Последнее обновление

(Время обновление 1 час назад)
Алматыдағы выпуск кешінің автошеруі полицияның араласуымен аяқталды

Алматыда мектеп бітірушілердің соңғы қоңырау мерекесін атап өту кезінде ұйымдастырылған автошеру тәртіпсіздікке айналып, полицияның араласуына себеп болды. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлады.

Қала мектептерінің біріндегі оқушылар, қала аумағында мұндай шерулерге тыйым салынғанына қарамастан, автокөліктердің легін құрып, қала көшелерімен жүріп өтті. Бұл әрекет салдарынан 21 кәмелетке толмаған оқушының ата-аналары жауапқа тартылды. Сонымен қатар, автокөліктерді пайдалану ережелерін бұзғаны үшін бес әкімшілік хаттама толтырылып, көліктер айыптұраққа қойылды.

Полиция ескерту жасады

Алматы қалалық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Абдинур Тасыбаевтың айтуынша, полиция бұған дейін мұндай автошерулердің, әсіресе кәмелетке толмағандар қатысатын жағдайлардың заңсыз екенін ескерткен болатын. Алайда, кейбір азаматтар заң талаптарын елемеген. Полиция мұндай жағдайларға қатысты қатаң шара қолданылатынын мәлімдеді.

Билік өкілдері ата-аналар мен мектеп бітірушілерді мерекені қауіпсіз жағдайда тойлауға және жол ережелерін сақтауға шақырды.

Мерекелік шараларға қойылған шектеулер

Биыл ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен Ішкі істер министрлігі аттестат табыстау және выпуск кештерінің тек мектеп аумағында өтуі керектігін тағы да еске салды. Ресторандарда, коттедждерде немесе басқа да банкет залында мерекелік іс-шаралар өткізуге тыйым салынған. Дегенмен, ата-аналар бұл шектеулерге қарамастан, мерекеге дайындықты қызу жүргізіп жатқаны байқалады. Алматы, Астана және Шымкент қалаларындағы банкет залдарының көбісі қазірдің өзінде толықтай брондалған.

Новости

Реклама