- 07 февр. 2017 00:00
- 292
Қазақстан мектептеріндегі әрбір сыныпқа Wi-Fi орнатылмақ
ҚР Білім және ғылым министрлігі еліміздегі мектептердің әрбір сыныбына Wi-Fi орнатпақ. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында аталған ведомствоның басшысы Ерлан Сағадиев мәлім етті.
«Бүгінде интернет мектептердің басым бөлігіне тартылуда. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында осы мәселе шешілмек. Алайда, әр сыныптағы ішкі Wi-Fi желісі де маңызға ие. Біз қысқа мерзімде Қазақстанның барлық мектептерінде құрылымдалған кабельді жүйені қамтамасыз ету бойынша ауқымды жобаны бастауды жоспарлап отырмыз»,-деді Сағадиев.
Осы орайда ол бұл жабдықты жергілікті атқарушы органдар сатып алуы тиіс екенін жеткізді. Жалпы, бұл бағыттағы жұмыстарға қомақты қаржы қажет емес көрінеді.