Последнее обновление

(Время обновление 1 час назад)
"Қызыммен сүйіскені несі?": Қайрат Нұртастың әрекеті жұртты екіге айырды

Әнші Қайрат Нұртас пен оның қызы Алаудың амандасу сәті желіде қызу пікірталас тудырды. Әке мен қыздың арасындағы бұл әрекеттің дұрыстығын көпшілік сарапқа салды.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әке мен қыз арасындағы шекара

Әлеуметтік желідегі Threads платформасында бір қолданушы: "Әке мен қыз арасындағы махаббатты түсінемін. Бірақ еріннен сүйіп амандасу қаншалықты дұрыс?" деген сауал тастады. Бұл сұрақ көпшіліктің назарын аударып, пікірлер екіге жарылды.

Қолдаушылар мен сыншылар

Бір топ желі қолданушылары бұл әрекетті жат санап, "Норма емес, ужас", "Ерін түгіл папамызды жылына бір рет құшақтаймыз", "Әкеңмен ерін арқылы сүйісу сұмдық қой" деп сынға алды. Олардың пікірінше, бұл әрекет әдепсіздік.

Ал екінші топ бұл жағдайды түсіністікпен қарап, "Әр отбасының өз ережесі бар", "Кішкентайынан үйреніп қалған шығар, өз қызы ғой", "Сүйсе өз қызы, қумай отырыңдаршы" деп әншіні жақтады. Олардың ойынша, бұл – отбасылық қарым-қатынастың жеке мәселесі.

Новости

Реклама