Ұстазға жүктелген міндет ауыр
Ұстазға жүктелетін міндет ауыр Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұның жаңарту аясында «Биология және Жаратылыстану пәндері бойынша» педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының берері көп. Курс бағдарламасының мақсаты: пәндер бойынша оқу бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу мәнмәтініңде мұғалімдердің шеберлігін жетілдіру болса. Ал бағдарлама міндеттері пәндер бойынша мазмұнын білуін; оқу бағдарламасына сәйкес педагогикалық тәсілдер мен оқу материалдарын қолдануды үйрету; оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін критериалды бағалау жүйесін қолдануды үйрету. Тренеріміз Балапанова Құндыз Серікқызы мұғалімдердің жұмыстарын бағамдау қалай жүргізілетіні түсіндіріліп, ол аспектілерді меңгеруде қолдау көрсетті. Курс арқылы жетілдіріп ой елегінен откізіп рефлексия жасауға оқушыларға барынша қолдау көрсетуге бағытталған жаттығу мен тапсырма әзірлеуде Құндыз Серікызының еңбегі ерекше. Білім-елдердің бәсекелестікке қабілетті болуын қамтамасыз ететің ең тиімді әрі ұзақ мерзімді стратегия. Виллем Те Вельде айтуынша қазіргі таңда экономикалық өсу және мойындауда. Алайда, биология мен құзіреттілігіне оқу үдерісі нәтижелеріне байланысты. Жаңартылған оқу бағдарламаларында оқушылардың бойында құндылықтар мен дағдылар анықталған. Биология пәні бойынша оқу мақсаттары төрт бөлімге бөлінеді, ал «жаратылыстану» пәні бойынша негізгі орта білім деңгейінде - жеті меңгерілетін білік пен дағды, тақырып, білім мен түсінік деңгейіне қарай топтастырылатынын айта келіп бұл оқушыларды алға ілгерлетуде негіз болатынын айтты. Джером Брунердің «Білім беру үдерісі» атты еңбегінде спиральді оқу бағдарламасы қағидаты танымдық теорияға негізделетіні ал бағдарламаның ерекшелігі мектепте оқыған тақырыпты бірнеше рет қайталап оқиды, әр қайталаған сайын тақырып күрделілігі арта түсетіндігі және қарапайымнан күрделі идеяға қисынды ауысу арқылы оқу мақсатына қол жеткізу үшін бұрын алған білімін жетлдіретіні жан-жақты түсіндірілді. Әсіресе оқушылардың белсене қатысатын тәжірибелердің танымдық және тәрбиелік маңызы зор екенін топта әріптестермен жасаған саңырауқұлақтардың ашуын байқау зертханалық жұмыс барысынан байқауға болады. Оқушыларды бұл тәсілді зерттеуге зертханалық жұмыстар жүргізу арқылы тартқан кезде, оларда білуге құмарлық, шығармашылық тәсіл, мәселелердің шешімін таба білу және табандылық сияқты сапалар, ғылым әлемінде өте маңызды болып табылатын сапалар дамитынын саралап айтты. Сабақтың барысында модельдеу кең түрде қолданылады. Сонымен қатар, бірнеше артықшылықтары да бар. Оларды атап айтсақ, модельдеу әдісінің көмегімен бір деректер топтамасынан әртүрлі үлгі жасауға болады, сондай-ақ зертелетін құбылысты әртүрлі түсінуге және теориялық түсініктеме беру үшін олардың ішінен анағұрлым өнімдісін таңдауға болады. Модель құру барысында басқа деректер бойынша толықтыруға жетілдіруге болады. Сонымен қатар, күрделі математикалық модельдермен жүмыс істегенде компьютерді қолдануға болатының практикалық жұмыстар жасау кезінде әріптестермен бірге тренер Құндыз Серікқызының тапсырма жасату барысында көзімізді жеткізді. Проблемалық оқыту мәселе шешу үшін топ құру нақты фактілер, дерек, ой пікір, оқыту сұрақтары, идея айту, іс-әрекет, тапсырмаларын жасау арқылы оқушылардың күйлеріне түсіп тапсырма орындағанда оқушылар сияқты қысқа мерзімді жобаны қорғадық. Проблемалық жағдаяттар тудыру, жоба әдісі, бейнежазбаларды пайдалану биология сабақтарында маңызы зор екендігіне практика жасау арқылы көзіміз жетті. Практикалық жұмыс модельдеу, зертхана,жобалау ідістерін жасап жатқан сәттен көрініс тренер Құндыз Серікқызымен бірге. Биология бойынша оқу бағдарламасының мақсаты оқушылардың заман талаптарына сай білімдері мен біліктерін дамыту; өмірдің мәнін, дамуын, оның түрлі ұйымдасу деңгейлеріне көрініс табуын түсінеді. Өмірдің ең басты құндылық ретіндегі маңызын түсінетін жан-жақты дамыған тұлғаны дайындау болып табылады. Қорыта келгенде мұғалім мектептің жүрегі, сондықтан мұғалім білімді меңгеріп қана қоймай, жас жеткіншектерге де өз білімін тиянақты айқын жеткізуге міндетті. Заман талабына сай әр мұғалім өзінше ізденіп, жаңашылдыққа ұмтылуы керек деп түйндеді.
Салкебаева Жамбы Амрекықы Жәйрем №10 ЖББОМ биология пән мұғалімі