.
Өзен ұзақ ағады бұлағы болса басында,
Іздеген бақыт табады жалықпаса жасында.
Сулы жер құрақсыз болмас,
Таулы жер бұлақсыз болмас.
Су ырыстың көзі,
Еңбек кірістің көзі.
Су жердің төрттен үш бөлігін алып жатыр. Сусыз өмір жоқ. Су тіршілік көзі. Ол сұйық зат. Өзен, көл, теңіз, мұхиттарды құрайды. Аспаннан жаңбыр түрінде түседі. Күн суытқанда су қатып мұзға айналады. Мұз бен қар – судың қатты күйі.
Дымқыл шүберекпен үстел үстін сүртсек, бірнеше минуттардан кейін ол кеуіп қалады. Оның бетіндегі су буға айналып ұшып кетеді.
Бу – мөлдір, түссіз газ. Бу – судың газ түріндегі күйі. Судың өзіне тән қасиеттері болады
1. Судың нақты пішіні болмайды.
2. Судың түсі жоқ. Ол түссіз.
3. Су – мөлдір.
4. Судың дәмі жоқ.
5. Судың иісі жоқ.
6. Су сұйық. Ол ағады.
Судың адам ағзасына пайдасы
Өмірде сусыз тіршілік жоқ. Моншада да сумен жуынып, оның ыстық буын пайдаланамыз. Сол себепті судың адам ағзасына пайдасын білу – міндет. Біз енді ішетін, жуынатын суымыздың бізге шипасына, қажеттілігіне тоқталайық.
Су не үшін қажет?
1. Су дене температурасын тұрақтандырады.
2. Азық, қалдық, оттегіні тасымалдайды.
3. Бүйрек және бауырдағы қалдықтарды (шлак) тазалайды.
4. Дәруменнің және минералдардың таралуын қамтамасыз етеді.
5. Денені жарақаттанудан қорғайды.
6. Жасушалардың және бұлшық еттердің бірігуін қамтамасыз етеді.
7. Тері жасушаларын ылғалдандырады және сауықтырады.
8. Ас қорытуда жоғарыдан төмен қарай ретімен астың қорытылуынан сіңірілуіне және де ең соңында қалдықтардың шығуына дейін судың атқаратын міндеті мол.
9. Денеде болатын күніне 2 - 4 литр су шығынының орнын қайта толтырып отыру қажет. Ересек адамның денесінде 40 - 50 литр су болады.
Қанның 83 пайызы, бұлшық еттердің 75 пайызы, мидың 74 пайызы, сүйектердің 22 пайызы судан тұрады. Денеде 20 пайыз су жетіспеушілігінің болуы өте қауіпті және ол өлімге дейін жетелейді.
Қажетті мөлшерде су ішпегенде
1. Мидың жұмыс істеуі баяулайды.
2. Қан қоюланады.
3. Жүрек көп жұмыс істеуге мәжбүр болады.
4. Нәжіс сары түсті болады.
5. Іш қатуына (запор) себеп болады.
Су жетіспегенде
1. Бас ауырады.
2. Бас айналады.
3. Шаршау, әлсіздік пайда болады.
4. Ойдың тынықтығы бұзылады.
5. Тәбетсіздік туады.
6. Биік жерлерде, ауа ыстық қапырық болса, тұмау болса, температура артса ішетін су мөлшерінің көбірек болғаны жөн.