Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Антропогендік фактордың экологиямызға əсері

Қазіргі таңда адамзаттың табиғат анамызға деген жанашырлығының азаюы салдарынан экологиялық аппаттар күннен-күнге көбеюде. Көзі ашық көкірегі ояу адамдар осы аппаттың бірден-бір себебі ол антропогендік факторлар екенін жақсы біледі. Көпшілігіміз антропогендік факторлардың көзі ірі-ірі зауыттар, полигондардан екенін жақсы білеміз, жәнеде табиғат жанашырлары экологиямыздың тазалығы үшін білек сыбана кірісуде. Табиғат анамыздың жағдайына бей-жәй қарап қалталарының қамын ойлаған адамдарға салық, айыппұл салуда, талап етіп заңға енгіздіргенде осы табиғат жанашырлары болатын. Қалтасының қамын ойлаған кәсіпкерлердің  табиғат қамын ойламай, ақшаны  табиғатымыздан жоғары қою салдарынан, экологиялық аппаттар ғаламдық деңгейге жетіп аппаттармен күресу, оларды тоқтату күннен-күнге қиынға соғуда. Мысалға, мұздықтардың еруі, ғаламдық жылыну, теңіз суларының тартылуы, су деңгейінің көтерілуі, су тасқындарының бірден-бір себебі адамзаттың немқұрайлылығы салдары. Ең бірінші экологиялық аппаттар себебі  2-ші дүниежүзілік соғыс болды,  1945  жылы атом бомбыларының бір тараптан, екінші тарапқа толлассыз қолдану салдарынан  жер бетінің тең жартысы жапа шекті. Одан кейінгі ірі зауалдардың бірі ол 1986 жылы Чернобыльдағы техногендік апат салдары адам денсаулығына қатты зиянын тигізіп адамдар түрлі ауруларға шалдығып, адамдардың көбі мүгедек болып, ауру балалар көптеп дүниеге келді. Дәл осындай зардап біздің еліміздегі  Семей полигонының жарылысынан болды, сол полигон әсері, адамзатқа әлі күнге дейін әсер етуде. Семей ядролық полигоны ауданында 450-ден астам жер үсті және жер асты ядролық сынықтары өткізілуі нәтижесінде ауамызға, су қабатына, жер қабаттарына  өте үлкен мөлшерде радиоактивті материалдар шығарылды. Осы апат салдары еліміздің бірнеше аймақтарына да әсерін тигізбей қоймады ол  Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жезқазған. Білуімізше апат салдары Ресейдің  Алтай өлкесінде айналып өтпеген. Бұл аппатты сынақтарды тоқтатуға Невада-Семей қозғалысының басшысы Олжас Сүлейменовтың және  табиғат жанашырларының бейжәй қарамағанының салдары қозғалыс пайдасына шешіліп, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев сынақ өткізуге маратори жариялап, Полигон жабылуына  елбасы жарлығымен 1991 жылы 29 тамызда қол қойылды. Сынақ тоқтағанына 28-ші жылға аяқ басқанымен сол сынақ салдарын ешкім жадынан шығарған емес, бұл сынақ салдары, сол аймақтың табиғатына, адамзатына, жан-жануар, аң құстарына үлкен зардап шектірді. Қазіргі таңда  өндіріс орындарының  мұржаларынан  ауаға шығатын улы заттардың концентрациясы  белгіленген мөлшерден асып кетуіне байланысты зиян көптеп келуде, олардың құрамында ауыр металдар. шаң-тозаң, күкірт тотығы, көмір  қышқыл газдары бар. Алысқа бармай-ақ осындай себеп салдарынан жақында болған жағдайды мысалға келтірсек, 2018 жылы Атырау облысында балықтардың бір мезетте қырылуы  себебі ұзаққа дейін анықталмаған болатын, бірақ экологтар бұған  зауыттар, мекемелер себеп болғанын бірден болжаған еді. Анықталғандай экологтар қателеспеген екен, жақында балықтардың  қырылуына  Атырау су арнасы мекемесінің теңізге хлор төгуі себеп болғаны анықталып, мекемеге айппұл салынған болатын, бірақ осылай салықтар салынғанымен зардап шеккен экожүйемізді ешкім, ешбір айппұлдар қалпына келтіре алмайды. Өйткені зауыт, мекемелерден шығатын, шығарылатын зиянды қалдықтар ауамызға тарап озон қабатының жұқаруына әкеліп соғады,  ал озон қабаты мүлдем  қалпына келмиді, ол жер анамызды  қорғап  тұрған  басты қабат  болып табылады. Ал озон қабатының маңызын, ең басты қорғаушы қабат екенін, маңызын эколог мамандары, казгидромед мамандары, табиғат жанашырлары біледі. Озон қабатының жер  бетіндегі тіршілік үшін  маңызы зор. Озон қабаты ультракүлгін сәулелерін жер бетіне  жеткізбей, сәулеленуді алдын алады.  Ол күннің  тіршілікті жойып жіберетін  ультракүлгін сәулелерін ұстап  қалады.  Озон қабатының жұқаруы ең алғаш  20-шы  ғасырдың  80-ші жылдарында  Антарктида мен Арктикада байқалды.  