Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
ҰБТ-ның шығу тарихы

Ерте заманда басталған антикалық Грецияда білім алушылардың білім деңгейін бағалауда ақыл-ой өрісінің дамуын жəне дене икемін бақылайтын əртүрлі сынақтар жүргізілді. Ал б.з.б. VI ғасырларда Қытайда мемлекеттік қызметке алуда үміткерлердің ақыл-ойының деңгейін бағалайтын алғашқы тесттер пайда болды.

Алғаш рет 1884 жылы АҚШ-да тест материалды қамтылған тест кітаптары шығарылды. Оның негізгі мазмұны математика, тарих, навигация, грамматика пәндерінен жинақталды жəне бес көрсеткіш жауаптардан тұрды.

Тестілеу жүйесінің қалыптасуына ағылшын ғалымы Фрэнсис Гальтон үлкен үлес қосты. 1901 жылы АҚШ-да Тестілеу жүйесі мемлекеттік деңгейде қолдау тапты. 1901 жылы 17 шілдеде колледжге түсу үшін тестілеу жүйесі құрылды. 1926 жылы орта мектепке арналған тестілеу жүйесі құрылды. Ал 1933 жылы Кеңес елінде алғаш рет тест тапсырылды. Кейін 1992 жылы Қазақстанда тестілеу жүйесі енгізілді. 1995 жылдан бастап студенттерге «рубежка» тесті кеңінен қолданылды. Ал 1999 жылы кешенді тестілеу енгізілді. Бұл білім гранттарын əділ бөлуге жол ашты. 2004 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу енгізілді. ҰБТ мектеп түлектерін қорытынды аттестаттауы мен жоғарғы білім ұйымдарына қабылдау емтихандарын біріктірді.

Ал 2004 жылы Білім және ғылым министрі болып Жақсыбек Күлекеев тағайындалды. Ол 2003 жылдың 13 маусымнан 2004 жылдың 14 желтоқсан айына дейін басқарды.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама