Тұғыры биік қазағымның тарихы
Тарих – біздің істеріміздің өткенінің куәсі, қазіргіміздің үлгісі мен өнегесі, ал болашағымыздың асыл қазынасы.
Мигель де Сервантес
Осыдан 556 жыл бұрын, Шу мен талас өңіріндегі Қозыбасы деген жерде, Қазақ хандығының негізі қаланды. Артынан 200 мың халықты ерткен Керей мен Жәнібек сұлтандар Жетісудың батысына келіп қоныстанып, жеке мемлекеттің, қазіргі Қазақстан Республикасының іргетасын қалады.
Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и-Рашиди» еңбегіне сәйкес, 1465-1466 жылдары Керей мен Жәнібек бастаған қол Моғолстанның Жетісу өңірінің батысына келіп қоныстанады. Моғолстан басшысы Есен бұға екі сұлтанға Қозыбасы жерін бөліп береді. Қозының басындай ғана жер болғандықтан солай атап кеткен.
Әрбір халықтың қалыптасуы, ұлт болып дамуы үлкен бір сынақтардың арқасында дамиды. Сол секілді біз де ұлт болып дамуымыз үшін үлкен сынақтарды бастан өткерді. Қазақ хандығының құрылуының өзі қыспақтың әсері еді. Көшпелі Өзбек мемлекетінің ханы Әбілқайыр хан ел арасында беделі зор Керей мен Жәнібекті қатты қыспаққа алған еді. Өзінің көп күшін жұмсаған, шабуылдар көп орын алатын Сыр өңірі мен Қаратау аймағына қасақана Керей мен Жәнібекті орналастырады. Ондағы бар мақсаты екі сұлтанның сағын сындыру. 1456-1457 жылдары Сығанақ қаласының түбінде Үз-Темір тайшы бастаған қалың ойраттардан жеңіліс табады. Бұл жеңіліс Әбілқайыр ханның ел арасындағы беделіне нұқсан келтіреді. Осы жағдайды пайдаланған екі сұлтан артынан өз жақтастарын ерте, Моғолстанға қоныс аударып кетеді. Моғолстан мемлекетінің басшысы Есен-бұға екі сұлтанды қуана-қуана қарсы алады. Өз жеріне қарасты Жетісудің батысын Керей мен жәнібекке жер бөліп береді. Осылай іргесі биік қазақ хандығының негізі қаланады.
Мемлекет құрылғаннан кейін, хан сайлау мәселесі бой көтереді. Жәнібек ханның, Керей сұлтанның баласы бола тұра, өзінің тәрбиелілігін көрсеткен жәнібек сұлтан, Керей сұлтанға жол бере, Керейді хан етіп сайлайды. Ал Жәнібек ақыл-кеңес беріп отыратын уәзірінің қызметін атқарады. Қазақ хандығы хандық болып қаланғаннан-ақ, жаулары пайда бола бастайды. Ең алғашқы қарсыласы Әбілқайыр ханның немересі Мұхаммед Шайбани еді. Екі жақ арасындағы негізігі қарсыласудың мәні Сыр бойындағы қалаларды өзіне қарату еді. Бірақ өздерінің ержүректілігі мен төзімділігінің арқасында қазақ халқы бұны еңсере білді. Бірақ қарсыласу ешқашан толастамады. Өзбек-қазақ, қазақ-бұхар, қазақ-жоңғар соғыстары өз легін тауып, қасіретті аз көрмеген халқымның мойнына ауыр жүк бола берді. Қазақ үшін ең үлкен ауыртпалықтардың бастамасы болған Жоңғар мемлекеті еді. Шапқыншылықтарының әсерінен қазақ халқының ұлт болып қалыптасуы 150-200 жылға кешеуілдеді. Жоңғар мемлекеті 120 жылға жуық өмір сүрген болса, соның 100 жылын қазақтармен күресуге арнаған етін.
Еңсесі биік қазағым бұл ауыртпалықты да еңсере білді. Бірақ бар қиындық осымен шектелсе игі еді. Бірақ 100 жыл Ресей өкіметінің құрамында болып, ауыр зардаптарды бастан кешіру маңдайға жазылғандай еді... Кеңес өкіметінің құрамында болғанда қазақ халқы өте қатты қиналды. Елдің басы, тұтқасы болатын зиялыларымыз бен феодалдарымзды жер аударып, қазақты қараңғы қылып қоюды мақсат етіп қойды. Ең алдымен шыңғыс тұқымдарын биліктен шеттетіп бастап, зиялы қауым өкілдерін аттырып, бай-бағыландарымызды жер аударып, халықтың малын тартып ала отырып, жеріміздің эррозияға ұшырауына әсер етті. Қазақ қалының ұлт болып қалыптасып келе жатқанынан бері 400-ге жуық көтерілістер болған. Ең алғашқысы Пугачёв бастаған көтеріліс болса, ең соңғы егемендігімізді көксеген «Азат» қозғалысы. Осы 400 көтерілістің 372 ұжымдастыру жылдарында орын алды. Қолдан аштық жасалып, 2,1 миллион халық аштан қырылды. Ұжымдастырудан бұрын республика бойынша 41 миллион мал басы болса, ұжымдастырудан соң, 4,5 миллион мал ғана қалған еді.
Осы кезде есіме Қазыбек бидің сөзі есіме түседі. «Әлем бойынша ең көп қиындық көрген екі халық болса, онда оның бірі – қазақ. Ал бір ғана халық болса, ол да қазақ». Шындығында да халқымыз өте көп теперіштер мен аштықты, қиындық пен қуанышқа толы заманды бастан өткерді. Жоңғар шапқыншылығы кезінде «Елім-ай» деп еңірей, өз туған жерін амалсыздан тастауға мәжбүр болып, кеңес үкіметі кезінде күштеп ұжымдастыруға қарсы болып, шет елге кетуе мәжбүр болған, ешбір елдің тарихында болмаған 400-дей көтерілісті жасаған, азаттық пен бірлікті ту еткен қазағымның ұлт болып қалыптасқанына өткен жылы 555 жыл толды. Кеудеде қуаныш кернеп, көзіме ыстық жас келеді. Бірақ бір сәт ойлаңызшы. Ата-бабамыз аңсаған заманды құра алдық па? Сенімін ақтай алдық па?
Сөзімнің қорытындысын ұлы жазушылардың бірі Ғабит Мүсіреповтың сөзімен қорытындыласам. «Қазақ елі – өз мұңын өзі ойлап, өзі ізденіп, тіршілік деген майданда сыналған ел».