Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Ағылшын тілі пәні бойынша 10 сыныбында жүргізілетін «Елтану» тақырыбындағы қолданбалы курсқа арналған бағдарлама
Ағылшын тілі пәні бойынша 10 сыныбында жүргізілетін «Елтану» тақырыбындағы қолданбалы курсқа арналған бағдарлама

Түсінік хат
«Елтану» қолданбалы курсы Ұлы Британия мен АҚШ - тың саяси құрылымы, мәдениеті, білім және экономика негіздері бойынша оқушылардың білімдерін толықтыруға, жоғары сынып оқушыларына мамандық таңдауларына бағыт беруге негізделген. Курс Қазақстан мен Ұлы Британия елдерінің өзгешелігі мен ұқсастығын, тарихын білуге негізделген. Оқушылар ағылшын тілі сабақтарында алған білімдерін, яғни, «Culture», «The land and the people», «Education» сияқты тақырыптар арасындағы байланысты зерттеп, зерделейді. Курсты оқыту кезінде ағылшын тілі сабағында алған білімдері кеңінен пайдаланылады: The United Kingdom of Great Britain, Geography, Culture, Nature және т. б. Курс 10 - сынып оқушыларына арналған.

Курс мазмұны: Бағдарлама бойынша «Елтану» курсы 10 сыныпқа - 34 сағат.
«Елтану» курсы 6 тараудан тұрады.
І тарау. The land and the people - 12 сағат
ІІ тарау. Education and Culture - 4 сағат
ІІІ тарау. Sport - 3 сағат
IV тарау. The USA. The History of America - 5 сағат
V тарау. Geography and climate Population and cities.
Industry and agriculture Political system - 5 сағат
VI тарау. Education Sport Traditions - 2 сағат
Тест тапсырмалары - 3 сағат

Курстың мақсаты
«Ел тану» қолданбалы курсын оқытуда өздік білімдерін кеңейтіп, теориялық білімді практикамен ұштастыруға, яғни ағылшын тілінде еркін сөйлеу жолдарын қарастыруға, Ұлы Британия туралы білімдерін тереңдетуге оқушыларды бағыттау.

Міндеттері:
• ағылшын тілі сабағында алған білімдерін қолданбалы курста тереңдету, оны болашағында қолдана алуға тәрбиелеу.
• оқып жүрген тілдің елі, оның салт - дәстүрі, мәдениеті, көршілес елдері, саяси құрылымы туралы тақырыптарды өтуде оқушыларды өз бетімен білім алуға жетелеу, сыни тұрғыдан ойлау технологиясының стратегияларын пайдалана отырып курсқа қызығушылықтарын, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
• Оқушылардың өздігінен білім алуды жалғастыру мүмкіндіктерін қамтамасыз ету
Оқыту процесінде төмендегідей жұмыс түрлері жүргізіледі:
- ағылшын тілінде лекциялық және практикалық сабақтар;
- оқушылардың өз бетімен жұмысы;
- рефераттар, баяндамалар;
- қосымша материалдар ретінде оқушылардың өз бетімен әдеби кітаптардан, газет журналдардан мағлұматтарды таңдап, жинауы және альбом, тірек схемалар, кестелер, кітапшалар жасауы, постерлер құруы;
- «Елтану» тақырыбында сыныптан тыс шаралар ұйымдастыру;
- Пысықтау, талқылау, бақылау сабақтары.
Күтілетін нәтиже:
 Сөздік қоры артады, сөздің қолданылу ережелерін мәнмәтінге сәйкес аудара алады;
 Тыңдау арқылы мәтіннің дұрыс дыбысталуына, мағынасын а көңіл аударып, өз сөзімен айтып беруге үйренеді;
 Жазу, сөйлеу, оқу және тыңдау дағдыларын жетілдіріледі.
 Өз бетінше үздіксіз ізденіп, қалай оқу керектігін ұғынады.
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Мустанова Марал
Ағылшын тілі пәні бойынша 10 сыныбында жүргізілетін «Елтану» тақырыбындағы қолданбалы курсқа арналған бағдарлама. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама