Табиғаттағы қауіпсіздік ережесі
Табиғаттағы қауіпсіздік ережесі
Ересек топ тәрбиешісі.
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің түрі: Қоршаған орта
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Табиғаттағы қауіпсіздік ережесін сақтауға үйрету. Отпен ойнамау, өздеріне таныс емес саңырауқұлақтар мен жеміс – жидектерді теріп жемеудің қажеттілігін түсіндіру.
Тәрбиелілік: Балаларды көктемгі табиғат ерекшелігін сезінуге үйрету, көктем мезгілін басқа мезгілдерден айыра білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Балаларды табиғатты аялай білуге, орманға барғанда ережелерді сақтауға дағдыландыру. Тақпақ айтып сөздік қорын байыту.
Балалардың белсенділігін арттырып, табиғатқа қамқор болуға баулу.
Сабақтың көрнекілігі: Слайд, үнтаспа, видео, сиқырлы жолдар, орман көрінісі.
Сабақтың барысы:
Тәрбиеші:
- Қане балалар, біз бір - біріміздің қолымыздан ұстап шаттық шеңберіне тұрайық.
Балалар мен сендерді «шаттық шеңберіне» шақырамын. Кәнеки, бір – бірімізбен,
қонақтармен амандасайық!
Шаттық шеңбер:
Армысың, Әлем!
Армысың, Жарық аспан!
Армысың, құрметті Қонақтар!
Армысың, менің достарым!
Тәрбиеші:
- Балалар, бүгін аптаның қай күні?
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем мезгілінің неше айы бар?
- Қазір көктемнің қандай айы?
Тәрбиеші: Балалар сендер орманда жүру ережесін білесіңдер ме?
Балалар:
- Орманда шуламау керек. - Бір - бірінен қалмай жүру керек.
- Айқайлап өлең айтпау керек, себебі құстар, аңдар шошып кетеді.
- Бұтақтарды сындырмау керек.
- Құстарды өлтірмеу керек.
- Ағаштарды, гүлдерді жұлмау керек.
- Орманға қоқыс тастауға болмайды.
- Отпен ойнамау керек. От жаққан болса, кетер кезде сөндіріп кету керек. Әйтпесе өрт шығуы мүмкін.
- Өзі білмейтін саңырауқұлақтар мен жеміс – жидекті теріп жемеу керек.
- Үшкір заттармен ойнамау керек.
Тәрбиеші:- Жарайсыңдар, балалар сендер орманда жүру ережесін біледі екенсіңдер. Олай болса мына сиқырлы жолдармен орманға саяхатқа барайық.
- Мына жолдың түсі қандай балалар?
Балалар:
- Мына жол қызыл түсті.
- Бұл түс қай жыл мезгілін білдіреді?
- Бұл түс жаз мезгілін білдіреді.
- Бұл жол ұзын ба, қысқа ма?
- Бұл жол ұзын.
Тәрбиеші:
- Балалар маған күз мезгілінің түсін білдіретін жолды тауып беріңдерші?
Балалар:
- Күз мезгілінің жолы сары.
Тәрбиеші:
- Неге күз мезгілінің жолы сары түсті?
Балалар:
- Себебі күз мезгілінде ағаштардың жапырақтары сары түсті.
Тәрбиеші:
- Мына жол қай түсті?
Балалар:
- Бұл ақ түсті. Бұл қыс мезгілін білдіреді.
Тәрбиеші:
- Бұл жол кең бе, әлде тар ма?
Балалар:
- Бұл жол кең екен.
Тәрбиеші:
- Ал, соңғы жолдың түсі қандай және неге ұқсайды?
Балалар:
- Жасыл түсті. Шөптердің түсі сияқты.
Тәрбиеші:
- Балалар көктем мезгілінде қандай ерекшеліктер болады?
Балалар:
- Жер беті жасыл шөпке толады, құстар ұшып келеді. Адамдар жеңіл, жұқа киінеді.
Ағаштарға бүршіктер шығады. Алғашқы гүлдер бәйшешек, қызғалдақ, сарғалдақ
шығады.(Балалар көктем мезгілі жайлы тақпақтарын айтады.)
Балалардың тақпағы:
1. Шырайлым.
Табиғат біздің анамыз
Табиғатқа баламыз
Иіліп сәлем береміз
Біз әдепті баламыз.
2. Жанерке.
Бүршік шашып, жапырақ ашып,
Даланы гүлдер басады.
Сұлу көктем есігін ашып,
Шуағын бізге шашады.
3. Айкөркем.
Жасыл көктем келеді
Самал беттен өбеді.
Көкте бұлттар көбейсе
Мөлдір тамшы төгеді.
Тәрбиеші: Міне, балалар орманға да келіп жеттік. Енді мен сендерге жұмбақ жасырайын деп едім.
Жұмбақтар шешу.
1. Екі басы жұдырықтай
Ортасы қылдырықтай
/Құмырсқа/
2. Гүл ұшып гүлге қонады,
Гүл бақшам гүлге толады.
/Көбелек/
3. Біз жаздық аулдың қонған текшесіне,
Етіктің жез қақтырдым өкшесіне.
Айуанда төрт аяқты бір нәрсе бар,
Бөренесін байлаған бөксесіне.
/Инелік/
Тәрбиеші:
- Балалар, бұларды жалпы қалай атаймыз?
Балалардың жауабы:
- Жәндіктер.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Балалар бұлар жәндіктер. Енді тағыда жұмбақ жасырайын.
1. Кішкене ғана түйме тас,
Атан түйе тарта алмас.
/Кене/
2. Ізі бар,
Адымы жоқ.
/Жылан/
Тәрбиеші:
- Балалар, бұлар зиянды жәндіктер өте қауіпті, сондықтан олардың шағып алуынан сақтанып жүру керек.
Тәрбиеші:
- Балалар, мына құстарды білесіңдер ме?
Балалардың жауабы:
- Сары шымшық, торғай, тоқылдақ, бұлбұл, көгершін, қарға т. б.
Тәрбиеші: Дұрыс, балалар бұлар орман құстары. Біз құстарды аялап, қамқорлық жасап, күтуіміз керек. Бұл құстар табиғатқа әсем көрік береді.
- Құстар туралы тақпақ білесіңдер ме?
Балалардың тақпағы:
1. Ибрахим.
Тоқылдақтар тоқылдап
Ешбір тыным көрмейді
Ағашты қанша тессе де,
Жұмысы бір өнбейді.
Атырау қаласы,
КМҚК №25 «Еркемай» балабақшасы
Ундаганова Айсұлу Хамитовна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.