Тыныс алу мүшелерінің аурулары және аурудың алдын алу
Қостанай облысы, Таран ауданы»,
Евгенов негізгі мектебі» КММ
биология - химия пәнінің мұғалімі
Алина Бақыткүл Қалиқызы
Эпиграф
«Бір - бірімен байланысы бар заттар, сол байланысы көрсетіліп отыруы қажет».
(Я. А. Коменский)
«Интеграция»- латынша «untegratio»-«қалпына келтіру», «толықтыру» деген мағынаны білдіреді. Интеграциялық оқыту - оқытудың жүйелік принципіне сай жақсы ойластырылған, жіті қарастырылған педагогикалық үрдіс. Интеграциялық оқыту - бұл бір оқу материалының әр түрлі саладағы жалпы білімдермен тоғысып, бір - бірімен етене араласып кетуі.
Білім беруді ақпараттандыру негізінде биология мен химия пәндерін кіріктіре оқытудың мақсаты – жалғыз бір пән бойынша білім алып қана қоймай, мазмұны кіріктірілген білімді өзінің іс - әрекетінде оңтайлы пайдалануға, білім сапасын дамытуға мүмкіндік беруінде
Кіріктірілген сабақтар оқушыға әлем туралы, заттар мен құбылыстардың өзара байланысы туралы біртұтас мағлұмат береді. Бұндай сабақтарда оқушылардың ой - өрісі дамып, шығармашылық мүмкіндіктері ашылып, қызығушылықтары артумен қатар, оқу процесі түрленіп, білім сапасы көтеріледі. Оқушылардың жаңа қоғамның ақпараттық кеңістігінде бәсекеге қабілетті маман болып шығуына көмектесетіні сөзсіз.
8 - сынып
(биология - химия - халық медицинасы)
Сабақтың тақырыбы: Тыныс алу мүшелерінің аурулары және аурудың алдын алу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды тыныс алу мүшелерінің аурулары туралы білім қалыптастыру және аурудың алдын алу, емделу жайлы білім беру
Дамытушылық: оқушыны өздігінен оқып, ой - өрістерін тереңдету, ізденісін арттырып, шығармашылыққа баулу.
Тәрбиелік: тыныс алу мүшелеріне көңіл бөлу, тыныс алу мүшелерінің ауруларынан сақтана отырып өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: кіріктірілген
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, тест, зертханалық жұмыс, эссе, биологиялық диктант
Сабақтың көрнекілігі: тыныс алу мүшелері, тыныс алу мүшелерінің ауру түрлері
Жаңа тақырыптың жоспары:
1. Астың ауыз қуысында қорытылуы.
2. Тістің құрылысы мен қызметі
3. Тіс құрамындағы кальций
4. Тіс аурулары, оларды емдеу әдістері.
5. Тіске арналған тағамдар. Тіс гигиенасы
Эпиграф:
«Аузыңды таза ұстасаң, тіс ауруының көбінен құтыласың. Тамақ жеген сайын тісіңді тіс тазалағышпен жақсылап тазала. Ішкен - жеген сайын және ертеңінде, кешінде аузыңды тазалап шайып отыр». (Халел Досмұхемедұлы)
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі
1. Сәлемдесу
2. түгендеу.
3. психологиялық ахуал
4. Сабаққа дайындықтарын тексеру
II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
1 - тапсырма
1.«Сандар сыры» жазылған карточка беріледі:
1. 1, 5 - 2м 2. 5 - 7 м 3. 11 - 13 см 4. 60 - 65%
5. 25 см 6. 2 - 3 л 7. 8 - 10 м 8. 1, 5 - 2, 5 л.
Жауаптары:
1. Тоқ ішектің ұзындығы2. Аш ішектің ұзындығы 3. Жұтқыншақтың ұзындығы
4. Адам денесіндегі судың орташа мөлшері5. Өңештің ұзындығы
6. Асқазан сыйымдылығы 7. Асқорыту жолының ұзындығы
8. Тәулігіне қажет су мөлшері
2 - тапсырма
2.«Биологиялық диктант»
1. Ағзаның құрылыс материалы... 2. Асқазанның ортаңғы бөлігінде... болады
3. Ағзаның энергия көзі... 4. Жұтқыншақтан кейінгі мүше... 5. Тамақтың асқазаннан ішекке өтуін... реттейді. 6....- ең ірі без. 7.... бүрлері болмайды. 8.... асқорыту жолының ұзын бөлігі.
Жауаптары:
1. Ақуыз. 2. Бездер 3. Көмірсулар 4. Өңеш. 5. Сфинктер 6. Бауыр 7. Тоқ ішектің 8. Аш ішек
3 - тапсырма
«Мәтіндегі қатені табыңыздар.»
Ауыз қуысынан кейінгі мүше – асқазан. Асқазан көкет арқылы өтіп, XI кеуде омыртқасы деңгейінде орналасады. Тағам асқазаннан тоқ ішекке түседі. Тік ішектің өсіндісі аппендиксі болады. Ұйқы безі бөлетін секреті - өт. Бауырдағы көмірсулар қоры амилаза деп аталады. Асқорыту жолының қабырғасы екі бөліктен тұрады. Бауырдың массасы 150 г.
Жауаптары:
Жұтқыншақ, өңеш, аш ішек, тоқ ішек, бауыр, гликоген, үш, 1500г
Үй тапсырмасын тексеру кезеңі бойынша: асқорыту жолдарына жататын мүшелердің аттары мен ұзындықтарын есте сақтау үшін сандар сыры атты тапсырма дайындалды, сонымен қатар биологиялық диктант жазғызу, мәтіндегі қатені табыңыз атты тапсырма бойынша оқушылардың ойлау қабілеттерін шыңдайды.
III. Жаңа сабақ
Оқушыларға бағалау парағы таратылады
«Ой шақыру»
1. 32 қайрақ
Бірін - бірі шыңдайды (тіс)
2. Қызыл түлкі ықпайды
Өз інінен шықпайды (тіл)
Биология мұғалім:
Ауыз қуысында астың қорытылуы
Астың өңделуі ауыз қуысынан басталады. Ауыз қуысы үстіңгі және астыңғы жақсүйектерде орналасқан тістерден басталып, соңғы жағы аранмен (зев) шектеледі. Ауыз қуысының үстіңгі жағындағы қатты таңдай сүйегі жұмсақ таңдайға жалғасып, таңдай мен жұмсақ таңдай ауыз қуысын кеңсіріктен бөліп тұрады.
Ауыз қуысына үш жұп сілекей бездері(екі шықшыт, екі жақ асты, екі тіл асты бездері) ашылады. Шықшыт бездерінің өзегі ұрттың сілемейлі қабығына ашылады. Жақ асты және тіл асты бездері кішкентай олардың өзектері тіл астына ашылады. Сілекейдің құрамы 98 - 99 % судан, 1, 5 % тығыз қалдық болатын, әлсіз сілтілік реакция көрсететін сұйықтық. Тығыз қалдықтың құрамының 2/3 і нәруыз бен ферменттерден тұрады. Сілекейде екі фермент: крахмалды мальтозаға дейін ыдырататын птиалин(амилаза) және дисахаридтерді глюкозаға дейін ыдрататын мальтаза бар. Сілекей нәруызы - муцин сілекейді жабысқақ етеді, зиянсызданыратын нәруызды зат – лизоцим болады. Тіл - сілемейлі қабықпен жабылған, тамырлары мен жүйкелері көп, қозғалмалы бұлшықетті мүше. Тіл шайнау үрдісінде асты қозғалтады, сөйлеу және дәм сезу болып табылады
Ауыз қуысына түскен тағамды тістер майдалайды, ұнтақтайды, сілекеймен дымдайды, тіл арқылы қозғайды. Тағам тіл түбіріне ауысқанда жұту рефлексі пайда болады.
Тістің құрылысы мен қызметі
1. Адамда қанша тіс болады?
2. Тістер қалай аталады?
Тіс – қоректі ұстап шайнайтын және дыбыстың шығуына қатысатын мүше. Әр тіс сауыт, мойын және бір немесе бірнеше түбірден тұрады. Тістің сыртқы бөлігі - тіс сауыты. Тіс сауытының сыртын эмальмен қапталған. Эмальдың құрамында 95 % кальций фосфаты бар. Мойын мен түбірі цемент затымен қапталған. Тістің іші қуыс, ол борпылдақ ұлпадан құралған, оның арасынан қан тамырлары мен жүйке талшықтары өтеді.
Тістер пішіні мен қызметіне байланысты күректіс, ит тіс, үлкен және кіші азу тістер деп ажыратылады. Ересек адамда 28 — 32 тұрақты тістер болады. Үстіңгі және астыңғы жақ сүйектің әрбір жартысында 2 күректіс барлығы - 8, 1 ит тіс барлық саны - 4, 2 кішкентай барлығы - 8 және 3 үлкен барлығы - 12 азу тістер орналасады. Астыңғы жақ сүйектегі үлкен азу тістердің екі түбірі, ал үстіңгі жақсүйекте - үш түбірі, қалған тістерде бір түбірі болады. Адам күрек және ит тістердің көмегімен тағамды жұлып алып жейді, азу тістердің көмегімен тағамды ұсақтап шайнайды. Әрбір тістің ауыз қуысына қызыл иектен шығып тұратын қаптамасы, тіс мойыны және жақ сүйектің тіс қуысына кіріп тұратын тіс түбірі болады. Ауыз қуысында тістердің орналасуы көрсетіледі
Сәби өмірге тіссіз келеді. Сәбидің 6 - 9 айлығында алғаш рет күрек тістер шыға бастайды. Сәбиде 2 жасқа дейін барлығы 20 тіс шығады. Бұл тістер сүт тістер деп аталады. 6 - 7 жастан бастап сүт тістер түсіп, 12 - 14 жаста тұрақты тістер шығып, ең соңғы үлкен азу тістер 18 - 20 (одан да кешірек) жаста шығады.
Толық нұсқасын жүктеу