- 05 нау. 2024 04:31
- 346
Аспан әлемінің құпиялары
Сабақтың тақырыбы: Аспан әлемінің құпиялары
5 сынып
Сабақтың негізделген оқу мақсаттары: О1. Ақпаратты түсіну
5. О1. Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну.
Бағалау критерийі: - мәтін бойынша мазмұндайды;
Ақпаратты «5 - 5 - 1» әдіс арқылы талдау жасайды.
Ресурстар: Оқулық, таратпа материалдар, А4(6), маркер, скотч,
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, әдебиет, музыка, салауаттану
Ұйымдастыру 8 минут
1. Оқушылармен амандасу
Сәлеметсіңдер ме, балалар! (оқушылардың жауабы) Жақсы, орнымызға отырамыз
Сыныпта кім кезекші? (оқушы жауабы)
Ортасы 27 минут
«Бұрыштар» тәсілі. Әр бұрышқа а4 қағазына әртүрлі мамандық атаулар ілінеді. Оқушы өз қалауы бойынша қалаған бұрышындағы тапсырманы орындайды.
Бағалау критерийі: Мәтінді оқиды. Түсіндіреді. Кестеге жазады.
Тапсырма - 1: Мәтін «Аспан өрнектері». Мәтінді оқыңыздар. Сұрақ дайындаңыз. Кестеге негізгі және қосмша ақпаратты жазыңыз.
Бастапқы танысу:
Түнгі аспанға көз салсаң, жұлдыздардың өрнектер, түрлі пішіндер құратынын көресің. Мұндай белгілі бір суретті құрайтын жұлдыздар тобын Шоқжұлдыздар деп атайды. Аспанда 88 Шоқжұлдызы бар. Олардың кейбірі жануарлардың, енді біреулері ежелгі батырлар мен Құдайлардың құрметіне солардың аттарын иеленген.
Жер күнді айналғандықтан, біздің әртүрлі Шоқжұлдыздарды бақылауға мүмкіндігіміз бар.
Жетіқарақшы – аспанның солтүстік жарты шарындағы Шоқжұлдыз. Оның жеті жұлдызының сыртқы пішіні шөмішке ұқсайды.
Қазақ халқының түні бойы темірқазықты айыру үшін қолданған. «Темірқазықты бетке ал» немесе «Темірқазығың сол иығыңда болсын» деп жолаушыларға жол сілтеген.
Жетіқарақшыға ұқсаған тағы бір «Шөміш» бар. Ол да жеті жұлдыздан тұрады және «Кішіқарақшы» деп аталады. Жетіқарақшы екеуі бір - біріне жақсын орналасқан. Бірге туып, бірге батады. Жетіқарақшының басы оң жаққа, сабы сол жаққа, Кішіқарақшының басы сол жаққа, сабы оң жаққа қарап тұрады. Кішіқарақшының сабының ұшындағы жұлдыз Темірқазық, ең шеткі екі жұлдыз Ақбозат, Көкбозат деп аталады.
Белсенді оқылым: Мәтін ішінен алты сұрақ дайындаңыз.
1. Мәтін не туралы?
2. Жұлдыздар тобын қалай атаймыз? Неліктен?
3. Аспанда неше Шоқжұлдызы бар?
4. Қазақ халқы жол бағдарлау үшін қандай жұлдызды пайдаланды?
5. «Шөміш» деп нені атады? Неліктен?
6. Кішіқарақшының сабының ұшындағы жұлдыз қадлай аталады?
Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты болжайды.
▪ Негізгі ақпарат
Аспанда 88 Шоқжұлдыз бар. Жетіқарақшы, Кішіқарақшы, Темірқазық, Ақбозат, Көкбозат
▪ Қосымша ақпарат
Әртүрлі пішіндер құрайды, жұлдыздар түнде көрінеді, жолаушы жол бағдарлайды
Мұғалімнің аты - жөні: Кожагулова Жаннур
Аспан әлемінің құпиялары жүктеу