Қазақ халқы – салт-дәстүрге өте бай ел. Бұл – оның мәдениетті әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы. Белгілі қоғам қайраткері, заңгер Н.Шайкенов: «Ұлт дәстүрі – заңнан биік», - деген. Демек, салт-дәстүрлі ел – мықты әрі тұғыры берік ел. Біздің халқымыз өз ұрпақтарына ғасырдан ғасырға ұлт қасиетін салт-дәстүрмен, өнегені  әдет-ғұрыппен, үлгіні жөн-жосықпен, әдепті ырым, тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл, инабатты қыз өсірген. Ұлттық тәлім, салт-сана сабағы адамгершілік тәрбиесінің аса сенімді әрі ғажайып жол екенін көрсетті. Отаншылдық, ерлік, мәрттік, жомарттық, қайырымдылық, жоғары адамгершілік қасиеттер осы жол арқылы дарыған. Батыр жазушы Б.Момышұлы Ұлы Отан соғысы жылдарында: «Мен өзімнің ұрыстағы тәжірибемнен солдаттың басында жауынгерлік қасиетті тәрбиелеуде халықтардың басынан өткен жауынгерлік жолдары мен ұлттық дәстүрлердің маңызы зор екеніне көзім жетті», - деп жазды. Олай болса, әдет-ғұрып – қазақ халқының мызғымас заңы деп қабылдаған жөн.

Дана халықтың өзі жасаған осы әдет-ғұрып пен жөн-жосықты біліп, үйрену және өмірде қолдану – ағайынды адастырмас сара жол. Мұны отбасында ата-ана, мектепте ұстаз, көпшілік ортада ақсақалдар жастарға үйретіп, айтып отырса, ұтарымыз көп болар еді.

Қазақтың салт-дәстүрлері:

— Ас қайыру

— Алық

— Ауылдың алты ауызы

— Баталасу

— Бәжі басу

— Бітім

— Билік ақы

— Дәм татыру

— Жамбы ату

— Жол-жоралғы

— Жөн-жосық

— Келін қолынан шай ішу

— Көңіл шай

— Керегеге керу

— Көгенге түсу

— «Кінә менде»

— Қайындап бару

— Нағашылап бару

— Қырық жеті

— Қоңсы қону

— Қол ұстатар

— Қыз алып қашу

— Мығау жазасы

— Науқасты күзету

— Өкіл куйеу

— Өртпен тазалау

— Сабақ басы

— Сөзге тоқтау

— Тарту-таралғы

— Төрелік

— Түстену

— Шошай тәртібі