informburo.kz
- 26 мая 2026 23:31
- 28
Алматыны масалар жайлады: ғалымдар жәндіктердің жаппай пайда болу себептерін анықтады
Алматы қаласын соңғы кездері масалар жаппай басып алды. Бұл құбылыстың себебін Қазақ өсімдіктерді қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының мамандары анықтапты. Олардың болжамы бойынша, мұның бірнеше себебі бар.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мамандардың айтуынша, ауа райының жылынуы, жоғары ылғалдылық, жасыл желектің қарқынды өсуі және қаланың арық жүйесінің ерекшеліктері масалардың көбеюіне ықпал етуі мүмкін. Зерттеушілер қазіргі уақытта бұл жәндіктердің нақты түрлерін анықтап, жағдайды бақылауда.
Қала әкімдігінің шаралары
Қала билігі масалардың жаппай пайда болуына байланысты аумақтарды өңдеу жұмыстарын бастап кеткен. Қазақстанда рұқсат етілген препараттар қолданылуда. Бұл құралдар адамдар мен жануарлар үшін қауіпсіз екені айтылды.
Тұрғындардың шағымдары
Бұған дейін әлеуметтік желілерде Алматы тұрғындары масалардың шамадан тыс көбейгеніне шағымданған болатын. Олар жәндіктердің көздеріне, мұрындарына және шаштарына кіріп, көшеде жүруге мүмкіндік бермейтінін айтты. Осыған байланысты қаланың экология басқармасы себептерін анықтау үшін тиісті ғылыми-зерттеу ұйымдарына сұрау салған.