Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Ши бауырсақ

Сүтке, жұмыртқа қосылған сорпаға иленген қамыр созылып, ұсақтап туралады да мол етіп май құйылып, соған қалқытып пісіріледі. Мұндай бауырсақтың дәмі кәмпиттің дәміндей болады. Үгітіліп тұрады.

Ши бауырсаққа қажетті заттар:

Ұн – 500 гр.
Сары май – 100 гр.
Жұмыртқа – 1 дана.
Қант – 1 ас қасық.
Тұз – 1 шай қасық.
Ас содасы – 1 шымшым.
Су.

Жасалу жолы:

1. Үлкен ыдысқа ұнды салып, ортасына ұңғыма жасаймыз. Ортасына сары майды ерітіп құямыз, жұмыртқаны саламыз.

2. 2 стақан жылы суға тұз, қантты ерітеміз де, ұнға біртіндеп құйып, қаттырақ қамыр илейміз.

3. Қамырды 30 минутқа иі қанғанша жауып қоямыз.

4. Қамырды 3-4 күлшеге бөліп, әрқайсысын 0,5 см қалыңдықта жаямыз.

5. Енді жайылған қамырды 3-4 сантимерлік сызықша етіп кесіп, әр сызықты 0,5 см-дей таяқшаларға бөлеміз.

6. Бауырсақты майға қуырамыз. Осымен бауырсағымыз дайын.

Ас болсын!


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама