Зәр құрамы, зәрдің түзілуі. Бүйрек аурулары, себептері, оның алдын алу
Қостанай облысы, Таран ауданы»,
Евгенов негізгі мектебі» КММ
биология - химия пәнінің мұғалімі
Алина Бақыткүл Қалиқызы
Биология 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Зәр құрамы, зәрдің түзілуі. Бүйрек аурулары, себептері, оның алдын алу. Ішімдіктің зияны. Су мен минералды заттардың ағза үшін маңызы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: зәрдің құрамы, зәр түзілуі, бүйрек аурулары, оның болу себептері туралы, оның алдын алу туралы білім қалыптастырып, су мен минералды заттардың ағза үшін маңызын түсіндіру.
. Дамытушылық: оқушыны өздігінен оқып, ой - өрістерін тереңдету, ізденісін арттырып, шығармашылыққа баулу.
Тәрбиелік: өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, оқулықпен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар
Пәнаралық байланыс: халық медицинасы
Жаңа тақырыптың жоспары:
4. Зәрдің құрамы, зәр түзілу
1. Бүйрек аурулары, себептері
2. Бүйрек ауруларының алдын алу
3. Су мен минералды заттардың ағза үшін маңызы
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі
1. Сәлемдесу
2. түгендеу.
3. психологиялық ахуал
II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
1. Тест (слаид1)
1. Қандай мүшелер арқылы зат алмасудың соңғы өнімдерін шығарады?
а) бауыр, бүйрек ә) бүйрек, өкпе б) аш ішек, тоқ ішек в) тері, көкет
2. Зәр шығару қандай мүшелерден тұрады?
А) бүйрек, тік ішек ә) несепағар, тоқ ішек б) бүйрек, несепағар в) қуық, тік ішек
3. Зәр қайда жинақталады?
А) бүйректе ә) несепағарда б) қуықта в) тоқ ішекте
4. Бүйректе түзілетін сұйықтық?
А) су ә) өт б) тұз қышқылы в) зәр
5. Бүйректің негізгі қызмет атқаратын мүшесі?
А) нефрон ә) бүйрек денешігі б) бүйрек астаушасы в) қақпасы
8. Бүйрек сырты қандай затпен қапталған?
А) бозғылт түсті затпен ә) денешікпен б) жинағыш түтікшемен в) қоңырқай қыртысты қабатпен
9. Ағзадағы қан неше минут сайын бүйрек арқылы өтеді?
А) 1минут ә) 3минут б) 5минут в) 7 минут
10. Ересек адамдағы қуықтың сыйымдылығы қанша?
А) 100мл ә) 200мл б) 350 мл в) 500мл
2. Сәйкестігін табыңыз. (слаид 2)
Мүшелер Ыдырау өнімдері
1. бүйрек
2. Тері бездері
3. өкпе
4. Тоқ ішек
а) СО2, Н2О ұшқыш заттар(эфир, хлороформ) булары
ә) өт пигменттері, ауыр металдардың тұздары (кальций)
б) су, тұздар, зат алмасудың қалдық өнімдері, бөгде заттар, улы заттар
в) су, тұздар
жауаптары: 1. б) 2. в) 3. а) 4. ә)
III. Жаңа сабақ
Оқушыларға бағалау парағы және білемін, білгім келеді, білдім графасы таратылады
Алдын ала 3 және 4 топқа үй тапсырмасы берілген.
«Ой шақыру»
Ұлпалар мен мүшені
Жасушаны тазалап
Қажетсіз деген заттарды
Шығарар сыртқа бұл мүше. (бүйрек)
1 - топ: (слаид 3)
Зәрдің құрамы. Зәр түзілуі. Адам зәрінің құрамы 96 су, 1, 5 - ы бейоргникалық заттар, 2, 5 органикалық заттар. Зәрде хлорлы натрийдің мөлшері көбірек, сульфаттар, фосфаттар,, калий, кальций, магний карбонаттары аз мөлшерде болады. Әсіресе несепнәр, зәр қышқылы көбірек кездеседі. Несепнәр бауырды аммиактан түзіледі. Ересек адам тәулігіне шмаман 1, 2 - 1, 6 л зәр бөледі. Зәрдің сарғыш түсті болуы оның құрамындағы урохром пигментіне байланысты. Урохром гемоглобиннің ыдырауынан, ішек пен бүйректе өт пигментінен түзіледі.
Бүйректен тәулігіне 1700 - 1800 л астам қан ағып өтеді. Бүйректе зәрдің түзілуі 2 кезеңнен тұрады: сүзілу (фильтрация), және қайта сіңірілу (реабсорбция). Латынша «абсорбция»- сүзілу, «ре»- қосымша кері қайту деген ұғымды білдіреді.
Зәр түзілудің сүзілу кезеңінде бүйректің қыртысты затында орналасқан бүйрек денешігіндегі қылтамыр шумағындағы қаннан зәр бөлінеді. Мұні бірінші реттік зәр түзілу деп атайды. Бүйректен ағып өтетін әрбір 10 л қаннан 1 л бірінші реттік зәр түзіледі және бұл зәрде нәруыз болмайды. Бірінші рет түзілген зәрдің құрамындағы судың мөлшері қайтадан қанға өтеді. Сонымен бірге ағзаға қажетті қант, аминқышқылдары, натрий, калий иондары, су және басқа да заттар қайтадан қанға сіңіріледі. Осылай қайтадан сіңірілу нәтижесінде тәулігіне шамамен 1, 5 л екінші реттік зәр түзіледі.
Бүйректе зәрдің сыртқа шығарылуы өсімді жүйке жүйесі арқылы реттеледі. Сонымен қатар бүйректің қызметін реттеуге аралық мидан (гипоталамустан) түзіліп, гипофиздің артқы бөлімінен бөлінетін вазопрессин гормоны да қатысады.
2 - топ. Бүйректің аурулары. Бүйрекке ішімдіктің зияны. Бүйрек ауруларының алдын алу (слаид 4, 5)
Бүйректің ең қауіпті ауруы - нефрит (грекше «nephros”- бүйрек)- бүйректің қабынуы. Нефрит ауруын бактериялар тудырады. Қанның нәруызы азайып, қан сарысуының ұлпа сұйықтығынан суды сору әрекеті төмендейді, әрі зәрдің түзілуі де баяулайды.
Бүйрек қызметінің бұзылуынан, қанда несепнәрдің мөлшерінің шектен тыс (20 - 30есе) көбеюінен уремия (зәрліқан) ауруына шалдығуы мүмкін.
Бүйрек тасы (уролитиаз). Зәрдің құрамындағы қатты заттар (зәр қышқылы, кальций фосфаты) өте нашар ериді. Егер қатты заттардың мөлшері көбейіп кетсе, зәр жолында қатайып, тасқа айналады. Тас өте ірі болса, зәрдің шығуына кедергі келтіреді.
Балаларда көбірек кездесетін бүйрек ауруы - түнде зәр тоқтамау (энурез). Ол бадамша бездердің, жұлын қызметінің бұзылуынан болады. Ауру көбіне 2 жастан асқан балаларда кездеседі.
Қуықтың қабынуы(цистит) – қуыққа салқын тигеннен зәр тоқтамайды.
Бүйрек ауруларын емдейтін дәрігер - уролог (грекше «uron - зәр), Қазіргі кезде өте қауіпті бүйрек ауруларын емдеу кезінде жасанды бүйрек апсабы -
гемодиализатор – қолданылады.
Бүйректің дұрыс жұмыс істеуіне ішімдікті пайдалану өте зиян. Ішімдікті көп пайдаланғанда, бүйректің жасушалары зиянды заттарды шығара алмайтын болады. Жасушалар қабынып, зәрмен бірге ағзадан қажетті нәруыз бөлініп, сыртқа шыға бастайды. Ішімдікпен уланған бүйрек бүрісіп, зәрдің бөлінуі аяқталады.
Бүйректің қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін мына жағдайларды сақтау қажет:
1. Салауатты өмір сүру; 2. Өте ащы, өте тұзды тағамдарды пайдаланбау;
3. Ішімдіктен, есірткіден, темекіден аулақ болу.
4. Әртүрлі қабынуға қарсы аурулардың алдын алу
3 топ. Бүйрек ауруларын емдеудің жолдары (халық медицинасы - слаид6)
Бүйрек, қуық жолдарымен байланысатындықтан тас байланғанда: халық медицинасында жантақ өсімдігін пайдаланады. Ол шөлді, құмды, далалы аймақтарда көп өсетін түйе малының негізгі қорегі. Құрамында С дәрумені, каротин, эфир майлары, гликозид бар. Дәрі жасау үшін шөбін жаз айларында, тамырын күз айларында жинайды. Өсімдіктің бұтақтары мен жапырақтарынан жасалған тұнбаны жөтел басатын дәрі ретінде және бүйрекке, қуыққа тас байланғанда пайдаланады.
Дәріні дайындау тәсілі: 20 гр. тамырды 1 стакан қайнап тұрған суға салып, 20 минут тұндырып қояды, содан соң сүзіп алып, 4 - 5 қасықтан күніне 3 рет ішеді. сонымен қатар 1 апта тек қана қара нан мен қарбызды азық ететін болса, құм мен тас кіші дәретпен сыртқа шығады. Бүйректің қызметін жақсартуға жүгері де өте пайдалы. Бүйрек қызметіне суық суды көп ішу зиян, оның орнын айран, сүтпен алмастырса өте жақсы болады.
4 топ.
Су мен минералды заттардың ағза үшін маңызы (слаид 7)
Ағзадағы минералды заттардың негізгі құрамын натрий, калий, кальций, магнийдің хлоридтері, фосфаттары, карбонат тұздары құрайды. Сонымен қатар ағзада темір, мырыш, мыс, кобальт, йод, марганец сияқты басқа да микроэлементтер қатары болады.
Темір гемоглобиннің құрамына, мыс көптеген ферменттерде, күкірт асқазан қышқылы мен гормондарының, кобальт В12 тобы дәрумендерінің құрамында болады.. Сүйекті және шеміршекті ұлпаларда кальций - 90 %, фосфор - 87% %, 50%- магний болады.. Минералды заттардың ең көп мөлшері етте, сүтте, қара нанда, бұршақ тұқымдастарда және жемістерде болады. Ересек ағза үшін минералды заттардың тәуліктік мөлшері орта есеппен: натрий - 215, калий - 75, кальций - 60, магний - 35, хлор - 215, фосфат - 105мг болады..
Асқазан - ішек арқылы сіңірілген минералды заттар қан мен лимфаға түседі. Ерітінді түрінде қажетсіз минералды заттар бүйрек арқылы (натрий, калий, хлор, йод) сыртқа шығады, ерімегендері үлкен дәретпен шығады. Зәр арқылы су 1, 0 - 1, 4 литр, үлкен дәретпен - 0, 2, тері және тер арқылы 0, 4л сыртқа шығады. Су мен тұздардың алмасуын реттейтін орталық аралық мидың гипоталамустық бөлігінде орналасқан. Су мен минералды заттардың тұрақты түрде алмасуын жүзеге асыру үшін мына жағдайларды сақтау қажет:
1. Суды күнделікті қажетті мөлшерін қабылдау. 2. Минералды және асханалық суды қабылдау(газдалмаған болуы керек) 3. Жеміс - жидектерді күнделікті қабылдау. 3. Қажет болған жағдайда қосымша биологиялық белсенді заттарды қабылдау
Кез келген жасуша құрамындағы химиялық қосылыстар арасында мөлшері жағынан алдыңғы орынды су алады. Мысалы, сүйек ұлпасының жасушаларында оның үлесі 20%, май ұлпасында - 30%, бұлшық етте - 75%, мидың сұр затында, бүйректе, өкпеде, бауырда, дәнекер ұлпада - 80 - 85%, даму үстіндегі ұрық жасушаларында - 90%- дан астам, тіпті тіс кіреукесінің құрамында - 0, 2% құрайды. Денедегі судың жалпы мөлшерінің шамамен 70 % жасуша ішінде, 30% одан тыс орналасады.
Тұзды артық тұтыну ағзада судың көп мөлшерде ұсталуына жәрдемдеседі, сол арқылы жүрек пен бүйрекке керексіз ауыртпалық түседі. Тамақпен бірге тұзды шамадан тыс тұтыну әсіресе осы органдары ауыратын адамдарға көбірек зиян тигізеді. Жүрегі жеткіліксіз істейтін және бүйрегі ауыратын адамдарға диетада ас тұзын күрт азайтқан жөн. Өйткені, ауру жүректің қажетті мөлшердегі қанды бүйректен өткізуге шамасы жетпейді де, тұздар ағзада ұсталып қалады. Бұл жағдайда натрий тұздарының кідіруі ерекше қауіпті, өйткені бұл ағзада шамадан артық судың жиналуын туғызады. Осыған байланысты әдетте аяқтың басының сәл ісінуі мен бет талшықтарының ісінуінен құрсақ тұсының жаппай суға толуына дейін көлкілдеп ісіну пайда
болады.
1 тапсырма (слаид 8)
«Сандар сыры»:
1. 90 %
2. 215 мг
3. 1, 0 - 1, 4л
4. 0, 4 л
5. 70 %
6. 1, 2 - 1, 6 л - 2
7. 96 %
8. 1, 5 %
Жауаптары:
1. сүйек және шеміршек ұлпаларындағы кальцийдің мөлшері
2. натрий мен хлордың тәуліктік мөлшері
3. Зәр арқылы шығатын су мөлшері
4. Тер және тері арқылы сыртқа шығатын су мөлшері
5. Жасуша ішіндегі судың мөлшері
6. Ересек адамның тәулігіне бөлетін зәр мөлшері
7. Зәр құрамындағы су мөлшері
8. Зәр құрамындағы бейорганикалық заттар
2 - тапсырма
«Биологиялық диктант» (слаид 9)
1. Бүйректің ең қауіпті ауруы... 2. Зәрдің сарғыш түсті болуы құрамындағы... пигментіне байланысты. 3. Нефрит ауруын... тудырады. 4. Уролитиаз дегеніміз... 5. Балаларда көбірек кездесетін бүйрек ауруы... 6. Энурез.... және.... бұзылуынан болады.. 7. Гемоглобиннің құрамына... кіреді. 8. Кобальт... дәруменінің құрамына кіреді..... 9. Су мен минералды заттардың алмасуын реттейтін орталық... орналасқан. 10. Зәрде... тұзы көбірек кездеседі.
Жауаптары:
1. нефрит. 2. урохром 3. бактериялар 4. бүйрек тасы 5. Зәр тоқтамау (энурез) 6. бадамша бездердің, жұлын қызметінің 7. темір ионы 8. В12 9. аралық ми - гипоталамус. 10. натрий хлориді.
3 тапсырма.
«Миға шабуыл». Тест (слаид 10)
1. Зәрдің құрамындағы органикалық зат мөлшері (2, 5% )
2. Несепнәр қандай мүшеде аммиактан түзіледі (бауырда)
3. Урохром дегеніміз (зәр құрамының пигменті)
4. Реабсорбция дегеніміз (қайта сіңірілу)
5. Неліктен бүйрек бүрісіп, зәрдің бөлінуі тоқтайды (ішімдікпен уланғандықтан)
6. Бүйректе зәрдің сыртқа шығарылуын қалай реттеледі (өсімді жүйке жүйесі арқылы)
7. Бүйрек аурулары (нефрит, уремия, цистит, энурез)
8. Бүйрек ауруларын емдейтін дәрігер (уролог)
9. Гемодиализатор дегеніміз не? (жасанды бүйрек аспабы)
10. Қуыққа салқын тигеннен, зәр тоқтамайтын ауру(қуықтың қабынуы)
11. Тіс кіреукесінің құрамындағы су мөлшері (0, 2% )
12. Ас тұзын қандай жағдайда күрт азайтады (жүрегі жеткіліксіз істейтін және бүйрегі ауратындарға)
13. Бүйректен тәулігіне ағып шығатын қан мөлшері (1700 - 1800л)
14. Бүйректің ауруларын емдеуге қолданатын өсімдік (жантақ)
III. Қорытындылау кезеңі
1. Зәрдің құрамы неден тұрады?
2. Зәр қалай түзіледі?
3. Бүйрек ауруларының себебі не?
4. Бүйрек қызметінің қалыпты жұмыс істеуі үшін қандай жағдайларды ұстану қажет?
5. Минералды заттардың ең көп мөлшері қандай тағамдарда кездеседі?
6. Бүгінгі сабақта сіздерге не ұнады?
IV. Бағалау: оқушылардың үй тапсырмасы, жаңа сабақтан алған білімдері ескеріліп өз - өздерін бағалау парақтары арқылы қортынды бағалары қойылады.
V. Үй тапсырмасы: «Егер бүйрек ауруының дәрігері болсаңыз не істер едіңіз?» атты тақырыпта эссе жазып келу.