Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Адамдар әлемінде. Қарым - қатынастағы қиындықтар
Ақмола облысы Көкшетау қаласы № 19 ОМ
педагог – психологі Курмашева А.Н.

«Адамдар әлемінде. Қарым - қатынастағы қиындықтар» тренинг сабағы

Мақсаты: жасөспірімдік жалғыздықты алдын алу арқылы суицидтік мінез – құлықты алдын - алу.
Кімдермен өткізілді: 5 - 6 сыныптар

1. «ЖАРНАМАЛЫҚ РОЛИК» жаттығуы.
Нұсқау:
- Жарнама не екені барлығымызға жақсы белгілі. Күнделікті өмірде біз теледидар арқылы жарнамалық роликтер көріп, әртүрлі тауарларға жасалған презентациялардың түрлері жайында түсініктеріміз бар. Барлығымыз жарнамаланған тауарлардың тұтынушысы болғандықтан, жарнама бойынша маман болып алғанымыз әсіре айтылған емес деп ойлаймын. Қазір біз осы жерге өзіміздің бір тауарымызға жарнамалық ролигімізді жасауға жиналып отырғандай елестетіп көрейік. Біздің міндетіміз – белгілі бір тауарды халыққа таныстыру арқылы оның жақсы жақтарын көрсету, оларды қызықтыру. Барлығы – кәдімгі жарнамалық қызметтегідей.
Бірақ бір ерекшелігі, біздің жарнама объектіміз арамыздағы белгілі адамдар болады. Қазір әрқайсымыз сендердің есімдерің жазылған карточкаларды аламыз. Сендерге өз есімдерің түсуі мүмкін, бірақ ештеңе етпейді, онда өздеріңді өздерің жарнамалайсыңдар. Біздің жарнаманың ережесі бойынша сендер жарнамалайтын адамның есімін атамайсыңдар. Одан қалды, сендерге сол адамды кәдімгі тауар немесе қызмет көрсету түрі ретінде елестету ұсынылған. Егер де сенің объектің адам кейпінде туылмаса, не болуы мүмкін деп ойлайсың. Мүмкін тоңазытқыш па? Немесе қала сыртындағы үй ма? Тоңазытқыш болса, не қылған тоңазытқыш? Немесе қала сыртындағы үй болса, ол қандай үй?
Жасаған жарнамаларың қандай халық категориясына арналғанын атаңдар. Сонымен қатар, жарнамалық роликте жарнамалау объектілерінің ең маңызды және шынайы сапалары көріну керек. Әр жарнамалық роликтің ұзақтығы 1 минуттан аспау керек. Соңында топтың қай мүшесін жарнамалағанын топ мүшелері тауып алу керек.
Қажет болса сынып бөлмесіндегі кез - келген заттарды қолдануға және басқа ойыншыларды көмекке шақыруға болады.
Дайындыққа 10 минут уақыт беріледі.

2. «КӨЛЕҢКЕ» жаттығуы.
Мақсаты: бір - бірлерін түсіне білу қабілеттерін дамыту.
Нұсқау: Өз сыңарымызды таңдаймыз. Біріншісі «адам», ал екіншісі оның «көлеңкесі» болып бөлінеміз. Адам музыканың ырғағымен әртүрлі қимылдар жасайды, ал көлеңкенің міндеті сол қимылдарды бұлжытпай қайталау. Кейін «адам» мен «көлеңке» орнымен ауысады.

3. «СЕЗІМДЕРДІ АТА»
Нұсқау:
Қанекей көрейік балалар, кім маған әртүрлі сезімдерді білдіретін сөздерді ең көп атап бере алады екен. Кезекпен сөздерді айтып, оларды ватманға жазып отырыңдар.
Бұл жаттығу қатысушылардың эмоция сөздіктерін байыту мақсатында жүргізіледі. Жаттығуды екі топтың арасында сайыс немесе жалпы топтық «ми шабуылы» ретінде өткізуге болады. Топтың жұмыс нәтижесі - сөздер жазылған ватманды сабақ бойы қолдануға болады. Жұмыс барысында тізімге жаңа сөздерді енгізуге болады – бұл сөздікте топтың эмоционалдық тәжірибесі көрсетіледі.
Талқылау:
Аталған сезімдер арасынан қайсысы басқаларынан қарағанда саған ұнайды? Сенің ойыңша, қай сезім ең жағымсыз? Мына сезімдердің ішінен қайсысы саған жақсы таныс немесе аса таныс емес?

4. «СИҚЫРЛЫ АЛАҚАН» жаттығуы.
Әр қатысушы парақтың жоғарғы шетіне есімін жазып, параққа алақанының суретін қарындашпен түсіреді. Алақанның әр саусағына өзінің жеке қасиеттерін жазу ұсынылады, саусақтарды әртүрлі түстерге бояуға да болады. Кейін «алақандар» шеңбер бойынша аралайды да, басқалары сол алақан иесіне тән басқа жеке қасиеттерін саусақтардың арасына жазады.
Талқылау:
Өзің туралы не білдің? Қандай жаңалық білдің? Талқылау барысында біз өзімізді қалай қабылдайтынымызда және басқа адамдар бізді сыртынан қалай байқайтындығында шындықтың ұшы бар екеніне баса назар аударту.

5. «ӨРМЕКШІ ТОРЫ» жаттығуы.

Мақсаты: Топта жұмыс жасау, көмек көрсету.
Бұл жаттығуды орындау үшін тоқыма жібі қажет. Барлығы шеңбер құрып тұрады. Жіптің бір ұшын мықтап ұстап, қарама - қарсы тұрған адамға жақсы лебіз – тілек, мадақтама сөз айту арқылы жіп матогын бересіз. Жіптің өзіңіздегі ұшын мықтап ұстап тұрасыз. Осылайша жіп матогын бір - біріне жақсы сөздер айту арқылы беріп, жіпті мықты ұстап, тартып тұрады. Кейін барлығы матогты алып болған соң, маток сізге қайтып келу керек. Соңында қатысушылар бір - бірін жіп арқылы бір торды құрап тұрғанын көреді. Торымыз бұзылып кетпеу үшін, біз бір - бірімізбен тығыз байланыстымыз. Егер біреуіміз өзіміздегі жіптің ұшын жібере салсақ, сол жердегі тор бұзылып қалады. Қатысушылардан осы жаттығу олардың шынайы өмірлерін қалай көрсететіндігі жөнінде сұрау.

6. Тренинг қорытындысын шығару. Рефлексия.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама