Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Ұрпаққа ұран болған - ұлы жеңіс!
Тақырып: «Ұрпаққа ұран болған - ұлы жеңіс!»
Мақсаты: Ұлы Жеңісті дәріптеу, өз Отанын, туған елін қорғай білуге тәрбиелеу. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата - бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеруге, үлгі - өнеге тұту.
Көрнекілігі: Ұлы Отан соғысы жылдарына арналған слайд. Кітап көрмесі. Қанатты сөздер
• «Сен жаудан қашсаң, өмір сеннен қашады.» Бауыржан Момышұлы.
• «Соғыстың ең алғашқы құрбаны – ақиқат» Джонсон Хайрам.
• «Жаңашыл ұлдан Отаншыл ұл артық» Мұхтар Шаханов.
Кітап көрмесі: «Мың тағзым саған Ұлы жеңіс.»
Ұйымдастырған мектеп кітапханашысы: Усенбаева К. С. Умербекова К. М.
Әдісі: ардагермен сұхбат, мерекелік монтаж, сахналық көрініс.

ӨТУ БАРЫСЫ:
І. Ұйымдастырукезеңі:
1. Сыныптантыс іс шараның тақырыбы, өткізілу мақсаты, жүргізілу жоспарымен таныстыру.
2. Сыныптан тыс іс шараның қонағы(Әлия Молдағұлованың бөлелерімен), соғыс ардагерлерімен таныстыру.

ІІ. Кіріспе бөлім.
Армысың! Ары таза абзал жандар,
Ертерек шешек атқан ақ армандар.
Байсалдық, батырлықпен баға алғандар,
Бейбіт күн таңы болып ағарғандар.
Көңілде желбіретіп жеңіс туын,
Сөндірмей сенім отын жаға алғандар.
Бейбіт күн таңы болып ағарғандар.
Күш, жігер таба алғандар,
Отызда самай шашы ағарғандар.
Екенбіз өздеріңе біз қарыздар,

Мұғалім: Құрметті қонақтар, ұстаздармен оқушылар, бүгінгі мерекелік кешіміз Ұлы Жеңіске 68 жыл толуына байланысты «Ұрпаққа ұран болған – ұлы жеңіс.» деген атпен өткелі отыр. Бүгінгі кешіміздің басты мақсаты Ұлы Жеңісті дәріптеу, өз Отанын, туған елін қорғай білуге, Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата - бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеруге, оларды үлгі - өнеге тұтуға тәрбиелеу.
Ұмыт болған, ұмыт қалған жоқ ешкім,
Ешбір адам ұмытпайтын мәңгі есім,
Ұрпақ үшін тозбайтұғын, бітпейтін
Ардагерлер – естелігі соғыстың.
Монтаж
Аружан: Армысың! От жалыннан оралғандар,
Аттарың аңыз болып таралғандар.
Тірлікте жаны жарқын алау жандар,
Тойымсыз ажалға тосқауыл боп,
Топ жарып тайсалмай - ақ бара алғандар,
Армысың!
От жалыннан оралғандар!
Нұрлан: Жер үшін, Отан үшін лаулағандар,
Азамат, айтқан серттен аумағандар,
Шекара шебіндегі ну ормандар,
Халқына қалқан болып қаулағандар.
Ерлігің аңыздар мен шежірелер,
Ойлардан, өлең болып саулағандар,
Азамат!
Айтқан серттен аумағандар!
Әсем: Іске аспаған арман ойлар,
Сәтінде тойланбаған бақыт - тойлар.
Өздерін Отан үшін оққа байлап,
Жауына жасын болған найзағайлар.
Алаңда «Ескерткіштер, мүсіндер» боп,
Шырқаушың созып тұрған көкке бойлар.
Уақыт уысына сыймағандар,
Бақытты ұрпағына сыйлағандар.
Жандарын ұрпақ үшін қиғандар,
Бал нәрін ұрпақ үшін жинағандар.
Бір уыс туған жердің топырағын
Қыршыннан қиылса да қимағандар!

Ән: «Көгершіндер» Бариева Ә.

Аружан А: Шығыстың шапағы жаңа біліне бастаған кез. Еңбек адамдары ұйқыда болатын. Ояу жүрген тек шекарашылар ғана. Кенет батыс жақтан қызылды - жасылды оттар жарқылдап шекараға тақап ұшақтар гүрілдеп ұшып келді. Бұл 1941 жылдың 22 маусым күні еді. Соғыс осылай басталды
Бұлт түнеріп аспаннан,
Талай көзден жас тамған.
Тұтқиылдан жау тиіп,
Қырғын соғыс басталған.
Қара түнек серпілді
Ұйқысынан ел тұрды.
Аңсаған атты алтын таң,
Майданға Майданға.

Күнсұлу: Отан – Ана жылағанда шерленіп,
Табжылмастан төгеді екен жерге бұлт.
«Қара бұлтты қақ жарайық» - деді де,
Қолдарына қару алды ерленіп.
Маусым: Оқ борады күні – түні
Жапты жерді от қарып.
Алға қарай ұмтылды
Батыр қазақтың ұл - қызы
Туын тықпай қолдағы
Өжет болды ел үшін
Кеудесімен қорғады
Жауға қарсы аттанды,
Жансая: Бір дауыл сыпырды кеп өрт теңізін,
Теңселтіп темір топан дүние жүзін.
Бетіне туған жердің өшпестей ғып,
Ер жазды өз қолымен жүрген ізін.
«Батырым – Бауыржаным» дейді халқым.
Алып ұл, ақын жүрек ердің даңқын
Келешек келе жатқан көремін деп,
Тік басып туған жерде тұрды қалқып.

Асырбек:(Бауыржан Момышұлы)
Елге қатер төнгенде
Жауға қарсы шабамын
Бізді жалмамақ болған ажалды
Өр кеудеммен қағамын

Ақмарал: Тверьдің орманы жас, жері кәрі,
Ата қоныс санайды елдің бәрі.
Сол жерде Әлияның қаны сіңді,
Соғып тұр мерген қыздың жүрегі әлі.
Шаттансаң қыз тудым деп қазақ шаттан,
Әлия Отанына болған мақтан.
Казачиха дөңінде тұлғасы тұр
Дегендей ерлікке аттан, жеңіске аттан!
Гүлжаһан:(Әлия) Тазартам жаудан жерімді,
Қарумен алып кегімді.
Қам жеме халқым, ата - ана.
Қызыңның анты сенімді.
Айжан: Дауылмен тербеп, оның жас бесігін,
Мәншүк деп елі атаған ерке есімін.
Адамша ақтау үшін ана сүтін,
Майданның «Максимменен» ашты есігін.
Ай өтпек, жылдар өтпек, ғасыр өтпек,
Жеңіспен майдан бітіп, жас ержетпек.
Ерлігі ел жүрегін тебірентіп,
Ұрпаққа үлгі болып Мәншүк кетпек.
Роза: (Мәншүк) Отаным, еркелеймін енді кімге,
Өзіңмен нені болса, көрем бірге
Қалайша қабырғама батпас менің,
Басыңа қатер күні төнген күнде.
Әйгерім: Фашисттік Германия Кеңес Одағының шекарасын бұзып басып кірді, соғыс басталып кетті. Фашисттер күзге дейін ақ Кеңес Одағын талқандаймыз деп даурықты. Фашисттерге қарсы бүкіл Кеңес елі көтерілді.
Тас талқан ғып фашистті,
Қиратқан біздің ер күшті
Москава, Ленин қаласын,
Ағы мен көздің қарасын,
Отаның гүлді даласын
Қорғап жатқан ерлерім,
Жауға қарсы аттанды,
Бақыт деген келер дәйім күреспен
Бақыт үшін қарт бабалар күрескен
Бақыт үшін арпалысты қол созумен ұл өскен.
Аружан: Ұлы Отан Соғысына Қазақстаннан 1 миллион 7000 мыңнан астам жауынгер қатысты. Олардың басым көпшілігі ұрыс даласында қаза тауып, хабар ошарсыз кетті. Соғыс оты шарпымаған шаңырақ кем де кем. Жүз мыңдаған ата әкелеріміз соғыстың алғашқы сәтінде ақ майданға аттанды. Жауға қарсы атылған он оқтың тоғызы Қазақстанда жасалды. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына басымызды иіп тағзым етейік. Олардың ерлік істерін ешкім де, ешқашан да ұмытпауы тиіс.
Әсем: Біз қашаннан ер қаһарман халықпыз,
Біз тарихта теңдесі жоқ алыппыз.
Біз күштіміз күштілердің бәрінен,
Біз сөнбейтін күн тәрізді жарықпыз.
Біздер нағыз құдіретті елден біз,
Ғасыр көшін бастау үшін келгенбіз!
Ән: «Соғыстан қайтқан солдаттар.» хор
Көрініс: « Соғыс қасіреті!»
Немересі: Әже, әже! Мен бүгін «бестік» баға алдым. Мен сондай бақыттымын!
Әжесі: Талабыңа нұр жаусын, тамағыңды іше ғой, балам!
Немересі: Қазір тамағымды ішіп, қозыларыммен ойнап, атқа мініп келемін.
Радио: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Кеше біздің ұлан байтақ жерімізге неміс фашисттері тұтқиылдан басып кірді. Герман елшісі соғыс басталғанын таңғы7 - де ресми түрде мәлімдеді. Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Отанымызды жау қапыда басты. Ел үшін, жер үшін барлық ер азаматтар Отан қорғауға аттаныңыздар!
Немересі: Аттан! – деді,
Ол қазір аттанады,
Жауынгердің рөлін атқарады.
Неге бізге үмітсіз тесілесің?
Аттан, әке,
Жолыңнан кешігесің.
Кеудесінде жаны бар пақырлардың
Тауып жейді сенсіз де несібесін.
Әжесі: Иә, сұмдықтың болатынын сезіп ем,
Ел әлсіреп күшті дауыл тезінен,
Тыныш жатқан берекелі Отанға
Қанішердің көз қадарын сезіп ем.
Әкесі: Тыңда, балам, тыңда, күнім,
Болуға жара қолқанат.
Кәрі анам, сәби інің –
Барлығы саған аманат.
Әжесі: Оралшы аман жеріңе,
Көрісші туған еліңмен.
Келін ау, көздей қалтаға,
Топырақ салып беріп жібер.
Келіні: Кебін киген өледі,
Кебенек киген келеді,
Үлкен үйден дәм татса,
Кешікпей дейді келеді.
Әкесі: Барамын тартып Батысқа,
Жортуыл, қырғын, түн қату,
Өлтіру, өлу, атыс та!
Жігіттің жігіт болғаны –
Жаудан елін сақтаса.
Жау шапқанда еліне
Қояндай бұғып қашпаса.
Атой сап жауға кіремін,
Ұлы Отаным, сен үшін!
Мына бір қалған бел үшін!
Қазақ солдаты:
Қош бол, досым, жақыным,
Уақыт тығыз, сөз қысқа!
Кетіп бара жатырмын
Сұрапыл бір соғысқа.
Гүлдана: «Бәріде жылаған»
Ән «Ана балладасы» (деректі фильмнен соғысқа аттану көріністерінен үзінді көрсетіледі).

Аружан: Адамзатым ақиқатқа сеніңіз,
Соғыс деген болған емес тегін іс.
Соғыс деген – қиылған жан, аққан қан,
Соғыс деген – екі жаққа жеңіліс.
Төбеден қайта зулап оқ борайды,
Айналаны алқызыл отқа орайды.
Жеңіс үшін жастығын берген ерлер
Бейбіт өмір еліне төкті арайды.

Нұрлан: 1941 жылдың маусымы
Күндердің аса қиыны.
Тарқатты елдің базарын
Соқты да соғыс құйыны.
Орманы көкпен таласқан
Өксіді өмір адасқан.
Қан жоса боп қара жер,
Қақырап түсті көк аспан.
Әсем: Қанға бояп сұм соғыс,
Боздақтарды жалмады.
Жүректі қозғап бұлқыныс,
Ерлер елін қорғады.
Намыс керек әр іске,
Қайраттың жақсы болғаны.
(Экранға ұрыс майданынан көрініс көрсетіледі.)

Мәншүктің майданнан анасына жазған хаты:
«Қымбатты апа! Бүгін күндіз сәл тынығайын деп жатыр едім бірден ұйықтап кетіппін. Сізді түсімде көрдім. Жеңіспен оралған соң айтатын нәрсе көп ақ. Қолыңызды қатты қысып, құшып сүйемін. Қызыңыз Мәншүк. Менің майдандас жолдастарым сәлем айтып жатыр! 1943 жыл 22 - қыркүйек».

Әлияның Сапура әпкесіне жазған хаты:
«Қымбатты менің Сапурам. Амансың ба? Қазір біз алғы шептеміз. Терең окопта хат жазып отырмын. Немістермен бетпе-бет келіп жүрміз. Менің басымда каска, белімде граната, қолымда винтовка. Солдаттар таңқалады. Фашисттерді аямаймын. Таң ертең командиріміз былай деді: «Мерген Әлия Молдағұлова үш күннің ішінде 14фашистті өлтірді. Иә, Сапура, командир алғыс жариялады. Көріскенше. Жеңіспен қауышайық. Сүйдім. Әлияң. 1943 жыл 13 - желтоқсан».
Мәншүк:
Айтшы, ана, сезіп пе едің сонда сен
Жақындаған қара бұлтты.
Қара нөсер дауылды?
Естіппе едің сонда сен
Өз еліңе жақындаған
Үрей болған сарынды?
Әлия:
О, анашым, күнім деген сенсің ғой,
Әрең жетті әлсіреген дауысың.
Жыламашы, шыдап бақшы ерсің ғой,
Бар емес пе бір жігіттей намысың.
Мәншүк:
Біз сендердей жаңа ашылған гүл едік,
Жерге бақыт, елге бақыт тіледік.
Отан ана отқа күйіп жатқанда,
Біздер ме едік үй бағатын тірі өлік.

Әлия:
Бірақ ерте, тым ертерек жандық біз,
Жанарлардан мөлдір жас боп жандық біз.
Қолымыздан осы болды келгені
Біздей ерте солмау үшін барлық қыз.
Мәншүк:
Жетсек те арманымыз көп еді,
Айтылған жоқ махаббаттың өлеңі.
Біздің туған күнімізді құттықтап,
Бізге ешкім жыр ұсынған жоқ еді.
Бауыржан: Сен - фашиссің, мен - қазақпын,
Сен айтқандай азиатпын
Сен аспаннан жұлдыз қақтың,
Мен далада түйе бақтым.
Енді мынау қарайсың тек,
Дәрменің жоқ, көзіңмен жеп.
Арланасың, қорланасың,
Тұтқын болдым тағыға деп.
Егерде мен түссем қолға,
Қамар ең - ау темір торға.
Олай болмай, бұлай болды:
Біздің бақыт, сіздің сорға.
Сен - фашиссің, мен - қазақпын,
Сен айтқандай *азиатпын*.
Таңқаларсын*философым*
Ғажабына табиғаттың.
Ән «Әлия»---------------------------
- Бұл соғыс дүниежүзін қамтыды, 1945 жылы 8 - мамырда Берлинде фашистік Германия жеңілгенін мойындап қол қойды. 1945 жылы мамырдың 9 - да бұрын соңды болмаған мың зеңбірек 30 дүркін салют атты. Міне, жеңіс күні осылай келді.
- Дүниежүзі халқы бостандық алды. Халық Отан, жер, ел ұғымын терең сезіне түсті.
- Ешкімде ұмытылған жоқ, еш нәрседе ұмыт қалған жоқ.
- Жеңіс деген жақсылықтың сыңары, Жауды жеңген солдаттар.
- Қазақ ұлдары Брест қамалын қорғады. Мәскеу түбінде өлімге бас тікті, Сталинград, Курск доғасындағы шайқастарда ерекше көзге түсті. Берлинді шабуылдады. Рейхстагқа қазақ жігіті Рақымжан Қошқарбаев жеңіс туын тікті.(1945 жылы 30сәуірде)
Радио: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Біздің халқымыздың қаһармандық ерлігі жеңіспен аяқталды! Бұл Жеңіс 20 миллион жерлестеріміздің қанымен, тірілердің табан ет, маңдай терімен келді.
Соғыста ерлікпен қаза тапқан қыршын жастарымыздың қаһармандық рухы ұрпақтан ұрпаққа мәңгі өнеге!
(Майданнан қайтып келе жатқан жаралы жауынгерлер, соғыс жылдарының әуені.)

Аружан: Фашисттермен соғыста от кешкендер,
Кеудесін шұрқ-шұрқ оқ тескендер.
Ұмытылмас ешқашан ерліктерің,
Аждаха ажал оқпен беттескендер.
Жанымдай сүйем халықты
Ерлігі мәңгі даңқты.
Өнеге тұтып өсемін
Бауыржан, Әлия, Мәншүкті!
Нұрлан: Тағзым етеміз саған, жеңіс солдаты!
Рухыңмен асқақ бүгін ел мұраты,
Жеңіс туын көтерген мамыр мәңгі
Ел жанында ерлік боп тамырланды – деп, Отынымызды қорғау жолында қасық қаны қалғанша шайқасқан Кеңес Одағы Батырларына бас иеміз!
Қара бұлтқа оранбасын, күн көкте
Барлық халық, бейбіт өмір сүрмекте
Отанының бақыты үшін мерт болған
Батырларды есіңде ұста, құрметте.
Олар сенің таңғы шапақ нұрың ғой,
Олар сенің мәңгі асқақ жырың ғой,
Мәңгі алауға барып ақырын
Бас киіміңді алып, гүлің қой.
Әсем: Қанды қырғын қан майданда талай боздақ етігімен қан кешіп жүріп өздерінің жастығын, күш жігерін жұмсады. Сол соғыстан оралмаған солдаттарды күтіп, артында аңыраған ана мен әкелер, желкілдеп өсіп балалар, махаббатын, сүйгенін күтіп бойжеткен қыздар қалды. Армандарына жетпей өмірден ерте озған қыршын жастарды, майдангер ерлерімізді бір сәт еске алып аруақтарына іштей дұға арнайық.
(сағат соғысы, бір минут үнсіздік)
«Жеңіс! Жеңіс!»
Тәуекел: Жеңіс туы,
Жеңіс туы,
Желбіресін мәңгілік!
Жеңіс жыры,
Жеңіс жыры,
Асқақтасын жаңғырып!

Фарида: Жеңіс!
Жеңіс келді қалама,
Жеңіс келді далама.
Жеңіс келді әке боп,
Елдегі бар балаға.
Жеңіс келді ән болып,
Келді ауылға сән – көрік
Бағдаулет: Жеңіс деген жақсылықтың сыңары Жігерленген құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуfныш пен мерекенің бұлағы.
Мұғалім: Жеңіс! Осы бір сөз әрбір адам үшін қасиетті де құдіретті! Жеңіс деген сөзді халқымыз 4 жыл бойы күтті емес пе? От пен жалынға оранған 1418 күн мен түн кімнің есінен шығар дейсің? 1418 күннің әрбір сағаты, әр минуты қауіп қатерге толы болғанын қолына қару алып, соғысқа аттанған ата - апаларымыз жақсы біледі. Жеңіс оңай келген жоқ. Бізді осы тәуелсіз бақытты күнге жеткізген батыр ата – апаларымыздың күш жігерінің арты екенін білеміз. Бүгінгі кешімізге сол батырларымыздың бірі Әлия Молдағұлованың туысы Шолпан апай келіп отыр. Біз соғысты көрген жоқпыз, бірақ сол соғыс ауыртпалығын көзімен көріп, басынан кешірген майдангер апамыз Әлия Молдағұлова жайлы бізге әңгімелеп берсеңіз. Жәнеде біздің оқушыларға өз тілектеріңізді білдірсеңіз.
Сөйлеңдер, ал сөйлеңдер, ардагерлер,
Әкелер қатарынан қалған ерлер.
Жорық жолын жеңістің тәмәмдаған,
Теңдессіз тарихтағы майдангерлер.
Қорытынды:
Оқушы:- Мен соғысты Жек көрем!
Көкем айтып отырса,
Кім қасірет шекпеген,
Кім көз жасын төкпеген!
Талай өткен ғасырлар,
Еш соғыссыз өтпеген.
Мен соғысты жек көрем!
Күні ертең – ақ ер жетем!
Туған жерді Әлпештеп,
Кірпік Ілмей Тербетем.
Оқушы:- Жету үшін мұратқа
Сапар шегем жыраққа
Ғұмыр бойы соғысам,
Асу бермес белдермен
Асау өзен, көлдермен!
Мен соғысты Жек көрем!
Адамзатты Жеткізем Арманына Жетпеген!
Оқушы: Болмасын соғыс
Тілегі солай ата - ананың
Жарақат алып, қорғаған елін, Ұлы Отаным,
Көшеде егер балдақты кісі кездессе
Жүрегім соғып ойланып бара жатамын.
Бақтарды басып, танктің тажал табаны,
Қандарға бөгіп бала – бақшалар алаңы
Жауынгер болып от атып жап – жас жігіттер,
Атпаса екен шашынан сүйреп Ананы.
Оқушы: - Болмасын соғыс!
Жасасын Жеңіс – мамыр – ай!
Қозы – лақ шапсын енесін еміп жамырай,
Тау азаматтар жарақат алып жатпасын,
Ажалын тауып қорғасын оқтан тарыдай
О, мейлі, қарын ашығып қалса сәл ғана,
Жаралы елді артпай – ақ қойдық арбаға,
Күн күліп, гүл өсіп тұрсын далада,
Қан қызыл оқтан жараланбасын ақ далада.
Мұғалім: Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталып, еліміз бейбіт өмірге көшті, Қазақ халқының алдында соғыс зардаптарын жою, экономикасы мен мәдениетін, өнер кәсіпті ауыл шаруашылығын, ғылым мен техниканы дамыту тұрды. Тарих тағлымына көз жіберсек қазақ халқы қаншама қиындықтарды басынан өткізіп, бәріне тойтарыс беріп, өзінің шабандылығымен төзімділігі мен парасаттылығын көрсете білді. Егеменді ел, тәуелсіз Қазақстан болып, көшбасшы болып, әлемге танылды.
Жасасын Жеңіс!
Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Болмасын!
Заманымыз тыныш, аспанымыз ашық болып, Сәбидің күлкісі, ананың бесік жыры бізге рухани патриоттық сезім әкелсін.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама