Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Цитрусты өсімдіктердің емдік қасиеттері

№16 колледж МКҚК  
Сапа менеджменті жүйесі
Орындаған: Тұ-43 топ студенті Сеилбеков Адильхан Муханович
Жетекшісі: ӨОШ  Досаева Улбала

Шығармашылық жұмыс

Пікір

Бүгінгі таңда азық-түлік проблемаларын басшылыққа ала отырып, оқушы өзінің жұмысында цитрусты өсімдіктерді үй жағдайында өсіру және  оның адам ағзасы үшін пайдалы екендігін жазып көрсеткен. Оқушы өз жұмысында апельсинді үй жағдайында қалай өсіруге болатынын және өсімдіктің өсуіне қажетті жағдайларды анықтау арқылы жұмыстың мазмұнын аша түскен. Апельсиннің тұрмыста қолданылуы,  денсаулыққа пайдалы жеміс екендігін оқушы өз жобасында айқын көрсетіп жазған.

Аннотация

Зерттеу мақсаты:

Цитрус өсімдіктерімен тәжірибе жүзінде жұмыс жасап, жақын танысу; 
Ғылыми-шығармашылық жұмыспен айналысуды үйрену. 

Гипотезасы:

Цитрус өсімдігін яғни апельсинді үй жағдайында өсіру тиімді  ме?

Зерттеу рәсімі:

1 Кезеңдері:

Цитрусты өсімдік түрлерімен, таралу аймағымен, әлемдік маңызымен танысу.

Цитрусты өсімдіктердің маңызы туралы материалдар жинақтау, қорытынды жасау.

Цитрус  өсімдікті  үй жағдайында  өсіру

2 Эксперименттік әдістемесі:

1. Дәнді жинап  кептіру

2. Топыраққа көму, мезгілінде су құю.

3. Қосымша мәліметтер жинақтау.

Зерттеудің жаңалығы:

Апельсин дәннен көктейді, жапырақтары жылтыр  қою жасыл түсті болып  өседі. Қыс  мезгілінде  бөлме температурасына  өсуі  баяулайды.

4 Жұмыстың нәтижесінің қорытындысы:

Дәннің өсуін бақылай отырып, оның өсу процесі аяғына дейін жүру үшін дұрыс табиғи орта керектігі, күн сәулесі, қоректік заттардың жеткілікті болуына, құнарлы топырақтың, судың қажет екендігіне көз жеткізу. Іздену жұмыстарының нәтижесінде өз ісінің маманы болу, көздеген мақсатқа қол жеткізе білуге дағдылану, цитрус өсімдіктерін үйде өсіруге тәжірибе жасау. 
 

Мазмұны

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

2.1. Цитрус өсімдіктері туралы мағлұмат. 
2. 2. Тұрмыста қолданылуы 
2. 3. Цитрус өсімдіктерінің денсаулыққа пайдасы 
2.4. Цитрус  өсімдікті  үй  жағдайында  өсіру.

ІІІ Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Мандарин — цитрустар тұқымдасына жататын мәңгі жасыл аласа ағаш. Отаны Қытай, атауы да қытайлардан келген. Ерте замандарда Қытайдағы бай, ауқатты адамдарға «мандарин» деген лауазым берілген екен.

Ерекшелігі – қыс мезгілінде тұмау, салқын тию және С дәрумені қажетті барлық ауруларға шипа болып табылады. Басқа цитрустарға қарағанда жапырағының сабағы жіңішкелеу және ол ең тез пісетін әрі көп жеміс беретін ағаш. Мамыр – шілде айларында гүлдейді. Гүлі ақ түсті, майда. Қараша – желтоқсан айларында жеміс береді. Мандарин – қоңыржай белдеулерінде өсетін тәтті, сулы және хош иісті жеміс. Апельсинге ұқсас ерекшеліктері бар және айрықша С дәруменіне өте бай. Құрамында А, В, Е дәрумендерімен қоса калций, калий, магний, натрий, темір, бром және фосфор минералдары бар. Ал қабығы Р дәруменіне бай. Пайдалары:

- Қанды тазалайды.
- Жүрек пен тамыр ауруларына қарсы қорғаушы.
- Холестеринді және жоғарғы қан қысымын түсіруге көмектеседі.
- Қан тамырдың қатаю және сал ауруларына пайдалы.
- Жүйкені тыныштандырады.
- Кешкі астан кейін 1-2 дана желінсе, ұйқысыздық ауруына пайдалы.
- Иммунитетті күшейтеді. Жөтелге, тұмауға қарсы пайдалы.
- Ас қорытуды жақсартады.
- Теріні тазартады. Микробтарды жойып, асқазанды жұқпалы аурулардан сақтайды.
- Шөлді жақсы қандырады.
- Қан айналым жүйесін жақсартады.

Мандаринді жеміс күйінде және тосап күйінде жеуге болады. Қабықтарынан эфир майы жасалынады. Қабықтарын үккіштен өткізіп, кекс, торт секілді тәтті тағамдарға қосылып пісіріліп желінсе, жүрек және қан тамырлары ауруларына пайдалы болып келеді.

Негізгі бөлім

Мандарин - жемістің бір түрі. Мандарин (Cіtrus retіculata) — руталар тұқымдасына жататын мәңгі жасыл аласа ағаш. Шыққан жері Үндіқытай, Қытай, Жапония. 1805 жылдан Еуропа елдеріне жерсіндіріле бастады. Қытай, Испания, Мексика, Жапония, т.б. елдердің субтропиктік және тропиктік аудандарында өсіріледі. Биіктігі 2 — 3 м, діңгегінің бұтақтары тармақталып өседі. Сабақтары жасыл. Жапырағы жұмыртқа пішінді сопақшалау келеді. Басқа цитрустарға қарағанда жапырағының сабағы жіңішкелеу және ол ең тез пісетін әрі көп жеміс беретін ағаш. Мамыр — шілде айларында гүлдейді. Гүлі ақ түсті, майда. Қараша — желтоқсанда жеміс береді. Жемісінің салмағы 60 — 80 г, түрі қою сарғыш, дөңгелектеу. Жемісінің шырынында 7,4% қант, 0,8 — 0,9% қышқыл, С және Р витаминдері, ал қабығының құрамында біріктіргіш заттар, көп мөлшерде эфир майы, т.б. бар. Көшеті отырғызылғаннан кейін 3 — 4-жылда жеміс бере бастайды. 1 жылда 10 — 12 жылдық ағаштың 1 га-сынан 500 ц-дей өнім алынады. Суыққа төзімді, жапырақтары –6,5°С-қа дейін үсімейді. Әк және қарашірігі мол құнарлы топырақта жақсы өседі.[1]

Таралуы

Отаны Қытай, атауы да қытайлардан келген. Португалдар қытай феодал, чиновниктерді Мандарин деп атаған екен. Ал осы жеміске тек Мандариндер ғана ие болған. Кейбір елдерде Танжерин деп аталады екен, сондықтан бұл жемістің кейбір гибридтері танжело (мандарин х грейпфрут), тангор (мандарин х апельсин), ичандарин (ичанг х Сатсума мандарині) деп аталады. Сатсума - шемешкісіз мандарин сорты.

Емдік қасиеттері

•    Астма мен бронхиттің бірден бір емі, таңертең 1 стақан мандарин шырынын ішіп тұрсаңыз өкпеңізді тазартады
•    Шөлді жақсы қандырады
•    Жөтелге қарсы пайдалы
•    Мандарин қабығынан тәбет ашу және ас қорыту үшін дәрілер жасалынады
•    Қысқы уақытта адам ағзасына өте пайдалы витаминдерге ие
•    Антимикроптық қасиеттері де бар
•    Мандарин шырыны тері және тырнақтағы жараларды жақсы емдейді

Мандарин қабығының пайдасы Мандарин қабығының пайдасы Мандарин қабығында эфир майы, фитонцид, каротиноид, дәрумен, антиоксидант және басқа да пайдалы заттар көптеп кездеседі. Сондықтан оның қабығын да қажетке жарата біліңіз. Кезекті мақаламызда оның адам денсаулығына пайдасын айтамыз. 1. Ішіңіз кеуіп, дисбактериоз болсаңыз Кептірілген мандарин қабығын кофе ұнтақтағышқа салып ұнтақтап, сүзбе, ботқа секілді тағамдарға 1 шай қасықтан қосып жеңіз. 2. Кеңірдекше қабынуы кезінде Кептіріліп, ұнтақталған 2 ас қасық мандарин қабығына 1,5 стақан қайнаған су құйып, 5 минут баяу жанып тұрған отқа қойыңыз. Дайын болған соң бұл тұнбаны күніне 2-3 рет тамақ ішерден жарты сағат бұрын тұтыныңыз. Міндетті түрде жылытып ішу керек. 3. Жөтел кезінде 2 ас қасық ұнтақталған қабыққа 1 стақан су құйып, бір апта қараңғы жерде сақтаңыз. Содан соң сүзгіден өткізіңіз. Дайын болған соң күніне 3 рет тамақтан бұрын 20 тамшыдан тұтыныңыз. 4. Суық тиіп тұмауратсаңыз, жөтелсеңіз ингаляция жасаңыз. Бір уыс ұнтақталған мандарин қабығын суға салып қайнатып, буымен 10-12 минут дем алыңыз. Бұл әдісті жасаған соң 1-2 сағат салқын жерге шықпай күтініңіз. 5. Тырнақ тез сына берсе Тырнағыңызды кем дегенде күніне 2 рет мандарин қабығымен сүртіп отырыңыз. 6. Шаршағанда, жүйке жүйеңіз жұқарып, күйзеліске түскенде Ұсақ-ұсақ туралған мандарин қабығын көлемі шамамен 10x7 см болатын матадан тігілген қапшыққа салып, өзіңізбен бірге алып жүріңіз. Егер жоғарыда айтылғандай жағдайлар болса, қапшықтағы мандарин қабығының хош иісімен дем алыңыз. 7. Жүрек соғысы артып, артериялық қысым көбейсе, ұйқысыздыққа ұшырасаңыз 1 стақан ұнтақталған қабыққа 3 литр қайнаған су құйып, қоспалы суды қайтадан қайнатыңыз. Ваннаға құйып, осы суға түсіңіз. 2 күнде бір рет ұйықтар алдында осы әдісті пайдаланып тұрсаңыз, аталған аурулардың алдын аласыз.
Мандариннің отаны – Оңтүстік-Шығыс Азия елдері: Үндіқытай, Қытай, Жапония болып саналады. «Мандарин» сөзінің шығу тарихының өзі өте қызық. Ерте замандарда Қытайдағы бай, ауқатты адамдарға «мандарин» деген лауазым берілген. Сондай-ақ, географияны жақсы меңгерген болсаңыз, Үнді мұхитындағы Маврикия аралының бұрынғы атауы Мандарин екенін білетін боларсыз. Жеміс атауы да осы аралға байланысты шыққан деген тұжырымдар бар. Мандариннің көптеген түрі Еуропаға XVI-XVIII ғасырларда жеткізілді. Ел аузында 1840 жылы Италияға мандаринді жеткізген - Мишель Тенор есімді жатпланеталық деген аңыздар да жоқ емес. Қалай болғанда да, мандарин - аз уақыт өтпей жұртшылықтың ең сүйікті жемістерінің біріне айнала шықты. Бүгінде ол апельсиннен кейінгі екінші орында тұр. Бұл екі жеміс алғашында тек қана жылыжайларда өсірілсе, кейіннен Францияның оңтүстігінде, Италияда ашық қабаттарда пайда бола бастады. Мандариннің: танжело (апельсин дәмін еске салады), тангор, натсумикан, сатсума (сүйексіз) деген түрлері бар. Жемісінің шырынында 7,4% қант, 0,8 — 0,9% қышқыл, С және Р витаминдері, ал қабығының құрамында біріктіргіш заттар, көп мөлшерде эфир майы бар. Мандариннің емдік қасиеттері жоқ емес. Біріншіден, ол шөлді жақсы қандырады. Жөтелге де қарсы пайдалануға болады. Астма мен бронхиттің бірден-бір емі, таңертең 1 стақан мандарин шырынын ішіп тұрсаңыз, өкпеңізді тазартады. Мандарин қабығынан тәбет ашу және ас қорыту үшін дәрілер жасалынады. Қысқы уақытта адам ағзасына өте пайдалы витаминдерге ие. Мандарин шырыны тері және тырнақтағы жараларды жақсы емдейді.

1. Мандарин шырыны пайдалы емдәмдік шырын болып табылады. Әсіресе балалар мен ауру адамдарға көп ішкен дұрыс.
2. Ыстық кезде мандарин шырыны шөлді жақсы қандырады.
3. Мандарин демікпе, бронхит ауруларын емдеуде пайдаланылады. Онда ісінуге қарсы емдеуде пайдаланылатын синефрин деп аталатын феноли амин қышқылдары бар. Өкпе шырышын кетіру үшін, күнделікті таңертең бір стақан мандарин шырынын ішу керек.
4. Мандаринннің кепкен қабығын 1:10 мөлшерінде суға қайнатып ішсе, жөтелді басып, қақырықты түсіреді.
5. Асқазан-ішек аурулары іш өтумен ұласқан кезде, мандарин шырыны өте пайдалы.
6. Мандарин қабығы тәбетті ашуға, асқорыту жүйесінің жұмысын жақсарту үшін жасалатын ащы тұнбаның құрамына кіреді. Ондай тұнбаны 15-30 минут сайын 10-20 тамшыдан қабылдайды.
7. Сондай тәбетті ашу үшін, кептірілген мандарин қабығынан қайнатылған тұнбаны ішуге кеңес беріледі.
8. Мандарин шырынын жиі ішу гельминтке қарсы да көмектеседі.
9. Мандарин жемісі қыс кезінде ағзаны дәруменмен қамтамасыз ететін емдімдік жеміс болып табылады.
10. Мандарин адам ағзаның зат алмасуын жақсартады.
11. Мандариннің эфирлі майы көңіл-күйді көтереді.
12. Қант диабеті кезінде мандарин қабығынан қайнатылған тұнба қан құрамындағы қанттың деңгейін түсіреді. 3 мандариннің қабығына 1 л су құйып, 10 минут қайнату керек. Қайнатпаны тоңазытқышта сақтап, күнделікті ішіп тұру керек.
13. Мандарин жемісі мен шырыны құрамындағы фитонцидтердің арқасында микробтарды өлтіретін қасиетке ие.
14. Мандарин шырыны ауыз уылған кезде де жақсы көмектеседі.
15. Мандарин жемісі мен шырыны дизентерия кезінде жақсы көмектеседі.
16. Мандарин шырыны климактериялық жағдайда қанды тоқтату үшін кең қолданылады.
17. Тері аулары кезінде мандарин шырынының құрамындағы фитонцидтердің күштілігі сондай, кейбір грибоктарды жоя алады (трихофтия, микроспория). Грибоктан зақымданған аяқтың терісін емдеу үшін, зақымданған жерді мандарин шырынымен жиі-жиі сүрту керек.
Мандарин шырын осындай емдік қасиеттерге ие бола тұра, адамға зиян келтіретін де тұстары бар. Мандарин асқазан қышқылы жоғары болған кезде, тоқішек ауруын ушықтыруы мүмкін. Сондықтан асқазанда жара болғанда, тоқішек ауырған кезде, басқа да асқазан аурулары кезінде мандарин жемісін жеуге, шырынын ішуге кеңес берілмейді.

Мен үшін Мандариннің шыға бастауы Жаңа жылдың жақындағанын білдіреді. Ең алғаш рет кішкентай кезімде, қалаға көшкен кезімде Жаңа Жыл қарсаңында жедім. Бізге берілетін сыйлықтардың арасында міндетті түрде мандарин болушы еді. Ал ауылда есімде ол кезде мектепте оқитын апайларым әкелуші еді жаңа жыл сыйлықтарын, ол кезде пакет жоқ дәптердің екі бетін жіппен тігіп пакет істейді, барлық тәттілер соған салынады. Міндетті түрде ішінде алма болушы еді. Алма — мен туған ауыл балалары үшін әлемдегі ең тәтті, қол жетпес жеміс болып саналатын еді. Алманы қадірлеп, асықпай жайлап, созып жеуші едік. Кейін қалаға келгесін сүйікті жемісім Мандарин болды. Өкінішке орай сол кезде жағдай солай болды ма тойып жеп көргенім есімде емес, тек ЖЖ сыйлығы ретінде берілген кезде оны да асықпай бөліп бөліп жеуші едім. Қазір сол қасиетті мандариннің бұрынғыдай қадірі жоқ сияқты. Тәтті сыйлықтар да бұрынғыдай қолдан жасалынбайды, кез келген жерде дайын түрде сатылады.

Апельсин  отаны – Оңтүстік  Қытай.  Ол  туралы  алғашқы  деректер  2200  жыл  бұрын  хатқа  түскен Қытай  жазбаларында  кездеседі.  Онда  апельсин  мен  мандариннің  27-ге  жуық  түрі  көрсетілген  екен.  Жеміс Қытай жерінен Үндістанға, содан кейін Египетке таралады. Ғылым апельсиннің шығу тарихы туралы осылай деп сыр шертеді. Еуропаға апельсин ХV ғасырларда ғана жетті. Оны 1429 жылы Үндістаннан жеткізген - саяхатшы Васко да Гама.

Көптеген халықтарда апельсин – ырыс пен ынтымақтың нышаны. Мәселен, қытайлық тұрғындар апельсин ағашы өсіп тұрған үйде бақыт пен береке патшалық құрады деп сенеді. Сондықтан олар өздерінің ең жақын адамдарына апельсин ағаштарын сыйға тартады. «Апельсин» сөзін неміс тілінен аударатын болсақ, «Қытай алмасы» деген мағынаны білдіреді.

Апельсин – руталар тұқымдасының цитрус туысына жататын жеміс ағашы. Шыққан жері – Оңтүстік Қытай және Үндістан. Апельсин – жемісі тәтті қышқыл, жапырағы жылтыр қабықты ағаш тәрізді өсімдік. Басқа цитрустар сияқты апельсинде жарық күнді, ылғалды ауаны ұнатады. Жерорта теңізі, Түркіменстан, Иран секілді мемлекеттерде жеміс ағашы санатында аулада өсіріледі. Ауа температурасы -50С-дейінгі төменгі суыққа шыдай алады. Жемісті мол салатынымен ерекше. Табиғатта 8-10м биіктікке жетіп, 4 метрге жайылып өседі.Үй жағдайында 1,5-2,5м биіктікте өседі. Өте жай өсетіндіктен, қанша уақыт өтсе де пішінін бұзбайтындықтан, үй жағдайында сәндік мақсатта өсіреді. Апельсин жылына бір рет наурыз айында гүлдейді. Гүлдері ақ түсті, бес күлтелі, керемет хош иісті. Гүлдеп болған соң түйін салып, жеміс береді. Бірақ, жемісін қараша айының екінші жартысынан наурыз айына дейінгі аралықта жинайды. Үй жағдайында өсетін апельсиндер дұрыс күтім көрсетілсе ғана гүлдеп, жеміс береді. Ыдыста өсірілген апельсинді жыл сайын күзде ыдысын ауыстырып, қайта отырғызу керек. Өсімдіктің жас көшеті 7-8 жылдан соң ғана жеміс береді.

Апельсиннің тәтті және ащы түрі бар

Тәтті апельсин жабайы түрінде кездеспейді. Биіктігі 10-12м, жапырағы қалың, сопақша, жоғары жағы сүйірлеу болып келеді. Гүлдері қос жынысты, ақ, жұпар иісті, гүл шоғырына бірден, кейде бірнешеуден орналасады. Жемісі көп ұялы, сұрпына байланысты сыртқы түрі, түсі (ақшыл сарыдан, қызыл сарыға дейін) әртүрлі болып келеді. Тәтті, шырынды. Жемісінің орташа салмағы 50-400г, құрамында 75-88%су, 8-9% қант, 1.06-1.97% қышқыл, 70мг С витамині, 0.9% илік заттар болады. Өсу жағдайына байланысты 2-3 кезеңге бөлінеді. Апельсин жыл бойы өсіп, гүлдеп жеміс береді. Әр гектардан 20-25т өнім алынады. Апельсин тұқымынан және ұластыру арқылы көбейеді. Тұқымынан егілсе 10-15 жылда, ал ұластырылғанда 3-4 жылда жеміс береді. Жемісін сол күйінде немесе қайнатып кондитерлік (варенье, джем, шырын, т.б.) тағамдар жасап жеуге болады.

Ащы апельсиннің биіктігі аласа 6-8м болып келеді. Тікенекті бұтақтарының ұзындығы 6-8см, жемісінің сыртқы қабығы жылтыр, қызғылтым сары, бедерлі, шырыны өте ащы болады. Жемісі көбінесе, эфир майын алу үшін пайдаланылады, сондай-ақ тағам, кондитер және иіс су өнеркәсібінде қолданылады.

Апельсин – жылусүйгіш өсімдік. -5ºС температурасында жапырақтары түсе бастайды, ал -8ºС, - 9ºС-ге жеткенде, ағаш өліп қалады. Өсіп тұрған жері қолайлы болса 75 жасқа дейін өмір сүреді. Апельсиннің селекционерлер шығарған сұрыптары өте көп, жылда 10-15 шақты жаңа сұрыптары шығып жатады.

Апельсиннің сұрыптары 3 топқа бөлінеді: кәдімгі — қабығы қызғылт сары, жемісі ашық қызғылт сары; королектер— ашық қызғылт сары қабықты, қызыл немесе қызыл тамырлыжемісті; сабақты — жоғары жағында негізгі жемістің қабығынан сәл шығыңқы жетілген жемісі бар. Кәдімгі апельсиннің қанты мол, жемісі шырынды. КСРО-да мынадай сұрыптары өсіріледі: Королек 100, Вашингтон Навел, Тладкокорый (Вашингтон Навел гладкокорый), Первенец.

Цитрус өсімдіктерін өндіруші елдер: Бразилия, АҚШ, Мексика Үндістан, Қытай, Испания, Италия, Иран, Мысыр, Пәкістан 

Тұрмыста  қолданылуы

Цитрус өсімдіктері шырын мен тағам түрінде ғана емес, тұрмыста да көп қолданылады. Түрлі үй тазалауға, ыдыс жууға, ауаны хош иістендіруге арналған заттарға қосылады. Адам гигиенасына арналған заттардағы цитрус өсімдіктерінің қоспалары денсаулыққа пайдалы.
Тұрмыстық заттарға қосылуы:  иіс сабын, кір жуғыш ұнтақ,  сусабын, тіс пастасы,  иіс су, ылғалдандырғыш сүлгі,  хош иістендіргіш,  тазалағыш заттар,  хош иісті кір шайғыш,  жақпа майлар т.б.

Сонымен  қатар  апельсинды  күнделікті  тұрмыста  көп  қолданамыз. Салат түрлеріне, шырын жасауға, тосап қайнатуға пайдаланамыз. Мен  үйде анаммен бірігіп апельсин шырынын үнемі жасап ішемін. Дайындау тәсілі: 2 дана апельсинді  мұздатқышта сәл мұздатып сонан ет тартқыштан өткізімізде лимон қышқылын, секер және  2 литр су құямыз.

Барлығын араластырып 45 минутқа қойып сүзіп аламыз. Осымен шырын дайын. Цитрус өсімдіктерінің шырыны табиғи дәрумендерге өте бай, адамның көңіл-күйін көтеріп, сергітеді. Шырынның адам ағзасына әсері мол. Апельсин жемісінің қабығы витаминге аса бай, бірақ ашқылтым дәмі бар. Жемісін  жаңа  піскен күйінде пайдаланады, одан  қайнатпа,  компот, цукат  жасайды. Апельсиннің қабығын кептіріп анам үйде  цукат  жасайды. Әкем  осы  апельсин цукатымен шай ішеді.
Цитрус өсімдіктерінің денсаулыққа пайдасы (апельсин)
Апельсиндерде С дәрумені көп. Сондай-ақ ол фолий қышқылына да бай. Жуырда ғалымдар Р450 цитохромның кейбір энзимдерін басатын цитрустардың бірнеше биофлавоноидтерін анықтады. Энзимдердің бірі Р450 - 1В1 цитохромы ағзада темекінің түтінін, пестицид пен басқа да заттарды белсенді етуі мүмкін, соның нәтижесінде олар канцерогендерге айналады. Апельсин шырынында көп болатын хеспетерин, биофлавоноидтер Р450 - 1В1 –ң проканцерогендермен метаболизациясын азайтады, бұл олардың канцерогендерге айналу қаупін айтарлықтай төмендетеді.

Апельсин құрамында А, С,В1, В2, РР дәрумендері, магний, фосфор, натрий, калий, кальций және темір сынды микроэлементтер бар. 150 грамм апельсин құрамында 80 мг аскорбин қышқылы кездеседі.

Апельсин - адам ағзасына, әсіресе жүрек-қан тамырлары, жүйке жүйесіне аса қажет жеміс. Апельсин шырыны ағзадағы зат алмасу процесін жақсартады. Қант диабеті ауруына шалдыққан адамдарға апельсинмен, оның шырынымен айнымас дос болуға кеңес берер едім. Авитаминоз, шаршап-шалдығу кезінде де осы жемістің көмегіне жүгінсеңіз, өкінбейсіз. Жеміс адамның тәбетін ашып, безгекке ұшырағанның ыстығын алады.

Цитрус өсімдіктері адам ағзасында кездесетін түрлі ауруларға емдік дәрі-дәрмектер ретінде көп пайдаланылады. Соңғы кездегі халық медицинасы осы өсімдіктердің қасиеттеріне көп сүйенеді. Суық тию, бас ауыру, бауыр, өкпе, жүрек, қан тамырлары, демікпе сияқты ауруларға арналған арнайы рецепттер бар.  Апельсиннің құрамында аскорбин қышқылы мол  болғандықтан ол қырқұлақтың бірден-бір емі. Шала піскен апельсинді қабығымен суда қайнатып, жатырдан қан кеткен кезде қолданады. Күніне бірнеше апельсин жеп тұмаудың алдын алуға, ішек қызметін жақсартуға болады.  Апельсин қабығын езіп, дене қалтырағанда қолданады. Ондайда күніне 3 рет жарты шай қасықтан тамақтан 30 минут бұрын жейді.

Апельсинді қалай таңдаймын?

Апельсин таңдаудың ең тиімді жолы – оны қолмен ұстап көру. Апельсин неғұрлым ауыр болса, соншалықтышырынды әрі дәмді болмақ. Сондай-ақ, орташа жемістер үлкендеріне қарағанда тәттірек болатындығын есіңізден шығарып алмаңыз. Қарашаның соңы мен желтоқсанның басында жиналған апельсиндер ең сапалы әрі ұзақ уақытқа жақсы сақталады.

Цитрус өсімдікті үй жағдайында өсіру.  (апельсин)

Зерттеу кезінде

Бөлме жемістерінің басты күтімі туралы мәлімет жинап алдым. Цитрус ағаштары үй жағдайында өздігінен жапырақ түсіреді. Бұл жағдай ас, қонақ бөлмелеріндегі жеміс ағаштарының жанына алма, алмұрт қойылса жиі болады. Себебі, дәнді жемістерден этилен бөлініп шығып цитрустарға кері әсерін тигізеді. Соның салдарынан цитрустардың жапырақтары түгелімен түсіп қалуы да мүмкін. Ал, кейде апельсинді гүлдетіп жеміс беруі үшін апельсин ыдысының жанына екі дана алманы қойып, сыртын полиэтиленмен жауып қойса, өсімдік алмадан бөлінген этиленнің көмегімен жеміс салады. Осылайша үйде өсірілетін жемістер үшін алманың оң, кейде кері әсері бар. Бөлмедегі ауа температурасы 100С төмен болған жағдайда цитрус ағаштарының жапырақтары, жемістері түсіп қалады. Қыс кезінде ауа температурасы олар үшін 12-180С-тан аспау керек. Цитрустардың гүлдері жыл бойы қалыптасады, әсіресе көктемде тез гүлдейді. Гүл түйнегі пайда болған соң бір ай бойы жетіледі, сосын гүл ашады. Гүлдері нәзік хош иісті болады. Түйнек салу мен гүлдеу үшін қалыпты температура +16…+18°С. 
Цитрус өсімдіктердің құрамында 0,9% пайыз илік, 75-88 пайыз су, 70мг дәрумен, 1,06-1,97 пайыз қышқыл, 8-9 пайыз қант бар. 
Жемістерінің түстері қызғылт сары және сары болады. 

Біздер жанұямызда апельсин жемісін жиі пайдаланатындықтан осы апельсин жемісін үй жағдайында өсіріп көрсем қалай болар екен  деген қызығушылығымнан осы жобамды бастадым. Ең  алдымен жеміс-жидек сатылатын дүкен сатушыларынынан сұрастырып көрдім. Олар тек сатып алып сататын болғандықтан адамға пайдасы мол дегеннен басқа  мағлұмат берген  жоқ. Сонан соң  интернет  желілерінен қарап үй жағдайында өсіруге болатынын білдім. Бір апельсинді  жеп ішінен шыққан дәнін қарап отырып біреуін шағып көрдім,  ішінде жұмсақ ақ дәні бар екен, дәмі сәл қышқыл. Қалған дәндерді кептіріп қойдым. 

Келесі күні дәндерді сүйір жағын топыраққа 1-2 см тереңдікте көмдім.  Бұл жұмысты бастаған күнім 12 қазан 2014 жыл кешкі  сағат  18.25 болатын.            

15 күннен соң тұқыммен бірге өскін көріне бастады. Өскін бетіне шыққаннан кейін 2-3 күн өткен соң сабақ пайда болды. Арасына  4  күн салып су құйып тұрдым.

Бір айдан соң сабағы 6-7 см-ге  жетті.  Содан кейін  бір-бірлеп жылтыр жасыл жапырақтар шыға бастады. 4 күн сайын су құйып,  өсімдіктің өсуіне жағдай жасап отырдым. 

12 желтоқсан күні  жылтыр жапырағын өлшеп қарадым. Сабағының ұзындығы 13 см-ге  өсіпті.  Жұмысымның нәтижесіне көңілім  толып  апельсин жапырағына қарап отырып әңгімелесемін, ән саламын. Сол кездердің бірінде

Сіңірген күн жарығын,
Аумайтұғын сары күн.
Эфир майы бар онда,
Дәрі дейді қабығын.
Қабығын да аршыдым,
Дәмі қандай бал шырын.
Екінші аты бар оның:

«Алмасы Қытай» халқының деп өсіріп отырған апельсинге тақпақта айтып қоямын. «Гүлдермен сырлассаң жақсы өседі»  деп анам  айтушы  еді.

Үшінші айда сабағының ұзындығы 16 см-ге жетті. Қыс  мезгілі болғандықтан апельсиннің өсуі баяулай  бастады. Себебі  қыс мезгілінде үйге жылу берілгендіктен үйдің ауасы құрғақ болып кетеді. Осыған байланысты үй жағдайында өсетін апельсиндердің өсуі баяулайды.  Бірақ күн жылына апельсиннің өсу қарқыны өзгерді. Күннен – күнге көз тартатын әдемі жылтыр жасыл жапырақтары көбейіп келеді.  Қазіргі кезде биіктігі 24 см-ге жетті. 

Міне менің зерттеу жұмысым. Бұдан өзіме түйгенім қай бастама жасасаңда әуелі эксперимент жасау керектігіне көзім жетті. 

Қорытынды 
Осы ғылыми жоба бойынша жұмыс істеу кезінде мен цитрус өсімдіктері туралы көп білдім. Бұл өсімдіктерді үйде де өсіруге болады екен. Апельсинді өсіру кезінде көп мәліметтермен таныстым. Бұрын тек жеуді білген апельсинімнен әртүрлі нәрселер жасауға да тамаққа да,  емдік шараларға да қолданатынын ұқтым. Интернет желісі арқылы ақыл-кеңестер, газет-журналдардан мағлұматтар жинадым.   Қандай дәрумендер мен қоректендіруді үйрендім. Қазіргі таңда осы бағытта өсіріп жатырмын. Жақын арада жеміс бермесе де  болашақта осы жоспарыммен баптап күтсем жақсы нәтиже береді  деп ойлаймын.

Мен өскенде бұл жұмыстардың шебері болғым келеді. Бұл жұмыс мені көп ізденуге, шыдамдылыққа, алға қойған мақсатыма жетуге үйретті. 
 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1. Биолгия оқулығы
2. Журнал «Добрые советы» 
3. «ЗОЖ» газеті 
4. «Айгөлек» журналынан ақпараттар (авторлар: Р.Әлімқұлқызы, Б.Дүйсебайқызы, Е.Тұрбекқызы) 
5. Интернет материалдарынан мәтіндер, суреттер.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама