- 07 там. 2023 00:00
- 225
Тарақты Байғозы батыр туралы
Ресейден қашқан торғауыттарды қуалаған қырғыздар (қазақтар) ашық далада дамылдап, қазанға сүрленген жылқы етін асып, торсыққа құрт езіп, күні бойына нәр болатындай етіп таңғы астарын ішіп отырады. Бір шатырда Абылай, келесіде өзінің тәкаппарлығымен танымал арғын Шақшақ Жәнібек батыр отырады. Батыр насыбай атып отырғанда, бір жас қырғыз жігіт шатырға келіп, атынан түспей қолын созып: «Жәнібек батыр, шақшаңды таста!» — дейді. Жәнібек оған еш назар аудармайды, бірақ оған өзінің менсінбегенін көрсетіп, асықпай шақшасындағы қалдықты қызыл етігінің өкшесіне қағып, баптап қалтасына салып қояды. Көп ұзамай жасақ қозғалып, әрбір ру өз туының астына жиналады, батырлар садақ-жебелерін асынып, шеңбер құрып ханды қоршап тұрады. Кеңесіп, жаудың көптігіне қарамай, шабуыл жасауға шешім қабылданды. Бірінші қарауыл жіберіп байқап алмақ үшін еріктілерді шақырады, алғаш болып бағанағы Жәнібектен шақшасын сұраған жігіт шығады.
Шолғыннан оралған соң, Жәнібектің сұрағына жігіт: «Аз да емес, көп те емес» деп жауап береді. Шабуыл басталады, қалмақтардың саны он мың, қырғыздар көп шығынға ұшырап, ақыры шыдамай қашуға мәжбүр болады. Ең алдыда ту ұстаған, қара атқа мінген ұзын бойлы қалмақ, қырғыздардың қатарына кіріп, бірнешеуін аттан түсіріп кетеді. Жәнібек те шегінгендердің арасында болып, қатты қапаланып, бар дауысымен: «Әттең, мына дүлейді өлтіретін қырғызда бір азамат тумағаны ма?» — деп айғай салады. Осы кезде бағанағы жас жігіт садағын қолына алып, бар күшімен тартып, көздеп тұрып жіберіп қалады. Жебе зулап барып тура тағдыр-тесікке қадалып, қалмақ жерге домалап түседі. Жас батыр жебесінің дәл қадалмай ирек жасағанына өкініп: «Бұл өзі Алланың назарындағы біреу болды ғой», — дейді. Батырларының өлімін көрген қалмақтар абыржып қалады, осы сәтті пайдаланып қырғыздар қарсы соққы беріп, жеңіске жетеді. Сонда Байғозы (бағанағы жас қазақ) шақшасын атып Жаныбайға жақындап: «Батыр, енді міне шақша атуға болады», — дейді. Тарақты Байғозы батырдың есімі елге осылайша танылады.
Оқуға кеңес береміз:
Жәнібек батырдың Абылайдың оң тізесінен орын алуы