Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Толарсақ

Баяғыда Қаһар деген хан болыпты. Дүниеге көзі тоймайтын ашқарақ, адамға жаны ашымайтын қанішер жауыз екен.

Ханның Шомбал ноян деген күшіне даңғойлығы сай ызақор, морт мінезді қолбасысы болыпты.

Қаһар хан кезекті жорықтарынын бірінде женіске жетіп, ұлан-асыр той жасапты. Сол замандағы елдің ғұрып-әдеті бойынша мұндай ұлан-асыр тойда өнерпаздар елдің ерлерін, айбынды батырларын, жақсы кісілерін мадақтап өлең айтып, би билейді екен. Әлгі төйда елдің жақсы кісілерін мақтап өлең айтқан Тулақ жырау Толарсак деген жас жігіттің мергендігін, мейірімділігін, жомарттығын, мәрттігін, ерлігін дәріптеп жырлайды.

Бұрынғы тойларда өз аты ғана аталып жүрген Шомбал Тулақ жыраудың бұл сөзіне ыза болады.

— Тоқтат! Жетер зарлауық! – деп ақырады ол.

Той-думан ортасындағы тұғырда санқылдап отырған қырандай Тулақ жырау жыр нөсерін бұрынғыдан бетер төпелейді:

Батыр да батыр, батыр көп,

Шоқпары бар, күші бар.

Сол жігітті айт батыр деп,

Ел сүйсінер ісі бар,

Қазанбұзар, үй тентек,

Кімге тірек болар жар.

Даңғаза, даңғой, құр селтек,

Болар ма батыр іші тар.

Сыпайы болса, сыйымды,

Сыйласа кепті, жиынды,

Батыр деп соны біледі ел,

Ондай ердін тілегі — ел...

Ашу кернеген Шомбал ноян ұртын шайнап, аш бұрадай шабынады. Сол бетімен Қаһар ханға барып, той-жиынын тараттырады. Қолшокпары Шомбалдын сөзін жерге тастасын ба, хан дереу Толарсақты шақыртады.

Хан шабарманы келсе, Толарсақ қарт әкесі Тобышаққа ұсақтап ет турап, мипалау жасап беріп отыр екен. Тепсіне келген шабарман аптыға сөйлеп, Хан жарлығын жариялайды.

— Хан иемнің жарлығы, бір алланың құдыреті! Толарсақ, итке кемік болар жерің келді, иманынды айта бергейсің! – дейді.

— Хан жарлығына қарсылық жоқ. Бірақ мына қарт әкемнің тамағын беріп, төсегін жайлап салған соң барамын. Хан иеге солай деп айт.

Қанша зарласа да әкесінің тамағын беріп, төсегін жайламай, Толарсақтың келмейтініне көзі жеткен шабарман ханға келіп, Толарсақтың жауабын жеткізеді. Хан одан бетер ашуланады.

Біраздан сон Толарсақ келіп, хан алдына тағзым етеді де:

— Алдияр тақсыр, жетпіске келген қарт әкеме тамақ беріп, төсегін саламын деп кешіккенімді кешірініз. Әміріңізге құлдык! – дейді.

— Әкеңе қандай тамақ бересің? – деп, мысқылдай сұрайды хан.

— Мипалау жасап, жіліктердің майын шағып беремін. Ол кісі өте кәрі еді, тақсыр, жылы-жұмсақтан баскаға тісі өтпейді.

Хан касында отырған молдаға қарап:

—«Кәрісі бардың пәлесі бар» дегенім осы. Әкежанды жігіт, қазір бар дағы сол әкенді өз қолыңмен өлтір. Сөйтіп құтыл ол пәледен! Молда, сен жаз: Менің ұлы жарлығым бойынша алпыс жастан бір күн асқан кәрілердің түгел басы алынсын! Бұл жарлықты хан жендеггері орындасын! – дейді.

Хан жарлығына қарсы тұрар хал жоқ. Ел-жұрт жендеттердің қолында өлімге кетіп бара жаткан ата-аналарымен қош айтысып, жылап-сықтап жатады.

— Е, балам,мен асарымды асадым, жасарымды жасадым. ¥л өсірдім, қыз өсірдім., Жастық шағым жайсыз өтсе де, сендерге разымын. Мен үшін бейнет көрмендер. Бер мені хан жендетінін қолына, – дейді Тобышақ қарт.

— Жоқ, әке! Жастық шағыңыздың ен қызық кезін бізге, балаларынызға арнадыңыз! Бала үшін қандай қиындыққа болса да шыдадыныз! Сондай ғана ата-ананы қартайған кезде күту, ардақтап ұстау-ұрпақтың парызы. Мен сіз үшін, өзімнің ата-анам үшін нендей қиындық көрсем де бейілмін.

Бұл сез шын ықылас, берік серті еді. Қарт әкені ешкімге сездірмей, жасырып сақтау, тамақ, киімінің бабын тауып күту күн асқан сайын қиындай түседі. Ай өтеді, жыл өтеді. Бір күндері озбыр хан тағы да обығады. Ол Кердала деген шөлде, Құлантау деген таудың үнгірінде ат басындай кесек алтын бар деген лақап сөзді естиді. Содан кейін жаны тыныштық таппайды. Сол Кердалаға барып, Кұлантаудағы кесек алтынды алмақ болып аттанады.

Айлар етіп, жылға жақындағанда Кердала жазығының шетіне ілігеді. Шілде. Кұмды боран. Сусыз шөл. Ат болдырады, азық таусылады. Адамдар мен мал шөлден қырыла бастайды. Қанша құдық қазғанмен, ауыз шаюға су шықпайды. Қалың топ қойша маңырап, қозыдай шулайды. Жер қайысқан қалың кол ажалдың ауызына түскен ақ қайрандай топырлап, жер соғады.

— Балам, бұл неғылған шу, кандай заман болды? – деп сұрайды Тобышақ қарт сандықтың ауызындағы кұлыптың тесігінен сығалап, сыбырлай сөйлеп, Толарсақтың қасына келгенін сезген соң.— Әке, апат болды. Кердаланың шөлінен адам да, мал да сусап қырылып жатыр. Қазған құдықтан да су шықпайды. Алып келе жатқан ауыз су таусылды.

— Саспа, балам! Қайратынды жина, менің айтқанымды тында. Қосыңа бар да, барлық сиырды босатып жібер, соңынан ере бер. Сиыр шұбап барып, бір жерге тоқтайды. Мұрындарын шүйіріп, кездерін алартады да, жерді иіскелеп жата-жата кетеді. Сол жерді казсаң, су шығады.

Толарсақ әкесінің сөзін ұғып алады да, сандықты ашып, ең соңғы бір кұты суды қасына қояды.

— Шөл басып жата беріңіз.

— Балам, жер қазасың, шөлдейсің, суды өзің ала кет. Ең болмаса тына-тына жұтып, сусынынды қандырып ал, – деген әке сөзіне:

— Мен суды өзім қазып шығарып ішем ғой, әке, – дейді де, сапарға аттанады. Батар күннің астындағы қызғылт-қоныр көлеңкеге қарай шұбаған сиыр бір шоғыр кұм сағыздың түбін иіскеп, өкіріп - бақырып үйіріледі де қалады.

Толарсақ сол жерден құдық қазады. Суы мол, тастай суык әрі тұщы. Елдің де, малдың да шөлі қанады. Ата сыйлап, оның ақылын тыңдаған бала мал мен жанды ажалдан құтқарады.

Кердалада сусындап, күйленіп алған хан қосыны Құлантауға жетеді. Обығып келген озбыр хан ат басындай алтынды кесегімен құшақтағанша асығады. Үңгірдің ауызына келеді. Ауызы тар, іш жағы кең, түбі терең, үңірейген караңғы үңгір тасты да талғамай жұта салатын аждаһаның көмейі секілді.

Ханнын әмірі бойынша он жігітті ертіп, үңгірді бойлап Шомбал кетеді. Біраздан соң дауыс та, сыбыс та естілмейді. Тағы он адам, одан кейін он алты адам кетеді. Бірақ ешкім қайтпайды. Хан адамдарды арты-артынан айдап жібере береді, жібере береді. Үңгірге кіргендердін бірде-бірі қайта оралмайды.

— Балам, бұл неғылған шу, қандай заман болды? – деп, тағы да сыбырлап сұрайды Тобышак сандық ішінде жатып.

— Әке, апатқа ұшырадық. Құлантаудың үңгіріне кірген адамдар әлі қайтпай жатыр. Кезек маған да таяп қалды. Сіздің тамағыңызды сайлап берейін деп келдім. Кім біледі, мені қайта көре аласыз ба, жоқ па, тойып алыңыз, – дейді де, Толарсақ әкесіне жылы- жұмсақ ұсынады.

— Балам, – дейді сонда Тобышак,— саспа! Мені тыңда. Тілімді алсаң – өлмейсің. Ол үңғірдің түбі терең әрі қараңғы. Іші толған кісі жейтін құмырсқа. Олардың үлкендігі иттей. Барған адамдарды солар жеп жатыр. Сен ер-тұрманынды, киім-кешегінді қара маймен майлап ал. Оның иісіне құмырсқалар жоламайды. Астыңа қулық құлындаған құлынды бие мін. Құлынын үңгірдің аузына байлап кет. Ат басындай алтын өзінің жарығымен көрініп тұрады. Соны ал да, биенің басын бос қой да, тебіне бер. Бие сені адастырмайды. Тұп-тура өзінің кұлыны тұрған жерге алып келеді.

Әке сөзін ұғып алады да, Толарсақ Құлантаудың үңгіріне кетуге ыңғайланады.

— Ал, мен кетейін, әке!..

— Жолын болсын, балам! Мына тамақтан бір күндік азық ала кет.

— Жоқ, әке. Мен азық алмаймын, сіз жеңіз. Карныңыз ашып қалмасын. «Қарт адамның арқауы – азық» деуші еді әжем.

— Алтынды алмай, оралмайсың! – деп бұйырады Каһар хан.

Толарсақ әкесінің айтқаны бойынша әзірленеді де, үңгірге беттейді. Жиналған топыр үңгірге кірген адамдардың қайтып келуінен күдер үзсе де: «Кешегі көзіміз көрген Төбышақтың жалғызы еді, тоса тұрайық, тілеуін тілейік», – деп, Толарсақты тосады.

Күн бата үңгірдің ауызыңда байлаулы тұрған құлын ышқына кісінеп жібереді. Сол кезде үңгірдің түбінен биенің кісінеген дауысы естіледі. Жұрт қуанысып, үміттене бастайды. Әлден уақытта үнгірден Толарсақ аман-есен шыға келеді де, алдындағы ат басындай алтынды Қаһар ханның алдына тастай салады. Хан ес-түсі шыға алтынды құшақтап ботадай боздайды.

— Уа, менің ең сүйікті батырым! Елді, малды шөлден құтқардың, өлімнен арашаладың. Ажал тұнған шыңыраудың түбіне түсіп, ат басындай алтынды алып шықтың. Ал менен тілеген, сұрағаныңды. Не тілесең де беремін!.. – дейді әбден қуанған хан.

— Мархабатыңызға құлдық, тақсыр. Менің сұрайтыным: жетпіс бір жасқа келген әкемді тірі қалдырсаңыз екен.

— Әкең өлтірілмеп пе еді?..

— Әкем тірі. Елді шөлден кұткарған, мені ажалдан қаққан, ат басындай алтынды алудың жолын тапқан сөл кісі еді.

Қаһар хан ақылға келіп, сол күннен бастап қарт кісілерді өлтіріндер деген жарлығын күшінен қалдырады да, адамдар қамсыз өмір сүре бастайды.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама