Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Хайуанаттар бағына саяхат (кеңістікті бағдарлау)
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Таным «Ойна да ойлан»
Оқу іс - әрекеті: Қарапайым математика
Тақырыбы: «Хайуанаттар бағына саяхат» (кеңістікті бағдарлау)

Мақсаты: Кеңістіктегі сандар мен заттардың орналасуының бір – біріне тәуелсіз болуы туралы ұғыммен таныстыру; заттарды бір қатарға – солдан оңға қарай оң қолымен санауға, орналастыруға үйрету; «оң, сол, алда, артта, жоғарыда, төменде, алыс, жақын» ұғымдарын одан әрі қарай жетілдіру; геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту (басқа геометриялық пішіндер арасынан тауып алу); жануарларға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу; ойлау қабілеттерін, қиялдарын дамыту.

Қызығушылықты ояту
Ұйымдастырушылық - ізденушілік
Шаттық шеңбері
Жаңа тақырыпқа кіріспе
Балалардың алдында хайуанаттар бағының суреттері ілініп тұрады. Балаларға сурет бойынша сұрақтар қойып, хайуанаттар бағына серуенге баруға шақырамын. Топтың бір бұрышында хайуанаттар бағы жасалып тұрады.
Жаңа тақырып
«Кім дұрыс санайды?» дидактикалық ойыны.
Үстел үстінде түсі мен көлемі әртүрлі арыстан, аю, жылан, түлкі, тасбақа ойыншықтары тұр. Ойыншықтарды әртүрлі етіп ( көлденеңінен, шеңбер бойы, тігінен) орналастырамын, балаларға санатамын.

Сергіту сәті
Ал, балалар тұрмайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз тынығып алайық..

Жұмбақ шешеміз
Алдын ала балаларға көрінетін жерге ойыншықтар қойылады.
Жақпар тастың астында,
Қызыл тонды қыз жатыр.
(Түлкі)
Асты тас,
Үсті тас,
Ортасында шандыр бас.
(Тасбақа)
Әр жұмбақты шешкен сайын сол ойыншықты тапқызып, қайда тұрғанын сұраймын.
Сабақты қорытындылау:
Сұрақтар қойып, тақырыпты қорытамын.
Балаларды мақтап, ұйымдастырылған оқу іс - әрекетін аяқтаймын.
Хайуанаттар бағына саяхат (кеңістікті бағдарлау). жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама