- 19 сәу. 2018 00:00
- 223
Әлемдегі барлық эскалаторлар басқыштарын неліктен ойлы-қырлы етіп жасайды?
Жоғары көтеріліп-түсетін өнертабыс 1896 жылы Нью-Йорктегі «Кони-Айленд» саябағында туристердің көңілін көтеру үшін пайда болды. Алғашқыда ол енсіз жұқа тақтайшалы тегіс резеңке таспа түрінде болған. Ал бүгінде миллиондаған адамдар кедір-бұдыр басқыштары бар заманауи эскалаторларды күнделікті пайдаланады. Баспалдақтың мұндай күрделі сыртқы түрі дизайнерлердің ойлап тапқаны емес, бұл үлкен механизмнің өте маңызды элементі.
Мұндай күрделі конфигурациялардың қандай қызмет атқаратынына назар аударып көрейік.
Эскалатордың баспалдақтары неліктен ойлы-қырлы?
Қыс және күз айларында эскалатордың басқыштарына ылғал жиналып қалады да, жолаушылардың тайғанап, құлап қалуы айтарлықтай артып кетеді. Көлемді тік жолақтар дәл осы нәрседен қорғайды: олар жолаушының аяқ киімінің табаны мен басқыш арасындағы жабысуды жақсартады. Ал жолақтар арасындағы ойықтар ылғалды кері қайтару үшін қажет.
Элекрлі баспалдаққа кейде орамалар, қаптамалар және басқа да майда қоқыстар түсіп кетеді. Егер басқыштар тегіс болғанда, онда оның бәрі «тараққа» (таспа жолдың соңында түзу сызыққа жиналады) кетіп қалады. Соның кесірінен қозғалыс құралы белгілі бір уақытқа дейін тоқтап қалар еді. Торлы жабындының арқасында олай болмайды: барлық ірі қоқыстар төсемнің сыртына шығып қалады.
Ұстағыштар неліктен басқыштардан тезірек қозғалады?
Ұстағышты айналдырып тұратын дискілер уақыт өте келе желініп, ұстағыштың жылдамдығы азая береді. Бұл эскалаторға жөндеу жұмыстары керек дегенді білдіреді.
Мұндай елеусіз, бірақ жақсылап ойластырылған бөлшектерсіз біз жоғарыға жиірек жаяу көтерілер едік және электрлік баспалдақта тайғанап кетер едік. Бірақ бақытымызға орай, эскалаторлардың тоқтап қалуы сирек орын алады. Ал одан оңайлықпен тайғанап, құлап кетпейсіз.
Дереккөзі: adme.ru