Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 сағат бұрын)
XXI ғасырдағы ғаламтор

Қазіргі қоғам – жаңа ақпараттық технологиялардың қоғамы және XXI ғасырдың бұл ағымы – қоғам дамуының жаңа дәрежесіне жеткізді. Ақпарат алмасу, қарым-қатынас орнату, жұмыс іздеу, білім алу мүмкіндігі және тағы басқа іс-әрекеттер шынайы әлемге қарағанда виртуалды әлемде жүзеге асатын болды. Таяқтың екі ұшы болатыны сияқты, әлеуметтік желінің де пайдасы мен зияны да бар.Менің ойымша екі жағында қарастыруға болады.Бірақта,қазіргі заман технолиямен дамып жатқандықтан,пайдасы орасан зор дегенді де мойындаумызға тура келеді.

Қазіргі таңда елімізде ғаламтор пайдаланушылардың саны жыл санап артып келеді.Осы уақытта “әлеуметтік желінің жастарға әсері қандай?”деген сұрақ ойымызға бірден шап ете қалады.Қазір көптеген жастардың ата-аналары бүл үрдістің әсерінен қауіптеніп отыр. Себебі,көбінесе 10-18 жастағы жасөспірімдер әлеуметтік желіге жіпсіз таңылу әсеріне тап болады.Тіпті 10 жастан бастап емес,кішкентай 3-4 жастағы балаларды да айтуға болады.Қазіргі ата-аналар балалары шыр ете қалса болды,қолына телефон ұстатып жұбатады.Міне,қазіргі кезде жасөспірімдердің әлеуметтік желіге,ұялы телефонға деген тәуелділігі.Сондай-ақ әлеуметтік желілер балалардың психикасына кері әсерін тигізуі мүмкін. Ғаламторда жиі отыратын жасөспірімдер ойындар ойнап,сол ішінде,яғни басқа әлемде жүреді. Нәтижесінде, шынайы өмірге бейімделу олар үшін қиынға соғады. Сондай-ақ, мұғалімдердің пікірінше, оқушының сабақ үлгерімінің төмендеуінің басты себебі де осы.Ғаламтор желісінің тек қана зиянында қарастырмаған жөн.Пайдалы тұстарына келсек, ол қашықтағы басқа қаладағы, алыс елдегі адамдармен, таныстарыңызбен жедел тілдесуге оңтайлы құрал. Өзара пікір ғана алмасып қоймай, өміріндегі жаңалықтарымен, суреттерімен бөліседі.Әлеуметтік желі арқылы соңғы жаңалықтар мен оқиғалардан әрдайым хабардар болып отырасың. Жәй хабардар болып қоймай, сол оқиғаға қатысты адамдардың пікірлерімен де танысуға мүмкіндік болады.Әлеуметтік желіден түрлі көңіл көтеретін музыкалар мен әндер, фильмдер, суреттер, мақалалар табасың және бәрі тегін. Оған қоса, білім беретін деректі фильмдер мен кітаптар, лекциялар мен мақалаларды да қалағаныңша тауып оқуға болады.

Қорытындылай келе,айтарым кез келген жасөспірім өзінің күн тәртібіндегі әлеуметтік желінің әкелер пайдасын пайымдап, зиянын зерделеп, онымен жүйелі түрде айналысу керек.Еліміздің болашағы үшін тек білімді жастарды өсіру аздық етеді, бойына ұлттық рухани құндылықтарды дарыта білген жас буын өкілдерін тәрбиелеп шығарғанда ғана Қазақ елі ғасырлар белесінен сүрінбей өтетіні хақ. Еліміздің болашағы жастардың қолында, осы бағытта қоғам болып жас ұрпаққа дұрыс бағыт-бағдар беру әрбір азаматтың борышы екенін ұмытпайық.

Асқар Мөлдір Русланқызы


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама