Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Келер шақ
Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы,
Бөрлі негізгі орта қазақ мектебінде
бастауыш сынып мұғалімі
Майманов Нуркан Джаныбекович

Қазақ тілі 4 – сынып
Сабақтың тақырыбы: Келер шақ

ІІ. Психологиялық тренинг
Күн жарығын алақанға саламын
Жүрегіме басып ұстай қаламын
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейрімді.
Болып кетер сонда дереу жан - жағым

Сабақтың тақырыбы: Келер шақ
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға келер шақ және оның түрлері туралы түсінік беру.
2. Дамытушылық: Оқушының сөйлеу тілін дамыту, өз ойын еркін, жатық жеткізе білуге одан әрі дағдыландыру, өз бетімен іздене білуге, ой қорытуға үйрету.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, батылдыққа, туған жерін, елін сүюге тәрбиелеу.

Түрі: Жаңа сабақты меңгерту.
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндіру, іздендіру, топпен жұмыс
Көрнекілігі: оқулық, үлестірмелі қағаздар, семантикалық карта
Пәнаралық байланыс: әдебиет

«Гүл сыйлау» әдісі
1. Етістіктің шақтары дегеніміз не?
2. Шақтың қандай түрлері бар?
3. Осы шақ дегеніміз не? Түрлерін атаңдар.
4. Өткен шақ деген не?

Келер шақ
Келер шақ іс - әрекеттің алдағы уақытта болатынын білдіреді.
Не істеймін?
Не істейсің?
Не істейді?

Мен сырғанаймын.
Сен... сырғанайсың.
Сіз... сырғанайсыз.

Ол... сырғанайды.

Біз сырғанаймыз.
Сендер... сырғанайсыңдар.
Сіздер... сырғанайсыздар.
Олар... сырғанайды.

Екі күн жаңбыр жаууы мүмкін бе? (жоқ, өйткені күндердің арасында түн бар)
Тамақ пісірер алдында қазанға алдымен не салады? (көз салады)

Слайдын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама