aikyn.kz
- 28 янв. 2026 04:00
- 18
Роза Рымбаеваның немересі жұртты таңғалдырды: Зейіннің ерекше қабілеті
Роза Рымбаеваның үш жасар немересі Зейін өзінің зеректігімен әлеуметтік желі қолданушыларын таңғалдырды. Оның анасы, қобызшы Ақерке Бүркітбай, ұлының бейнежазбасын әлеуметтік желіде жариялады. Онда Зейін онға дейін санап, анасының сұрақтарына жауап беріп, әр елдің туын жатқа біліп, жаңылыспай көрсетіп тұрғанын көруге болады.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Зейіннің ерекше қабілеті
Зейін Қазақстан Туын бірнеше рет көрсетіп, ерекше сүйіспеншілікпен қайталаған. Желі қолданушылары оның есте сақтау қабілетінің жоғары екенін айтып, жарқын болашақ тіледі.