Табиғаттың құпия сырлары
Табиғаттың құпия сырлары"
Мақсаты:
Білімділігі. Оқушылардың табиғаттың сан түрлі сырлары жайлы білімдерін тереңдетіп, олардың зиянды заттардан табиғатты қорғауға деген көзқарастарын қалыптастыру, қоршаған орта туралы ой қозғау, өмірге деген көзқарастарын қалыптастыру;
Тәрбиелігі. Оқушыларды табиғатты қорғауға, денсаулықты сақтауға, тазалыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке,, құқықтық, адамгершілік тәрбие беру;
Дамытушылығы. Қоршаған дүние туралы сезімдерін қалыптастыру. Зиянды заттардан ортаны, табиғатты қорғай білу сезімдерін дамыту. Оқушылардың тіршілік иелеріне жанашырлық таныту.
Қажетті құралдар: слайд, плакаттар, сөзжұмбақтар, төсбелгі, суреттер көрмесі, макеттер, сынауықтар, сурет құралдары, буклеттер, лабораториялық құралдар
Сайыс шарттары:
1 - кезең ־ Таныстыру
2 - кезең - “Білгенге маржан“
3 - кезең - “Шебер қолдар“
4 - кезең - “Сөз ойла, тез ойла “
5 - кезең "Ойлан тап"
6 - кезең "Биология ғажайыптары"
7 - кезең "Өнерлі өрге жүзер"
Сайысымыз басталмас бұрын әділ болу үшін әділ қазылар алқасын сайлап аламыз.
«Таныстыру» кезеңі бойынша әр топ өздерін таныстырады.
6 - класс төсбелгісі
Қош келдіңіздер бүгінгі міне, сайысқа
Мақсатымыз бірінші орын алу сайыста
Топтың аты “Табиғаттың жаршысы”
Қарсыластар қане бізден қалыспа.
Топ басшысы мен боламын Айдана
Табиғатты ойлап жүрем қайдада,
Өнерлі қыз бар, оның аты Арайлым
Табиғатқа шашады ол арайын,
Жақсы көретін түсі ғана жасыл тек
Табиғатты аялайды Ғасырбек,
Табиғатты бағалайтын “алтын” деп
Тобымыздың бір мүшесі Алтынбек
Табиғатты аялайық бәріміз
Оған үлес қосамыз жас - кәріміз
Табиғатқа әрқашанда қарайлап,
Ата берсін таңдарымыз арайлап.
II - кезең «Білгенге маржан»
5 - класқа арналған сұрақтар
1. Топырақтану ғылымының негізін салған орыстың жаратылыстанушы ғалымы?
2. Ішкі теңіздерге қандай теңіздер жатажы?
3. Табиғи жолмен жасалған арна арқылы ағатын су қалай аталады?
4. Дүние жүзіндегі ең суы мол өзен қалай аталады?
5. Жауын шашының түсуі, желдің бағыты, жылдамдығы, температураның және ауа қысымының өзгеруі қалай аталады?
6. Дыбыстық құбылыстарға не жатады?
7. Қалалардың үстінен басып тұрған тұманды қалай атайды?
6 - класқа арналған сұрақтар
1. Қызыл кітаптың тұңғыш басылымы екінші, үшінші басылымы қай жылы жарық көрді?
2. Микроскоп неше есе үлкейтіп көрсетеді?
3. Пиязшықтары арқылы көбейетін өсімдіктер қалай аталады?
4. Аналықтың құрлысы қандай бөліктерден тұрады?
5. Дара жарнақты тұқымның құрлысы қандай?
6. Бунақденелер арқылы өсімдіктер қалай тозаңданады?
7. Жапырақтың орналасуына қарай нешеге бөлінеді?
7 - класқа арналған сұрақтар
1. Бактерия грек тілінен аударғанда қандай мағына береді?
2. Қазақстандағы жануарлар туралы жазба деректер тастаған ғалымдар?
3. Саңырауқұлақ денесі қандай бөліктен тұрады?
4. Қарабидайды ең алғаш қай кезеңнен бастап алды?
5. Алқа тұқымдасына қандай өсімдіктер жатады?
6. Май алу үшін өсірілетін өсімдіктер
7. Қынаның қандай емдік қасиеті бар?
8 - класқа арналған сұрақтар
1. Көзге шаң тозаң түскенде болатын ауру
2. Адам бұлшық етінде түзілетін ақуыз
3. Ауыз қуысындағы үш бұлшық етін атасаңыз?
4. Адамда қандай ішкі секрециялық бездер бар?
5. Бас қаңқасына жататын сүйектер қалай аталады?
6. Жүрек қандай бұлшық еттен тұрады?
7. Адам жүрегі минутына неше рет жиырлуы керек?
III - кезең «Шебер қолдар» әр топ өзіне берілген үй тапсырмасын қорғайды.
5 - класс Көктем мезгілі
6 - класс Жаз мезгілі
7 - класс Күз мезгілі
8 - класс Қыс мезгілі
IV - кезең «Сөз ойла, тез ойла» кезеңі бойынша әр топқа берілген сөздердің ішінен бірнеше сөз биология тұрғысынан ойлап шығару.
5 - класс Саңырауқұлақтар
6 - класс Жорғалаушылар
7 - класс Қосжарнақтыар
8 - класс Даражарнақтылар
Мысалы: Саңырауқұлақтар
Саңырау, ауа, құлақ, лақ, тары, ара, ақ, ұлар, құр, аң, арқар, ұл, құрт, қан,
V - кезең «Ойлан тап» бұл кезеңде топ басшыларына тапсырма беріледі. Соны дұрыс, ұқыпты, тиянақты бітіріп шығу керек.
Суреттердің жалғасын табу.
VI - кезең «Биология ғажайыптары»
Бұл кезеңде әр топқа берілген тәжірибелерді бітіру. Жазылған шарты бойынша орындап, нәтижесін талқылап, әділ қазыларға түсіндіру. Қандай үрдістің болып жатқанын.
5 - класқа
Темірдің және бордың ұнтағын бір бірімен араластырып, темірдің ақшылдау, бордан күңгірттеу түс пайда болады.
Енді олардың бір-бірінен ажыратудың қандай жолдарын ұсынуға болады?
6 - класқа
Ішінде суы бар ыдысқа бір тамшы сия құйып, араластырсақ, сия тез арада сумен араласып, ыдыстағы су түсін өзгертеді. Себебі неде?
6 - класқа
Микроскоптың құрлысын жүйелі түрде талқылап, микро препарат жасаудың жолдарын түсіндір.
7 - класқа
Қантты ортаға ашытқы саңырауқұлағын байқап көріңдер. Ол үшін екі ыдыс алып (банка, құты) екеуіне бірдей жылы су, оған бірдей етіп нан ашытқысын салып, араластырыңдар. Біреуіне аздап қант қосыңдар. Екіншісін сол күйінде қалдырыңдар. Сөйтіп екеуінің бетін жауып жылы жерге қойыңдар. Ішінде қанты бар ыдыс көпіреді. Бетін ашып жанған шырпыны жақындатсақ өшіп қалады. Екінші ыдыста ашу жүрмейді. Бетін ашып шырпыны жақындатсақ жана береді. Бірінші, екінші ыдыста болған өзгеріс. Не байқадың.
8 - класқа
Тамырдың соғуын есептеп үйрену.
Тамырдың соғуы жүректің жиырылу жиілігі екенін түсіну. Оның әр түрлі жағдайдағы жұмысының ерекшеліктері туралы қортынды жасау.
Кәрі жілік сүйегінің білезік маңынан тамырдың соғуын есептеп үйрену.
1 минуттағы а) отырып есептеу ә) тұрып есептеу б) 20 рет отырып тұрғаннан кейінгі есептеу.
Соңғы кезең аяқталғаннан соң сөз кезегі әділ қазылар алқасына беріледі. Әділ қазылар алқасы әділ бағаларымен орын алған топтарды марапаттау кезеңі.
Қош сау болыңыздар!