Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Бақшаға келемін
Бақшаға келемін
Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Музыка
Мақсаты: Балалардың балабақша туралы түсініктерін қалыптастыру, кеңейту, көңіл күйлерін көтеру. Әннің сөздерін анық, бір қалыпта, таза айтуға және әнді бірге бастап, бірге аяқтауға жаттықтыру; Әнді аяғына дейін тыңдап және мінезін айыра білуге үйретуді жалғастыру; Әнді көңілді, қуанышты орындауға, талпындыру; Музыкаға сәйкес би қимылдарының элементтерімен таныстырып, биге деген қызығушылықтарын арттыру. Ойын арқылы балалардың эмоциясын ояту.
Балаларды сыйластыққа, мейірімділікке, бір - бірімен дос болуға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: Балабақша, тәрбиеші, тал - терек, желпиді желегін, ертерек.
Билингвальді компонент: Балабақша.
Керекті құралдар: сиқырлы орамал, қуыршақ, алмалар, кәрзенке.

Жүру барысы:
(Балалар көңілді әуенмен залға кіріп, шеңберге тұрады)
Тыныштық сәті:
1, 2, 3 көзімізді жұмамыз.
Балалар денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп ыңғайланып тұрыңдар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, сезімге, тыныштыққа толы шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.

Коммуникативтік, валеологиялық ойын - "Сәлеметсіз бе?"
Сәлем менің қолдарым! – Қолдарын жоғары көтеріп, буыннан айналдырады.
Тарс - тарс - тарс! - 3 рет алақандарын соғады.
Сәлем менің аяқтарым! - Серіппе.
Топ - топ - топ! – Аяқтарын топылдатады.
Сәлем менің беттерім! – Беттерін сипайды.
Шақ - шақ - шақ! – Беттерін 3рет шапалақтайды.
Томпақ - томпақ беттерім! – беттерін жұдырықтарымен сипайды.
шақ - шақ - шақ! - Беттерін 3рет шапалақтайды.
Сәлем менің ерінім! – Бастарын оңға, солға шайқайды.
Чмок - чмок - чмок! – 3 рет еріндерін көрсетеді.
Сәлем менің тістерім! - Бастарын оңға, солға шайқайды.
Тарс - тарс - тарс! - 3 рет тістерін қағады.
Сәлем менің мұрыным! – Мұрынын сипайды.
Бип - бип - бип! – Мұрынын сұқ саусағымен көрсетеді.
Сәлеметсіздер ме, қонақтар! – қонақтарға амандасады.
Сәлем! – Қолдарын бұлғайды.
Саз жетекші: балалар сендер таңертеңгілік, тәтті ұйқыларыңнан тұрып қайда келесіңдер?
Балалар: Балабақшаға.

Саз жетекші:
Таңертең ертемен тұрамын,
Бетімді, қолымды жуамын,
Киініп алып, томпаңдап,
Балабақшаға келемін!

- Балалар, сендер балабақшаға тез жету үшін көлікке мінесіңдер, солай ма?
- Олай болса, қазір көлікке мініп, әнмен бірге қимыл жасайықшы.
Ән: «Машина»
(балалар машинаның қимылын жасап, әнді орындайды)

Саз жетекші: - Міне, балабақшаға да келіп жеттік!
- Балалар, сендерге балабақша ұнай ма?
- Балабақшада не үйренесіңдер?
- Ал, балалар сендер балабақшада немен шұғылданып жатырғандарыңды көргілерің келе ме?
(Балаларды отырғызып, слайд көрсету)

Бізге тәртіп үйреткен,
Ән салдырып үйреткен
Әріптермен, суретпен
Таныстырған біздерді
Ол кім?
Балалар: Тәрбиеші апайлар.
Саз жетекшісі: Дұрыс айтасыңдар балалар! Ал, біздің балабақшамыз қалай аталады?
Балалар: «Ақбота»
Саз жетекші: Ал, тәрбиеші апайларыңның аттарын білесіңдер ме?
Балалардың жауабы.
- Балалар, білесіңдер ме, музыка әр түрлі көңіл кү береді деп айтып едім ғой, мысалы сендербала бақшаға келгенде қандай көңіл күйде келесіңдер?
Балалар: - Көңілді.
Саз жетекші: - Қазір мен мен сендерге ән орындап, айтып беремін, мұқият тыңдаймыз. (Балаларға балабақша туралы слайд көрсету)
Ән тыңдау: «Балабақша». Әні: К. Қуатбаев.
- Ән қандай көңіл күйде орындалды? (балалардың жауабы)
- Әнде не туралы айтылған?
Саз жетекші: Ал, енді балалар «Бақшаға келемін» атты жаңадан ән үйренеміз. Балалар ән айтпас бұрын кәне, дауысымызды жаттықтырып алайықшы!
Дауыс жаттығуы: «Күзгі жапырақтар»
Ән айту: «Бақшаға келемін» Әні: Ө. Байділдаев.
Әнді алдымен саз жетекші орындап береді.
- Әнде не туралы айтылды?
- Бақша сендерге ұнай ма?
- Ән көңілді ме, көңілсіз бе?
(Әннің бірінші шумағын үйрету)
Қызықты сәт.
Есік соғылады: Тук, тук, тук.
Саз жетекші: - Кім болды екен, біреу есік соғып тұрған сияқты ғой?
(Есіктің сыртынан қуыршақ Ақмаралды алып келу)
- Балалар, бізге қонақ келді!
Қуыршақ: - Сәлеметсіңдер ме, балалар? Менің атым – Ақмарал, мен сендермен ойнауға қонаққа келдім. Мен құр келген жоқпын сиқырлы орамалымды ала келдім!
Саз жетекші: Кәне, балалар қуыршақ Ақмаралмен амандасайық.
Балалар: Сәлеметсің бе!
Саз Жетекші: Ал сендер қуыршақ Ақмаралмен ойнағыларың келе ме?
Ойын: «Сиқырлы орамал».
Саз жетекші: - Балалар қараңдар Қуыршақ Ақмарал сендерге көп алма сыйлады. Қуыршақ Ақмарал саған көп - көп рахмет!
Қуыршақ: Балалар, сендерге де, рахмет, маған өте ұнады, көңілім көтерілді.
Саз жетекші: Балалар енді, қуыршақпен бірге «Достасамыз» биін билейікші
Би: «Достасамыз». Муз: Р. Рустамов.
Саз жетекші: Балалар сендер өте тамаша биледіңдер, балабақшада бір - біріңді ренжітпей осылай дос болып жүріңдер!
Саз жетекші: Балалар бүгінгі іс - әрекетімізде не үйрендік? Қандай ән тыңдадық? Қандай ән жаттадық? Бізге кім келді? Қандай ойын ойнадық? Биіміз қалай аталады? Балалар бүгінгі оқу - іс әрекеті сендерге ұнады ма? Балалар сендер өте тамаша қатыстыңдар, сау болыңдар балалар!
Балалар қоштасып шығып кетеді.

Атырау қаласы,
КМҚК №25 «Еркемай» балабақшасы
Умирзахова Эльмира Сиратовна
Саз маманы

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама