Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
«Табиғат» тарауынан өткен тақырыптарды қайталау. Тест.
Шығыс Қазақстан облысы,
Зырян ауданы, «Зырян қаласының
№9 орта мектебі» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Матаева Аглиман Бултукановна

Дүниетану пәнінен сабақ жоспары. 2 - сынып.
Тақырыбы: «Табиғат» тарауынан өткен тақырыптарды қайталау. Тест.
Мақсаты: Оқушылардың өтілген материалдардан білімдерін жүйелеу, бекіту, қалай түсінгендерін байқау; өмір тәжірибелерін қолдана отырып, теория мен практиканың бірлігін ұштастыру, байланыстырып сөйлеуін дамыту, пәнге қызығушылықтарын арттыру; табиғатты қорғауды дәріптеу.
Күтілетін нәтиже:
1. Оқушылардың көкжиек туралы білімдері нақтыланады;
2. Ауа, қасиеттері туралы білімдері жүйеленеді;
3. Су туралы білімдері толықтырылады;
4. Топырақ туралы білімдері кеңейтіледі;
Құралдар. парақшалар, тест тапсырмалары; стикерлер, фломастерлер

1. Ұйымдастыру:
Тәлім сәті: Музыка ойнап тұрады. Оқушылар көңілді музыка әуенімен сынып бөлмесіне кіреді. Бәрі біздің қолымызда, жақсы іс жасап, нәтиже көрсете білу де біздің қолда!

2. Сабақ мақсатын хабарлау.
- Біз бүгін дүниетану сабағынан өтілген «Табиғат» тарауының төрт тақырыбы бойынша білімдерімізді қайталап, бекітеміз, қалай түсінгенімізді тексеріп, тест тапсырамыз.
Табыс критерийін ұсыну:
- Өтілген тақырыптар бойынша бір - бірімізбен білімімізді бөлісу;
- Сабақта өмір тәжірибемізден алған білімімізді қолдану;
- шығармашылықпен белсенді жұмыс жасау;
Әрбір оқушы стикерге өз жауаптарына орай + белгісін қойып отырады. Сабақ соңында барлық ұпай саны жинақталып, қорытынды баға қойылады.
Ал, іске сәт. Бүгінгі сабақта барлығыңа сәттілік тілеймін.

3. Үй тапсырмасын тексеру.
«Жұбыңмен талда»: Әркім үй тапсырмасын орындап келді. Барлығы орындарынан тұрып, басқа топтың мүшелерімен жұптасады. Өз эсселерін бір - біріне оқып беріп, дұрыс - бұрысын талдайды. Ақылдасып, бір - біріне баға қояды.
«Күн, ай, бұлт».

4. Білім қайталау. 5 кезеңнен тұрады.
1 - кезең: Өмір тәжірибемізден...... Табиғаттан байқағандарың бойынша өз білімдеріңмен бөлісіңдер. Әр сұраққа жауап берген оқушы 1 ұпай алады.
1. Солтүстікке қарама - қарсы қай бағыт орналасқан?
2. Сұлба мен суреттің айырмашылығын ата:
3. Дәптеріңе сыныптың сұлбасын қалай салар едің? (масштабын кішірейтіп)
4. Қандай шар суға батпайды?
5. Жанып тұрған майшам төбесін жауып қалсақ не болады?
6. Жұқа киіммен адам неге тоңады?
7. 3 майшам тұр. Оның 1 - еуін өшіріп тастап едім, неше майшам қалады?
8. Доп неге секіреді? Оны секіртіп тұрған не?
9. Құс ауамен ғана ұша алады. Неге?
10. Бізді неге күн күйдіріп кетпейді?

Қорытынды: Кім неше сұраққа жауап берді, өздеріңе сонша ұпай қойыңдар.

2 - кезең. «Конверттегі сұрақ». «Достар жазған әңгіме»- деп аталады. Сендердің өз достарың әңгіме жазып отыр. Сондықтан, топпен оқып талдап, келісесің бе, жоқ па, өз пікірлеріңмен бөлісіңіздер. Тағы не қосар едіңдер?
Топтар1 минут ақылдасып, өз ойларын айтады. Ұжымға бір оқушы шығып, топтың пікірін білдіреді.
Басқа топтар «Екі жұлдыз, бір тілек» айтады.

Талданатын тақырыптар:

Жердің көрінбейтін киімі - ауа деп санаймын. Ол бізге көрінбейді. Иіссіз, түссіз, сығылады. Қыздырғанда көлемі ұлғаяды. Ауаны біз таза ұстауымыз керек. Кір ауамен демалсақ, біз есімізден танып қаламыз. Ауаның көмегімен құстар ұша алады, өйткені олардың қауырсынында ауа бар.
Мен сумын.
Мен сумын. Жер бетінің төрттен үш бөлігін алып жатырмын. Көзге көрінемін және еритін заттарды ерітемін. Мен кейде сұйық, газ, қатты күйде кездесемін. Адамдардың денесінің 65 пайызын алып жатырмын. Мен тіршілік көзімін. Әдемілікті сақтаймын. Судың жанындағы ағаштарды кесуге болмайды. Өзеннің суын ішуге болмайды. Өйткені, ол тұщы. Теңіздің суы ащы болады.
Мен топырақпын.
Жердің құнарлы, әрі жұмсақ қабаты топырақ деген мен боламын. Мен бүкіл жер бетінің асыраушысымын. Менің бойымнан су, ауа, шірінді, құм, сазды көруге болады. Әлемдегі бүкіл жер, судың құрамын да реттеп отырамын. Өсімдіктердің жайқалып өсуіне, адамдар, жануарлардың тіршілік етуіне көмектесемін. Құмды, сазды жердің топырағы құнарлы болады. Жануарлар үшін мен баспана болып саналамын.
Мен табиғатпын.
Адам табиғаттан жарық, су, ауа, жылу, тамақ алады. Өсімдіктерді суару, сындырмау, ағаштардың діңін әктеу, далаға қоқыс тастамауды біздің табиғатқа жасаған қамқорлығымыз деп білемін. Адам табиғатқа шыққанда көкжиек тұстарын білуі шарт. Көкжиек тұстарын анықтайтын құралды қол сағат деп атайды. Ал, тапа тал түсте күнге арқаңды қаратып тұрсаң, көлеңкеңмен де тұстарды анықтауға болады.
Топ жетекшілері, топ мүшелерінің жұмыс істеуіне қарай ұпай береді.
3 - кезең: «Ішіне, тысқары»
Әр топқа сөздер беріледі. Сол сөздердің ішінен тақырыпқа сай сөздерді алып жабыстырады.

1 - топ: «Су»: жабысқақ, серпіледі, ағады, түссіз, мөлдір, сығылады, тұрақты пішіні болмайды, тіршілік көзі, қатты, сұйық, газ түрінде болады, сұйық, еріткіш, иіссіз, жылуды сақтайды.
2 - топ: «Ауа»: жабысқақ, серпіледі, ағады, дәмсіз, түссіз, мөлдір, сығылады, тіршілік көзі, еріткіш, иіссіз, жылуды сақтайды, барлық жерде кездеседі, орны бар, жеңіл, отты жанғызады, көзге көрінбейді.
3 - топ: «Топырақ»: серпіледі, құм, саз, шірінді, ауа, су, жабысқақ, еріткіш, өсімдік өседі, жұмсақ қабат, құнарлы, қорек көзі, баспана.
4 - топ: «Көкжиек»: тұсбағар, көкжиек сызығы, солтүстік, батыс, шығыс, оңтүстік, сұлба, сурет, масштаб, иіссіз, серпіледі, құнарлы.
«Кір жаятын жіпке» топтар өнімдерін іліп, қорғайды.
Топ жетекшілері, топ мүшелерінің жұмыс істеуіне қарай ұпай береді.
4 - кезең: Тест. 5 - сұрақ беріледі. 5 минут уақыт. 5 минут тексереді. Бағалау.
«Күн, ай, бұлт» Дұрыс жауап экранда көрсетіледі.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Слайдын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама