Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Адамдар ғарышты қалай зерттеді?
Жаратылыстану
Бөлім: Жер және ғарыш
Ортақ тақырып: Саяхат
Сабақ тақырыбы: Адамдар ғарышты қалай зерттеді?
Сабақтың оқу мақсаттары: 1. 4. 2. 1 астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде сипаттау;
1. 4. 2. 2 ғарышты зерттеуге арналған құрылғылар мен ұшу аппараттарын сипаттау;
1. 4. 2. 3 жекелеген ғарыштық денелерді атау және сипаттау

Бағалау критерийлері: Астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде сипаттайды
Ғарышты зерттеуге арналған құрылғылар мен ұшу аппараттарын сипаттайды
Жекелеген ғарыштық денелерді атау және сипаттайды

Ойлау дағдыларының деңгейі: Білу және түсіну, қолдану.
Сабақ мақсаттары: Оқушының барлығы мынаны орындай алады:
Астрономияны ғарыш туралы ғылым екендігін біледі
Оқушылардың көбі мынаны орындай алады:
Ғарышты зерттеуге арналған құралдарды және ұшатын аппараттарды суреттей алады.
Оқушылардың кейбіреулері мынаны орындай алады:
Қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізе алады. Алған білімдерін өмірде қолдана алады.

Тілдік мақсат: Оқушылар орындай алады:
Нақты тақырыпқа арналған сөздік қор мен терминология:
Астрономия, Телескоп, Шоқжұлдыздар, Ай күнтізбесі, Күн күнтізбесі, Ғаламшарлар (Планеталар)
Құндылықтарды дарыту: Табиғат заңдарын тануға және құбылыстарды зерттей білуге тәрбиелеу
Акт қолдану дағдылары: Бейнежазба, таныстырылым
Ресурстар: Суреттер, күнтізбе, АКТ, глобус, дүрбі, микроскоп, ғаламшарлар модулі тәрізді заттар.
Пәнаралық байланыс Дүниетану

Сабақтың басы
Аспанмен тілдесу 2 минут
Топқа бірігу (зымырандар)
Сәлемдесу Армысыздар ұстаздар!
Ашық аспан арайлы
Саған жиі қараймын
Оқып зерттеп сабақта
Көп мәлімет алайын!
1-топ Астрон номос (жұлдыздар заңы)
2- топ Ғарыш (космос)
3-топ Күн жүйесі (солнечная система)
4-топ Құс жолы (галактика)
5-топ Ғаламшар (планета)
6-топ Шоқжұлдыз (созвездие)
Әр топ атының мазмұнын сұрау және түсіндіру

Сабақтың ортасы
Мағынаны тану 2минут
Қызығушылықты ояту
Ал, балалар!
Біз өткен сабағымызда Ғарышпен танысқан едік. Ендеше бүгін адамдар ғарышты қалай зерттегені туралы білетін боламыз. Олай болса араларыңдағы бас ғарышкерді және дәрігерді ортаға шақырайық.
Дәрігер бас ғарышкердің денсаулығын тексеріңіз.
- Басқарушы бас ғарышкер ұшуға дайын. Тамыр соғысы бірқалыпты. Көңіл - күйі жақсы. Ұшуға рұқсат етіңіз. Рұқсат!
Балалар, орнымыздан тұрып көзімізді жұмайық. Өздеріңді ғарыш әлемінде жүрміз деп елестетіңдер.

Көңілді бейне әуен, жұлдыздар 1минут
Түрлі түсті жарық сәулелер. Ғарышқа саяхат
Ал, балалар! Сабағымызды ғарышта жалғастырайық
Қызықты сұрақтар топтамасы
Ожау
Темірден жасалған қазық
Шляпа
Қыздың суреті
Есектің суреті
Қызыл түс
Алдарыңдағы дүрбі не үшін керек?
Калейдоскоптан не көре аламыз?
Бұл қандай зат?(глобус)
Улануға қарсы құрал
Мына зат неге ұқсайды? (жердің жасанды серігіне)

А. Назарбеков атындағы №87 жалпы орта мектеп
Мұғалімінің аты - жөні: Әжен Э.

Адамдар ғарышты қалай зерттеді? жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама