Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
И дыбысы мен әрпі
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті: Сауат ашу және жазу
Сабақтың тақырыбы: И дыбысы мен әрпі
Мақсаты:
1. И дыбысы мен әрпімен таныстыру.
2. И дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасату.
Білімділік мақсаты:
1. Балаларға и дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуға үйрету.
2. Балалардың сөздік қорларын байыту.
Дамытушылық мақсаты:
1. И дыбысына қатысты жаңа сөздерді оқыту арқылы балалардың тілін дамыту.
2. Сурет бойынша әңгіме құрастырып, сөйлеуге жетелеу.
Тәрбиелік мақсаты:
1. Балалардың өз ойын еркін айтуға дағдыландыру.
2. Балаларды шапшаңдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: Суреттер, сөзжұмбақ, текшелер, кеспе әріптер, бейнесөз, ажырату ойыны, сергіту, жұмбақтар,
Әдіс – тәсілдер: Сұрақ – жауап, сөздік, түсіндіру, тіл жаттықтыру,
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың барысы:
1.. Шаттық шеңбері
Қайырлы таң досым!
Қайырлы күн болсын!
Жеті күннің әр кезі
Сәттілікке толсын!
Біздің алар бағамыз
Кілең бестік болсын!
2. Өткен сабақты пысықтау
1. Қазір қандай сабақ?
2. Дыбыстар нешеге бөлінеді?
3. Дауысты дыбыстарды қандай текшемен белгілейміз?
4. Дауыссыз дыбыстарды ше?
Жұмбақ
Кіруге адам батпайды,
Затыңды аман сақтайды
Шешуі: Сандық
5.. Біз сауат ашу сабағынан қандай әріптермен танысып едік? (Қане, есімізге түсіріп көрейікші)
3. Әріптер әлемінде
Суретте екі түсті сандықша бейнеленген, оның біреуі қызыл, екіншісі көк, балалар көрсетілген сандықшаға әріптерді кіргізуі керек. А Т П Н Ғ Р Л У Ш Й О Қ Д М Б С Ы Ж Ұ Ң Е К! Ә
ІV. Буыннан сөз құра
Тақтада берілген буындардан сөз құрату арқылы өткен сабақты пысықтап алу.
ТА РА НА УА ОЙ НА ҚО РА МА ТА БА ТА СО НА АҢ ШЫ СҰ ЛУ КЕ СЕ
4. Сөзжұмбақ
Тақтада берілген суреттердің бірінші әрпін тауып, сөз құрастыру.
И Д Ы Б Ы С Ы
М Е Н Ә Р П І
5. Кім жылдам? Жұмбақтар Үйді қорғайды,
Үйшікте тоңбайды,
Шешуі: Ит
Жылмаң-жылмаң етеді,
Жылмаңдап сайдан өтеді,
Із - міз тастап кетеді.
Шешуі: Ине
Өзі төрт қанатты,
Және алты аяқты
Сөйтсе де тікұшаққа ұқсайды.
Шешуі: Инелік
6..«И» әрпі қай буында?
Инелік
Киік
Ки
7. Тіл ұстарту жаттығуы
Ие – ие – ие
Шөгіп жатыр түйе
8. Дәптермен жұмыс
1. Дәптердегі берілген сөздерді хормен оқыту.
2. Жеке балаларға оқыту
И – НЕ, И - НЕ – ЛІК, ШИЕ, ШИ, ШИ - ЕЛІ
9. Сөздік жұмыс
Ине – іс тігетін құрал
Инелік – жәндік
Шие – жеміс
Шиелі - Қызылорда облысындағы аудан аты
10. Сергіту жаттығуы
Орнымыздан тұрайық,
Қолды белге қояйық.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз тынығып алайық
Бір, екі, үш
Орнымызды табайық
11. Жазу жұмысы
И и И и
12. Сызба бойынша сөйлем құрастыру
Ине суреті
13. Бейнесөз
ЛІК
14. Сергіту жаттығуы
Жел соқты гу – гу,
Жаңбыр жауды тырс – тырс
Жаңбыр басылды,
Күн ашылды.
15. «Кім зейінді?»
Исатайдай батыр болам,
Иса ағамдай ақын болам,
Игі іске батыл болам,
Игілікке жақын болам.
16.»Ажырату» ойыны
И Й
17. «Шие» тақырыбына мәтін құрастыру
Имаш пен Иса баққа шие екті. Оны суарды, баптады. Шие жақсы өсті.
18. «Сөз ойла, тез ойла» ойыны
Инелік
Киік
Ине
Шие
Ит
19. Мадақтау
Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтап өту.
20. Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама