Ұлттық болмысты сақтау - рухани жаңғырудың ең басты шарты
Руханият-адам баласының ішкі жан-дүниесінің тазалығы, адамгершілік қасиеттердің күн сайын, сағат сайын толығып, жақсылықтар мен игілікті істер жасауға ұмтылуы, ешкімге зиянын тигізбеуі, елін-жерін гүдендіруде ұлттық болмысына сүйене отырып іс жүргізуі.
Ал, бұрынғы ата-бабаларымыздың руханияты қандай болған? Олар руханиятты жаңғыртып отырған ба деген сауалдар еріксіз туындайды. Иә, ата- бабамыздың руханияты өте бай болған. Олар ауыздан-ауызға естіген жыр-дастандарын, аңыздары мен айтыстарын, бір-біріне жасалған қайырымдылық пен жақсылықтарды «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» деп ұрпақтарына жеткізіп отырған. Бүкіл ұлттық салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын ешқандай шашау шығармай, артына қалдырып, үйреткен, көрсеткен, жеткізген.
«Рухани Жаңғыру» - барлық заманауи тәуекелдер мен жаһандық жанайқайды қоса алғандағы қазақстандық рухани құндылықтың жандануына бағытталған Мемлекет басшының бағдарламалық мақаласы. Мақала ұлттық бірегейлікті сақтау, азаматтар санасының ашықтығы мен білімге баулуын дәріптеу, прагматизм, бәсекеге қабілеттілікті арттыру, қоғамдық сананың жаңғыртудыдың маңыздылығын алға тартады. Бұл қасиеттер заманауи қазақстандықтардың негізгі бағыты болуы қажет.
«Туған жер» - барлық уақытта ұлттық бірегейліктің іргетасы ретінде сонда мекендеген барлық этнос мәдениеті мен дәстүрлерін өзіне қалыптастырады. Мұндай киелі сезім, іс жүзінде барша тіршілік қарекетіндегі жаңа жетістіктерге жетелеген отанға деген махаббат іспеттес. «Туған жер» - азаматтардың туған өңірін көркейтуге тарту, сонымен қатар әлеуметтік мәселелердің шешуіне бағытталған «шағын отанның» дамуына үлес қосатын бағыттағы арнайы жоба болып саналады.
«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» – тарих пен мәдениетке, адамның рухани дамуына және оның туған жеріне деген байланысына негізделе отырып адам мен оның өміріне бағытталған. Кейбір тұлғаларды мәңгі еске сақтауда ұлтты мәдени байыту мен мінәжат етуге арналған орындар түріндегі ұлы ата-баба ерліктерін осындай бағдарға жатқызуға болады. Осындай орындарды білуіміз көптеген нәрсені үйретіп, олардан қажетті өмірлік қуат алуға мүмкіндік береді. Осыған байланысты, Киелі мекен жағырапиясының құрылуы - адамның рухани баю мәселесін алға тартып қана қоймай, сонымен қатар мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізді, бай тарихымыздың құндылықтарын көрсетеді. Бұл бөлім аймақтық және республикалық киелі мекендерді, олардың тарихы мен ерекшеліктері туралы ақпараттармен қамтамасыз етеді.
Заманауи Қазақстан мәдениеті. Қоғам дамуының басты көрсеткіші болып әрдайым оның мәдени жетістері болды. Сол себептен, бұл жетістіктерді әлемдік деңгейде таныту қажет. «Жаһандық өмірдегі заманауи Қазақстан мәдениеті» арнайы жобасының арқасында отандық мәдениеттің заманауи жетістігімен барша халықтың танысу мүмкіндігі туады.
Сонымен қатар, кез-келген бәсекеге қабілетті қызмет түрі сияқты мәдениет те жіті ойланып барып өмірге бейімделгіш болуы қажет. Бұл бөлім суретшілер, отандық әртістер мен шығармашылық ұжымдар, жазушылар және басқа да мәдениет қайраткерлері, көркем сурет, әдебиет жайындағы барлық шығармаларды қамтиды. Бөлімнің мультимедиалық бөлігінде фото,- видео материалдар, отандық әртістердің орындауындағы бейнелерді көруге, сонымен қатар отандық әртістердің Қазақстандағы және шетелде өтетін мәдени іс-шаралары туралы ақпараттар ала алады.
Жаһандық дәуірде ең басты сын-тегеурін мен қатерлерді ұғынатын жаңа ұрпақты қалыптастыру өте маңызды. Сол үшін басты құрал – білім болып табылады.
Әлеуметтік-гуманитарлық салада 100 жетекші оқулық аудармасы – прагматизм мен бәсекеге қабілетті рухани жетілдіруде жаңа Қазақстан ұрпағын қалыптастыруда нақты қадам болып табылады. Бұл бөлім өз кезегінде тәржімаланған кітаптар мен авторлары, оқулықтарға сілтеме, сонымен қатар рецензиялар туралы ақпарат береді.
100 жаңа тұлға. «Болашаққа бағдар: Қоғамдық сананы жаңғырту» атты мақаласында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасын» құруды ұсынған болатын. Бұл жобада Тәуелсіздік кезеңін бағындырған адамдардың тарихы жинақталады. Бұл тарихта түрлі аймақтардағы жастардың, ұлттардың, жеке және қоғамдық өмірдегі әрі жұмыстағы азаматтардың жетістіктері баяндалады.
Рухани жаңғыру – бабалардан бойға сіңген дәстүрдің, әдет пен ғұрыптың, салт пен сананың, ырым мен тыйымның, ұлттық болмыс пен ұлттық құндылықтардың қайта өрлеу кезеңі. Яғни қазіргі заман талабына сай мәдениеттің жаңаша бағытта қалыптасуы. Елбасының бұл мақаласы – астары терең, түсіне білген адамға мәні мен мағынасы бар үндеу. Елдің басшысы ретінде елдің ертеңіне алаңдау, жаһандық өзгерістермен бірге өзгеріп, өз ұлтыңның мәдениетін сақтап қалу өте қиын жұмыс. Ән салып, домбыра тарта беру немесе өткен мәдениеттің ескі дәстүрін сол қалпында қазіргі қоғамға жеткізге беру ешқандай жеңіс әкелмейді. Қоғам алдында беделді әрі биік болу үшін бәріне дайын болу керек. Қазақта «заманың түлкі болса, тазы боп шал» дейді. Бағыты басқа, болмысы мүлде бөлек кетіп бара жатқан жаһандық өзгеріске біз қалай қосыламыз? Мәдениетімізбен! Қандай мәдениетпен: кешегі мен әлде бүгінгі қайта жаңғырған мәдениетпен бе? Өткен мен бүгін арасы Өткен дәуір классикаға толы әдебиет пен мәдениеттің, руханияттың дәуірі болды. Ал қазір ол дәуір басқа бағытқа жол жүріп кетті. Тоқтату мүмкін емес, бірақ көштен қалмай бірге өмір сүруге мүмкіндік бар. Ол үшін жалаңаштанудың, ол үшін мәдениеттен бас тартудың, дәстүрден ада қалудың қажеті жоқ. Бірақ еліміздегі түрлі саяси оқиғалардың түбі дәстүрімізден айрылып қалуға алып келе жатыр. Еліктеу, Еуропашыл, Шығысшыл адамдардың қатары пайда болды. Ал мұндай сәтте ел президенті қандай шара жасау керек? Әрине эмоцияға салынып бәріне тоқтау жасауы мүмкін емес, басты себеп бір емес, миллион адамды басқарып отыр. Кесіліп пішке тон келте болмас дегендей, ақылға салып, жеті рет өлшеп барып, байыбын түсініп осы мақаланы халыққа ұсынды. Ұсынылған күннен бастап түрлі дау да, қолдау да болды. ХХІ ғасырдағы ұлттық сана. Иә шынымен де қазір жер бетінде ұлттық түсініктен гөрі, бәрінің АҚШ болғысы келеді. Бәрінің еркін және ұлтаралық байланыс емес, адами факторлардан тұратын қоғамдық көзқараспен өмір сүруге талпынғысы келеді. Бұл өте қауіпті. Бұл ұлт үшін, келешек ұрпақ үшін қатер. ХХІ ғасыр ғылым мен білімнің дамуы. Бірақ ғылымды да білімді де басқарып отырған адамдардың алдындағы мақсат идеологиямен жұмыс жасауға ауып кетті. Адамдардың адасуы, басқа бағытқа түсуі, елдің емес жеке бастың күйін күйттеу мәселелері көтеріліп кетті. «Отан», «Ел», «Жер-Ана» дейтін түсініктер жоқтың қасы. Бәсекелік қабілет. Бәсеке әркім қабілетті болуы маңызды. Бірақ тұтас ел болып бәсекеге қабілетті болу, соның жолында жаппай тұтас еңбек ету, білім алу, ғылым игеру бұл басқа бір төбе. Себебі кез келген күштің дәрежесі бірлікте. Ендеше рухани жаңғырудың тағы бір қыры елді бірлік пен татулыққа шақыру. Қарабайыр қарым-қатынас үшін шақыру емес, бәсекелес болуға, елдің ертеңі үшін бірігуге шақыру. Прагматизм керек. Бұл қиялдаудан іске көшу. Тамырдан тарап, бойға енген ұлттық құндылық пен байлықты игеру. Игере отырып, соның жолында қайта жаңғыру, қайта өсу. Маржанға тізгендей тізіп шығар болсақ, мақалада көрсетілген әрбір тарауға жеке баға беруге болады. Рухани жаңғырудағы ең негізгі талданған мәселе – латын әліппесі. Халық тек «латын әліппесін» талдай отырып, соған аса мән берді. Бұл рухани еркіндік кепілі болғандықтан маңызды орынға шықты. Бірақ біз ескермей қалған білім, ғылым, қайта өрлеу, халықтың сана-сезімі, ұлттық болмыс, ұлттық мүдде көлеңкеде қалып қойды. Рухани жаңғыру мақаласы бұйыра отырып, міндеттей отырып халықпен елбасының тілдесуі хаты деп қарауға болады. Хатта көрсетілген міндетті орындай отырып, халық мемлекет үшін алаңдау керектігін, отан үшін отқа түсіп, суға батпаса да, жер астынан қоян іздеп сабылмаса да, даму үшін дара жолға түсу керек екенін сезіну керек. Бұл ең бірінші білу керек түсінік. Рухани жаңғыру ат үсті қарап, әзілге айналдыратын мақала емес. Бұл қазіргі кезде елдегі әрбір азамақта керек, бойына бойтұмар қылып ұстайтын, салмағы мен сара жолы бар мақала. Сыртқы саясаттың мәселесін елбасы өзі атқарса, ішкі саясаттың тыныштығын сақтау және мемлекеттің іші түтін емес, бүтін болу үшін халық жаппай жұмылу керек. Ал ол үшін «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы таптырмас көмекші құрал.
Латын әліпбиіне көшу. Бұл бөлім халықты қазақ әліпбиінің латыншаға ауысуын хабардар етуге бағытталған. Сонымен қатар, бөлімде жаңа әліпбиді үйрену жөніндегі ұсынымдар мен әдістемелік материалдармен қамтамасыз етілетін болады.
Арадағы 70-80 жыл отаршылдықта қалған жылдарда осы асыл құндылықтар да, ардақты ақындар мен абыздар, дара туған даналар да жоққа шығарылды. Тұтастай бір ұлттың тілін мен ділін, діні мен дәстүрін тас талқан етіп, мүлде ешкім болмаған, ондай ұлттар жер бетінде өмір сүрмегендей дегенге сайдырғылары келді. Мәңгүрт ұрпақты тәрбиелеуге дән қойылды. Бірақ, арамдықпен амал етпекші болғандарға адал ата-бабаларымыздың ақ тілегі мен таза жүректері, ұрпақ үшін жасаған тынымсыз еңбектері тойтарыс берді.
Міне, бүгінгі ұрпаққа осы қасиетті де құнды жауҺарларды үйрену, соларды заман талаптарымен үйлестіріп, жаңғырта жасау-рухани жаңғыру делінсе керек. Жазушы-ақындарымыз да, әнші-өнерпаздарымыз да, барлық салада еңбек ететін қызметкерлер де, ең ар жағы саудамен күн көретін қазақтың әрқайсысы ұлттық құндылықтарын алдымен отбасында, сосын қоғамда кеңінен тарату қажет. Ұл-қызына ата-баба жолын жаңғырта отырып жасауға қол ұшын беруі тиіс. Сонда ғана біздің ұлттық болмысымыз сақталады. Ұлтымыздың тарихына бойлатуымыз-бүгін мен кешегінің алтын көпірі.
Қорыта келе айтарым, рухани жаңғыру тек сөз жүзінде емес, іс-әрекетпен жасалғаны абзал. Себебі, Әміредей әншісі Париж төрін дүр сілкіндірген, Қажымұқандай жауырыны жер иіскемеген балуандары бүкіл әлемді мойындатқан, Абылай мен Жәнібектей хандары Заң шығарып, ел басқарған ұлттық ұрпағында рухани құндылық болмауы- ар-ождан, ата-баба алдындағы борыштың өтелмегені болар еді.
Пайдалынған әдебиет:
Ruh.kz
Massaget.kz