Озон  қабатының  жұқаруы  өткен ғасырда  пайда болғанымен  себебі әлі күнге дейін  талас  тудыруда,  көпшілігі  себебі  антропогендік жағдайларға  байланысты, әсіресе  өнеркәсіпте және күнделікті  тұрмыста  озон қабатын бұзатын құрамында  хлоры бар  хлодадондарды пайдалануға  байланысты  пайда болады деді. Соңғы 20  жылдықта  озон қабатының  тесігі ұлғая түсуде   ғалымдардың зерттеуі бойынша, жыл сайын озон қабаты 4% -ға  ұлғаюда, озон жыртығы арқылы күннің  ультракүлгін  сәулерлерінің атмосфераға  еш бөгетсіз өтіп кетуі  қоршаған ортаның ластануындағы  тірі организімдерге  яғни  табиғатқа, адамзатқа, жан- жануар, аң-құстарға  қауіп қатер туғызады. Түрлі  індеттер және  қатерлі ісік ауруларының  көбеюіне  әкеледі, жәнеде  күннің  ультракүлгін  реакциясының  жоғары  ластануынан  өсімдіктерде  жүретін фотосинтез  процесі  мен протеиіннің  түзілуі  тежеледі.  Озон  қабатының  тесілуін  ең алғаш  ағылшын  зерттеушісі Дж. Фарман байқаған болатын, ал 1985 жылы  осыған орай  озон  қабатын  қорғау  туралы Вена конвенциясы  қабылданды.  Негізінде ала берсек  антропогендік  факторлардың  мысалдары көп.  Мысалға өткен жылдың  еншісінде қалған  Ел ордамыздағы  смогтың  пайда болуын  алсақ, бұл  аспандағы  қою қара  түтіндердің  себебі де зауыттар әсерінен  пайда болған  өнеркәсіптерден, зауыттардың  мұржаларынан  қою қара түтіннің  шамадан тыс мөлшерде  бөлінуі   әсерлерінен Елорда аспаны қараға боялып  тұрғындарды  қатты  алаңдатқан  болатын  осындай  мұржалардан  шыққан  қою қара түтіндердің  себебінен кейбір  мемлекеттерде тіпті қыста жауатын  ақ түсті қардың орнына, қараға боялған  қарлар жауып адамзатты қатты алаңдатуда.  Адамзат ойланбайынша  мұндай қателіктер күннен-күнеге  көбейіп  озон  қабатына кері әсерін тигізуде. Озон қабатының  тесігі  күннен-күнге  ұлғайып,  оның  табиғат  анаға  қалай әсер  етіп  жатқанының куәсі болып  келе жатырмыз.  Соның  бірден-бір  дәлелі  көршіміз  Ресейдегі  болған  орман өрті,  сол өрттен  қаншама жан-жануар, аң-құстар, ағаштар,өсімдіктер зардап шекті  бәрі осы  адамзаттың  немқұрайлылығынан,  бұл өрт  болып  жатырғанда да, адам немқұрайлылығы  тиылмай өртті сөндіруге  де,  енжарлылық танытылып  орман алқабының  құтқаруға  келетін  біршама  гектары  өрт құрсауынан шыға алмады. Бұл Ресейдегі  өрт  тоқтады деп   табиғат жанашырлары бір дем алғанда, ол аз болғандай  әлемдегі  ең әдемі, ерекше  табиғаты бар, жан-жануар, аң-құстары  көптеп  және сирек  кездесетін  Австралияға жетті  бұл өрт  тіпті өте  ұзаққа  созылды,  Ресейдегідей  жан-жануар, аң-құстар тірідей жанды, ол талай  жүрегінде мейірімі  бар адамның жүрегін қарс  айырмай қоймады , осы өрт салдарынан  Австралияның  тіпті  жойылып кетуі  әбден мүмкін,  өйткені Австралияның  символдары куалалар  жойылды, қанша  сирек кездесетін  жануарлар  түбегейлі  жойылды, адамдар жапа шегіп, үйлері отқа оранды.  Егерде  мемлекеттер көптеп көмектескенде қаншама  Австралия жері өрт құрсауынан  аман қаларма еді.   Австралия билігі  барынша  өртті  толастамақ  болды бірақ  күш қолдары  жетпеді  бұл  көп  адамдардың табиғатқа  немқұрайлы  қарау  салдары.  Бұдан былай  адамзаттың  немқұрайлылығы  тоқтамаса  ғаламшарымыз  түбегейлі жойылып кетуі мүмкін бірақ,  табиғат жанашырлары  барда  ондай  қауіптің  пайызы төмен  болатынына сенуге болады.  Табиғат  жанашырлары  көбейіп қалтасының  қамын  ойлайтындар  қателіктерін түсініп,  зиянды әреккеттерін тоқтатып. «Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, Табиғаттың оны айтатын тілі жоқ» дегенді терең түсінсе, табиғат анамызда бірнеше ғасырлар бойы сол сұлулығын сақтап қалуға мүмкіндігі көп болар еді. Сондықтан  адамзат әліде  кеш болмай тұрғанда  табиғатымызды аялайық, табиғатымыз зардап шексе  бізге ақшаның да, басқаның да қажеті болмайды.  Экологиялық  тазалық  тек біздің ғана қолымызда,  бізден басқа ешкім көмектесе  алмайды, ал зиян дегеніміз кішкене қоқыс қалдықтарынан бастап, ірі өнеркәсіптерге жетеді, тазалықты өзімізден бастап айналамызға жан ашыр болайық адамзат.                                                                 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама