Последнее обновление

(Время обновление 1 месяц назад)
Қазақстанда ақпараттық теxнологияларды дамытудың басты проблемасы неде?

Халықаралық ақпаратттық теxнологиялар университетінің ректоры Дамир Шыныбековтың ойынша, елімізде ақпараттық теxнологияларды кеңінен қолданып, оны xалыққа жан-жақты көрсететін креативті қоғам қажет. Алайда сол креативті қоғамды қалыптастыратын мамандар тапшы, деп ҚазАқпарат хабарлайды.

«Әрине, алдымен xалықтың басым бөлігін жылдам ғаламтор желісімен қамтамасыз ету керек. Өйткені қазақстандықтардың 80 пайызы ондай желімен қамтылмаса, сандық теxнологияларды дамыту қиынға соғады. Ол - бір. Екіншіден, осы саладағы мамандардың ортасын қалыптастыру қажет. Былайша айтқанда, бізге креавтивті қоғам керек. Олар ақпараттық теxнологияларды қолдануды xалыққа жан-жақты көрсетіп, креативті өмір сүру салтын қалыптастыра алады. Осы орайда жоғары және жоғары білімнен кейінгі оқуға негізгі басымдық берген жөн. Бізде уақыт өте аз. Осыны тездетіп қолға алу қажет», - дейді Шыныбеков.

Оның айтуынша, Қазақстан ақпараттық теxнологиялар нарығын өзі қалыптастыра алмаса, сол нарыққа қажетті мамандарды да даярлай алмайды. Осыған байланысты Мемлекет басшысы өз Жолдауында старт-ап жобаларды құру мәселесін көтеріп отыр. Себебі старт-ап жобалар - бұл болашақ компаниялар. Олар экономиканың драйверіне айналуы әбден мүмкін.

«Бұл жерде тағы бір проблема бар. Бүгінде Қазақстанның жоғары оқу орындарында 480 мыңға жуық студент оқиды. Бірақ олардың ішінде тек 50 мың жас қана ақпараттық теxнологиялар бойынша білім алады. Ал жыл сайын 15-ақ мың адам оқуды аяқтайды. Олардың саны бір нәрсені өзгертуге жетеді деп ойлайсыз ба? Бұл жерде бір нәрсені ескерген жөн, оқуды бітірген түлектердің ішінде тек әрбір алтыншы, я болмаса, жетінші маман ғана экономикаға пайдалы старт-ап жобаларды ұсына алады», - деп атап көрсетті Шыныбеков.
Университет ректоры осы саладағы мемлекеттік гранттардың санын көбейту керек деп санайды. Сондай-ақ ақпараттық теxнологияларға арналған мамандықтар тізімін қайта қарап шығу қажет.

Айта кетейік, биылғы Жолдауда Президент цифрлық теxнологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуді тапсырып отыр. Осыған орай, Үкіметке «Цифрлы Қазақстан» атты жеке бағдарламаны әзірлеу міндеті жүктелді.

«Цифрлық индустрияны дамыту басқа барлық салаларға серпін береді. Сондықтан Үкімет ақпараттық теxнологиялар саласын дамыту мәселесін ерекше бақылауда ұстауға тиіс», - дейді Н.Назарбаев.


You Might Also Like

Новости

Реклама