Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Әдептілік - әдемілік
Әдептілік - әдемілік
Мақсаты: Оқушыларды әдеп пен сыпайылық арқылы жаман әдеттерден аулақ болуға, сиқырлы сөздерді қолдану арқылы әдептілікке тәрбиелеу. Әдептіліктің өзі әдемілік екендігін түсіндіру. Адам бойындағы ұнамды - ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін және ұлттық құндылықтарды бойларына дарыту, таным белсенділігін арттыру.

Мұғалім: Біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз "Әдептілік - әдемілік"деп аталады. Ол Сара Алпысқызы Назарбаеваның "Өзіңді тану" бағдарламасы негізінде өтеді.
"Сен қандай баласың?" суреті ілінеді.
- Жақсы болу - өзіңненн
Жаман болу - өзіңнен.
Өзіңді өзің ая да
Өзіңнен үйрен өзіңнен.
- Жақсылық көрсең біреуден,
"Мен қандаймын?" - деп ойла
Жамандық көрсең біреуден,
"Мен қандаймын?"- деп тағы ойла.
- Өзіңді - өзің қолға ал
Өзіңсің ақыл - айнасы.
Тиеді саған мәні бар
"Өзіңді тану" пайдасы.
- Тәуір киім, тәуір ас
Бере ме тәуір тәрбие.
Тәрбиелі ұл - қыздың
Ата - анасы әулие.
- Өзіңді - өзің таны да
Тағы да ойлан, тағы да.
Қандай боп өсіп келесің
Қазақтай елдің бағына?
М: - Балалар, алдымен "әдепті"сөзіне жауап іздеп көрейік. Әдепті бала қандай бала деп ойлайсыңдар?
О: - Әдепті бала ата - анасына сүйікті болады.
- Әдепті бала үлкендерді сыйлайды.
- Әдепті бала кішілерге, қарттарға, мүгедектерге көмектеседі.
- Мектепте алыспау, жүгірмеу де әдептілік.
- Жаман сөз айтпау, жаман әдеттен қашық болу - әдеп.
- Сәлемдесіп жүру, жақсы сөздер айту да - әдептілік.
М:- Олай болса, сол сәлемдесу туралы сөз қозғайық. Әдепті баланың тәрбиесі - сәлемінен - ақ көрініп тұрады. Халқымыз ежелден - ақ сәлемдесуге ерекше мән берген. Әңгімені амандасудан, есен - саулық сұрасудан бастаған. Сәлемі түзу балаға үлкендер риза болып, батасын береді. Ал үлкеннен бата алған бала әдепті болады.
Сәлем - сөздің анасы.
М: - Қалай амандасу керек?
О:- Ассалаумағалейкүм
- Уағалайкүмассалам (Екі оқушы бірі - ата, бірі бала болып көрсетеді.)
"Көрші атам"М. Жаманбалиновтың өлеңі тыңдалады.
М:- Балалар,"Ассалаумағалейкүм","Уағалайкүмассалам" сөздерінің мағынасын қалай түсінесіңдер?
О:- Ассалаумағалейкүм - "Алланың нұры жаусын"
Уағалайкүмассалам - "Өзіңізге де соны тілеймін"дегенді білдіреді.
М:- Тағы қалай амандасуға болады?
О:- Халқымыз қол алысып амандасуға ерекше көңіл бөлген. Ата - анам мені кішкентайымнан "Ағаңа қолыңды беріп амандас","Көкеңнің қолын ал" деп үйретті. Солай істеп жүрмін.
О:- Наурыз мерекесі кезінде төс қағыстырып амандасады.(екі оқушы көрсетеді).
О:- Әже, апалармен "Саламатсыз ба?","Сәлем бердік","Есенсіз бе?"деп амандасамыз.
М:- Сәлемге байланысты тағы қандай сөздер білесіңдер?
О:- Қазақ салтында тәуліктің мезгіліне қарай "Қайырлы таң","Қайырлы күн","Кеш жарық" деп те амандасады.
М:- Ал, балалар, кім бірінші болып амандасуы керек?
О:- Кіші адам үлкен адаммен, ер бала қыздармен бірінші болып амандасады.
М:- Үйге немесе класқа кірген адам отырғандармен бірінші болып амандасады, ал кетіп бара жатқанда қалғандармен де бірінші болып қоштасады.
М:- Қандай жағдайда тұрып амандасады?
О:- Әдептіліктің бір белгісі - орныңнан тұрып амандасу. Біз апайларымызбен, ата - аналарымызбен класқа келсе, тұрып амандасамыз. Қоштасқанда да тұрып қоштасамыз.
М:- Амандасу кезіндегі сақталуға тиісті ережелерді білесіңдер ме?
О:- Сәлемдескенде дауысты көтермей, жылы шыраймен, достық пейіл таныту - сәлемдесудің басты шарты.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама