Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 апта бұрын)
Ұстаз және ата - ана.
Ұстаздар алдында тұрған басты міндет ата - ананың мектеппен байланысын күшейту. Сол мақсатта өзімнің жасап жатқан жұмысымның бір көрінісімен сіздермен бөлісуді жөн көрдім әріптестер! Ендеше іске сәт!

Ата - аналардың мектеппен байланысын жетілдіру тәжірибемнен.
Ұстаздарға әдістемелік көмек.
Ұстаз және ата - ана.
«Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз». Иә, осы бір сөз төңірегіне түңілсек көп мағына жатыр. Отбасындағы тәрбие әрбір мүшенің өзін - өзін сақтау, ұрпақты жалғастыру, өзін - өзі сыйлау қажеттігінен туындайды. Отбасында адамның жеке басының қасиеті қалыптасады. Баланы дұрыс тәрбиелеу отбасында, алдымен, жанұя жағдайында, моральдық - психологиялық ахуал, татулық пен өзара түсіністік, сүйіспеншілік пен сыйластық, ауызбіршілік, отбасы мүшелерінің бір - біріне деген құрмет сезімдері, яғни, отбасындағы кіршіксіз таза, мөлдір көңіл - күйіне тікелей ықпал етеді.

Балаға деген таза көңілді, жанашырлықты, ата - аналардың балаларына деген мейірімі мен қамқорлығы, балалары үшін отқа да, суға да түсуге әзірлігі, өмірлік ауыртпалықтар мен қиындықтарды жеңу отбасында қалыптасады. Ал, мектеп табалдырығын алғаш аттаған жас бүлдіршіндерді алғашқы ұстаздары қарсы алып, олардың ата - аналарымен тығыз байланыс жасау ұстаздың міндеті деп есептеймін. Өзімнің 35 жылдық тәжірибеме сүйенсем, сыныбыма қабылданған шәкірттеріме сапалы біліммен саналы тәртіп берумен қатар олардың ата - аналарын мектеппен, ұстазбен байланысын күшейту мақсатында бар күш жігерімді жұмсап отырамын. Мысалы: Алғаш ата - аналарын жиналысын өткізіп, сол ата - аналар туралы сұрақ - жауап анкетасын толтырту арқылы көп мағлұматтар аламын. Ата - анасының тұрғылықты жерін, жұмыс орынын, отбасы мүшелерін, оқушының жас кезінде қандай аурумен ауырғанын, үйдегі мінезін, жақсы көретін тамағы мен заттарын, мінезі, ағайын - тума туыспен қарым қатынасын, оқушының жеке оқу бөлмесінің жасақталуы, қандай өнерге бейім екендігін, толық, толық емес отбасын, аз қамтылған отбасын басты назарға аламын. Үйде оқушының мінезіне әсер ететіндей олқылықтардың болу, болмайтындығын анықтап аламын. Үнемі (ұрыс - керіс, ішкілік) т. б. Кесте бойынша әр апта сайын үш ата - ананы сабаққа қатыстырып, пікілерін арнайы дәптерге жаздырып аламын. Өзімде аптаның сенбі күні екі оқушының үйіне барып, немен айналысып жатқанын, сол аптадағы оқушының білімі мен тәртібі, оқу - құралдарының ұсталу жәйі туралы ата - аналарымен пікір алмасып тұрамын. Ай сайынғы ата - аналар жиналысында, өзім түрлі жаңа форматтағы тренингтер өткізіп, ата - аналарға берілген баяндаманы талқылаймыз. Сөйтіп, бұған ата - анада, оқушыда көндігеді. Жұмысыңда сапа болады. Тәрбиелік шараға міндетті түрде түгел қатысуын қадағалап отырамын. Әке - шешенің жеке басты үлгі - өнегелері баланың дұрыс тәрбиелеуінің ең ықпалды құралы болып саналады. Ата - аналардың үлгі - өнегесінің тәрбиелік мәні балаларға тән үлкендерге, олар тарапынан жасалатын жақсы игілікті іс - әрекеттерге еліктеушілікпен туындайды. Өйткені, бала бойына жеткілікті өмірлік тәжірибе, бейімділік пен икемділік әлі де болса толық қалыптасып бітпегендіктен, ол үлкендердің мінез-құлқына, жүріс - тұрысына, сұхбаттасу мәнеріне, іс - әрекетіне, басқалармен ара - қатынасына еліктейді. Мектептің тәртібіне көнеді. Олай болса, әке - шеше қарым - қатынасы, өзара сыйластығы, бір - бірін қадірлей, мақтан тұта білулері, үй шаруашылығын келісе отырып шешулері бір - біріне көмектесіп отырулары, өзара сұхбаттасу қалыптары, бала үлгі - өнеге тұтып, қабылдап алып, өзінің іс - әрекетінде жасауға тырысатын қылықтарының сипатын құрайды. Үлгі өнегелік бағдаршамы ретінде қабылданады. Отбасылық тәрбие бала тәлімінің мәні бала нәрестелік шағынан ержетіп, оң - солын тани бастаған шақ аралығындағы үрдісінің мазмұнын құрайтындығы нақты тұрмыстық, тәрбиесі және өнегелік үлгілер негізінде пысықталады. Ата - ана тәрбиесі қоғамдық тәрбиемен ұштасады, бірін - бірі толықтырады. Ата - ана тәрбиесі терең ата - аналық сүйіспеншілік пен қамқорлыққа толы болса, қоғамдық тәрбие балалардың өзін көпшілік ортада ұстай білу қалыптарына тәлімдейді.
Жан - Жак Руссо «Бала туғанда ақ қағаздай болып туады, оның үстіне шимайды қалай салсаң қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі де сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді» деген екен.
Бұдан шығатын түйін, бала тәрбиесіне ең алдымен оның ата - анасының еңбекқорлығы, ұстамдылығы, ақыл - ойы,
сана - сезімі, адамгершілігі әсер етпек. Бала – ата - ананың ғана емес, ұлыс пен ұлттың ертеңгісі, келер тарихқа аманат. Жас ұрпақты жан - жақты жетілген, ақыл - парасатты, ой - өрісі биік азамат етіп тәрбиелеу қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынып жетекшісі негізгі рөл атқарады. Отбасымен жүргізілетін жұмыстарды қазіргі уақыт талабына сай етіп ұйымдастыру сынып жетекшісінің маңызды міндеттерінің бірі деп есептеймін. Ендеше, іске сәт, әріптестер!
Сыныптың арын ойлаймын.
Ата - анамен байланысты қолдаймын.

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы,
№9 жалпы орта білім беретін мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі
Есенова Ляиля Байтоллақызы

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама