Последнее обновление

(Время обновление 1 месяц назад)
Қазақстандық әрбір оқушының мектепте жеке шкафы болады

ҚР Білім және ғылым министрлігі мектептерде әрбір оқушыны жеке шкафтармен қамтамасыз етпек. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында аталған ведомствоның басшысы Ерлан Сағадиев мәлім етті.

«Оқулықтарды, аяқ киім мен спорттық жабдықтарды сақтау үшін мектеп оқушысын жеке шкафпен қамтамасыз ету әлемдік тәжірибе. Бұл жобаны біз мектеп директорларымен, өрт сөндірушілермен, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау саласының өкілдерімен ұзақ талқыладық. Бұл бағыттағы қадамдар өз кезегінде көптеген проблеманы шешеді, оның ішінде оқушы рюкзагының ауырлығын жеңілдетеді. Әрбір балада жеке шкафы болуы тиіс»,-деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, осы жұмыстар ағымдағы жылы жергілікті атқарушы органдардың қаржысына бастауыш сыныптардан басталмақ.


You Might Also Like

Новости

Реклама