Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Ұлттық теңге мәртебесі
Тақырыбы: Ұлттық теңге мәртебесі
Мақсаты:
оқушыларға ұлттық валютамыз теңгенің даму тарихымен алғашқы банкноттардың тарихы жайлы, теңгенің маңыздылығын кеңінен насихаттау.
Көрнекілігі:
«Ұлттық теңге мәртебесі» тақырыбындағы арнайы шағын көрме, баяндамалар, ребус, буклеттер, сауалнама, деңгей тапсырмалары.
Сабақтың түрі: танымдық сабақ.
Сабақтың барысы:
1. Оқушыларды түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2. Оқушыларда үш топқа бөлу. «Теңге», «доллар», «евро».
3. Оқушылардың баяндамалары.
4. Деңгей тапсырмалары.
5. Сауалнама.
6. Үздік шығарма жазған оқушыларды марапаттау.
7. Белсене қатысқан топтарды марапаттау
8. Қорытынды сөз.

Жетекші сөзі:
Теңге – Қазақстан республикасының мемлекеттік нышаны. Әнұран, ту және елтаңба сияқты ұлттық валюта да мемлекеттік нышандардың қатарына жатады. «Банкнот фабрикасының құрметті қонақтар» кітабында ол ашылған күн – 1995 жылы 19 мамырда ҚР президенті жазып қалдырған мынадай жазу бар: «Біздің еліміздің экономикалық тәуелсіздігінің жарқын туындысы – біздің астанамызда теңгенің алғашқы пайда болуы, халықтың және болашақ ұрпақтың игілігіне қызмет етсін»,- деген болатын. Оқушылар 15 қараша қандай күн? Білесіздер ме? 1993 жылдың 15 қарашасында ұлттық теңге күні болып есептелінеді. Олай болса бүгінгі біздің танымдық тәрбие сағатына «Жас қалам», «Жалын», «Би студиясы» клубтарының оқушылары 3 топқа бөлініп, бірнеше тапсырмаларды орындайтын боламыз.
1 - топ «Теңге» - «Жас қалам»;
2 - топ «Доллар» - «Би студиясы»;
3 - топ «Евро» - «Жалын».
Баяндамалар оқылады:
«Теңге тарихы»;
«Алғашқы банкноттар»;
«Теңгенің даму тарихы»;
«Елбасының жарлықтары».
Деңгей тапсырмалары:
Ұлттық теңге жайлы не білеміз?
Арнайы тапсырмалар
І деңгейдегі тапсырма
1. Ұлттық теңгеміз қай уақыттан бастап айналымға шыға бастады?
2. «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» арнайы жарлыққа Елбасы қашан қол қойды?
3. Ақша дегеніміз не?
ІІ деңгейдегі тапсырма

1. Төл теңгеміздің авторлары кімдер?
2. Қазақстанның Ұлттық банкі республиканың тәуелсіздігіне 20 - жыл толу қарсаңында қанша номиналдық теңгені айналымға жіберді?
3. Қай жылдан бастап төл теңгеміз Қазақстанда басылып шығарыла бастады?

ІІ деңгейдегі тапсырма
1. Ақша тарихын арнайы зерттейтін ғылым саласы қалай аталады?
2. Алғашқы көне тиындар қай қалада табылған?
3. Биыл төл теңгемізге қанша жыл?

Сауалнама:
Ұлттық теңге жайлы не білдік?
Арнайы сауалнама
Сұрақтар
1993 жылы Ұлттық теңге айналымға енгізілді.
Теңге авторы Жандарбек Мәлібеков.
20 теңгеде ұлы Абай атамыздың бейнесі сомдалған.
15 қараша ұлттық теңге күні.
Алғашқы көне тиындар көне Түркістан қаласында пайда болған.
50 теңгеде Ш. Уәлихановтың бейнесі сомдалған.
Нуизматика – көне жәдігерлерді зерттейтін ғылым саласы.
Ақша дегеніміз – айырбас құралы.
Елбасы 1995 жылы ұлттық валютаны енгізу туралы жарлыққа қол қойды.
1993 жылдың 15 қарашасынан бастап теңге заңды төлем құралына айналды.
Ұлттық теңге мәртебесі. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама