Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 21 сағат бұрын)
Тіл – жанымның тірегі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Мухаметжанова Индира Ерболатқызы

Сыныбы: 8, 9, 10
Тақырыбы: «Тіл – жанымның тірегі»
Мақсаты: Оқушылардың үш тілге деген қызығушылығын арттырып, олардың дүниетанымын, ой - өрісін кеңейту арқылы таным, білім дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: сайыс
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, ізденушілік
Сабақтың көрнекілігі: тақырып жазылған плакат, тіл туралы нақыл сөздер.

Барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім сөзі: Армысыздар құрметті оқушылар, аяулы ұстаздар! Бүгін сіздер 8, 9, 10 - сынып оқушылар арасында өтетін «Тіл – жанымның тірегі» атты зияткерлік сайыстың куәгері боласыздар. Сайысымыздың бір ерекшелігі бүгін балалар жеке дара емес, топ болып білім, өнер сынамақшы.
Ойынымызды бастамас бұрын сіздерді, осы сайысқа әділ баға беретін, әр айналымның есебін шығарып, қорытындысын айтатын қазылармен таныстырып өтейін.
Ойынымыз алты кезеңнен тұрады, атап өтсек:
1 - кезең. Таныстыру. Әр топ өздерін таныстырады.
2 - кезең. «Өнерпаз болсаң...». Әр топтан бір оқушы жатқа өлең оқиды.
3 - кезең. «Кино әлемі». Әр топқа бір фильмнен үзінді көрсетіледі. Оқушылар фильмнің атын, түсірілген жылы мен басты кейіпкерлерін атау керек.
4 - кезең. «Тапқыр полиглот». Жұмбақты шешіп, жауабын орыс, ағылшын тілдеріне аудару.
5 - кезең. Көрініс қою. Көрініске топ мүшелерінен тыс оқушылар қатыса алады.
6 - кезең. «Сен білесің бе?». Сұрақ - жауап.

ІІ. Негізгі бөлім.
Өнер мен білімде,
Әркімнің өз жолы бар.
Сайысарлық бүгінде,
Өзіндік менің үнім бар. Білімпаз топтар өздерін таныстырсын.
1 - кезең. Таныстыру. Әр топ өздерін таныстырады. (Топтың аты, ұраны, төсбелгісі).

2 - кезең. «Өнерпаз болсаң...». Әр топтың атынан бір оқушыдан шығып, жатқа өлең оқиды.
8 - сынып. Тұрсынов Нұрболат (М. Шаханов «Төрт ана»)
9 - сынып. Оразалина Жанель
10 - сынып. Түктібаева Жадыра

3 - кезең. «Кино әлемі». Әр топқа бір фильмнен үзінді көрсетіледі. Оқушылар фильмнің атын, түсірілген жылы мен басты кейіпкерлерін атау керек. Таба алмаса, қарсылас топтар жауап беріп ұпайларын толықтыруға болады.
8 - сынып. («Менің атым Қожа», 1963 ж., реж. А. Қарсақбаев, кейіпкер: Нұрлан Санжар (Сегізбаев), Бикен Римова, Гүлнар Қарабаева)
9 - сынып. («Жаужүрек мың бала», 2012 ж. реж. А. Сатаев, кейіпкер: А. Төлепов, А. Өтепберген, Ә. Әнуарбек)
10 - сынып. («Көшпенділер», 2005 ж. қазақ - француз фильмі, кейіпкер: Джей Эрнандес, Аянат Есмағанбетова, Досхан, Ерік Жолжақсыновтар, Дильназ Ахмадиева, Куно Беккер, Марк Дакаскос).

4 - кезең. «Тапқыр полиглот». Қазақ орыс тілдерінде берілген жұмбақтарды шешіп, жауабын қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне аудару.

1. Тұрады ылғи сөреде,
Іші толы өнеге. (кітап, книга, book)

2. Везёт, а не лошадь,
Летит, а не птица,
Жужжит, а не пчела. (самолёт, ұшақ, plane)

3. Үлкен алтын табақтан,
Әлемге нұр таратқан. (күн, солнце, sun)

4. Упадет – поскачет,
Ударишь – не плачет. (мяч, доп, ball)

5. Қырда жүрер ол жортып,
Іні де жоқ бармайтын,
Құйрығымен бұлтартып,
Қандай аң ол алдайтын? (түлкі, лиса, fox)

6. Тебе дано,
А люди им пользуются. (есім, имя, name)

7. Жеміс - жидек жегенім
Балды жақсы көремін. (аю, медведь, bear)

8. Кругом вода, а с питьем беда. (мұхит, море, sea).

9. Қоймасын қыс ақтарып,
Жерді жапты ақ мамық. (қар, снег, snow)

10. Мы день не спим,
Мы ночь не спим,
И день и ночь
Стучим, стучим. (сағат, часы, clock)

5 - кезең. Көрініс қою. Көрініске топ мүшелерінен тыс оқушылар қатыса алады.

8 - сынып
Қазақ тілі мен үш би

Оқушы: (сахна сыртынан дауыс)
Мен заманымда қандай едім? Мен ақын, шешен, ділмар бабаларыңның бұлбұлдай сайраған тілі едім. Мөлдір судай таза едім. Жырға соққан толқындай екпінді едім. Мен наркескендей өткір едім. Енді қандаймын? Кірленіп барамын, былғанып барамын. Жасыдым, мұқалдым. Мен не көрмедім? Маған әкеліп араб пен парсыны қосты. Бертін келе шүлдірлетіп ноғайды, былдырлатып орысты араластырды. Бір күндерде мені мүлде жоқ қылғысы келгендерде болды. Өліде үшбақы болғыр Абайға өкпем жоқ. Тіріде маған ара түсушілер аз болды. Мен жылы сөзді, алдымен айналып кетейін, осы күнгі Ахмет деген кісіден ғана естідім.
Төле би:
Жасыма!
Уа, халқым!
Көсіле шабар жерің бар!
Тау көтерген елің бар,
Қол бастайтын ерің бар.
Атадан қалған сара жолың бар,
Сөз қадірін біліңдер!
Оқушы: (сахна сыртынан дауыс)
Төңкеріске шейін көрмегенім қалған жоқ. Төңкеріс болмаса, бейшара қазақ менен айырылатын да шығар деп едім. Төңкеріс болды. Қазақтың көзі ашылды. Қазақтың көзі ашылған соң, менің де күнім туды ғой деп қуанушы едім. Молдалардың тілмаштардың қол жаулығы болудан құтылдым ғой деп ойлаушы едім. Оның үстіне қазақ тілі – мемлекеттік тіл болсын деген заң шықты. Төбем көкке төрт елі жетпеді. Бірақ не керегі бар, босқа қуанған екенмін...
Қазыбек би:
Налыма! Біз қазақ деген мал баққан елміз. Бірақ ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз. Елімізден құт береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз. Басымыздан сөзді асырмаған елміз!
Оқушы: (сахна сыртынан дауыс)
Жанның бәрі теңдік алып жатқан кеңес үкіметінің тұсында менің бұтымды бұт, санымды сан қылып, кім көрінген созғылай бастады. Өзгені не қылайын, отаршылдық саясатын қолданбас - ау дейтін білім кеңесі екеш білім кеңесі де мен аямады.
Әйтеке би:
Тамыры суда тұрса да
Уақыты жеткенде
Қурамайтын құрақ жоқ.
Тек жақсыдан өлмейтін сөз қалады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама