- 05 нау. 2024 01:14
- 339
Ақсақалдың ақ батасы. Жуан және жіңішке жұп дауыстылар
Сабақтың тақырыбы: Ақсақалдың ақ батасы. Жуан және жіңішке жұп дауыстылар.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың бата жайлы алған білімдерін толықтыру.
Қазақстанның халық жазушысы — Мұзафар Әлімбаев жайлы түсінік бере отырып, өлеңнің негізгі идеясын ашу, мағынасын түсіндіру. Жуан және жіңішке жұп дауысты дыбыстардың түрін ажырата білуге үйрету.
Міндеті:
1. Өлеңдегі ойды түсініп, оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауына жағдай жасау.
2. Тақырыпқа байланысты жүйелі түрде іздену, бата түрлерін ажырату,
оқу - жазу дағдыларын жетілдіру, сабаққа қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру.
3. Адамгершілікке, кішіпейілдікке, әдептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақты әдісі: Сабақты түсіндіру, әңгімелеу, ізденіс сабақ, сатылай кешенді талдау, жинақтау.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, нақыл сөз, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Психологиялық көңіл - күй.
Ардақта тіліңді!
Ардақта тіліңді,
Ал одан білімді.
Өз тілің үйретер
Өнерді, ғылымды.
Тіліңсіз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.
(Балалар менің алдымда әр түсті геометриялық фигуралар жатыр. Сендер өздеріңе ұнаған түстеріңді таңдаңдар. Қызыл, көк, сары, жасыл түсті геометриялық фигураларды таңдау арқылы 4 топқа бөлінеді)
- Қазақ алфавитінде неше әріп, неше дыбыс бар?
Жауабы: 42 әріп, 40 дыбыс бар
- Әріп дегеніміз не, дыбыс дегеніміз не?
Жауабы: Әріпті көреміз, жазамыз. Дыбысты естиміз, айтамыз.
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
Жауабы: Дауысты, дауыссыз дыбыстар
- Жуан дауысты дыбыстарды кім айтады?
Жауабы: (а, о, ұ, ы)
- Жіңішке дауысты дыбыстарды кім айтады?
Жауабы: (ә, е, ө, і, ү)
ІІІ. Жаңа сабақ
Олай болса, бүгінгі біздің жаңа сабағымыз «Жуан және жіңішке жұп дауыстылар. Ақсақалдың ақ батасы»
- Дауысты дыбыстар өзара ұқсас дыбысталады. Мысалы а - ә, о - ө, ы - і, ұ – ү
ереже айтылады
а - ә, о - ө, ы - і, ұ - ү жуан және жіңішке жұп дауыстылар. Олар өзара ұқсас дыбысталады.
46 - жаттығу. Сөздерді салыстырып оқыңдар.
Сан - сән от - өт ыс - іс ұн - үн
Нан - нән боз - бөз тыс - тіс тұс – түс
- Балалар, сөздің жуан, жіңішке айтылуы неге байланысты?
- Осы жерден қандай ереже шығаруға болады?
- Сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса, сөз жуан айтылады. Ал, сөздегі дауысты дыбыстар жіңішке болса, сөз жіңішке айтылады.
Төрт топ жуан дауыстыларға мінездеме береді
1топ: Сан сөзіндегі жуан дауыстыларға мінездеме бер
2 топ: От сөзіндегі жуан дауыстыларға мінездеме бер
3 топ: Ыс сөзіндегі жуан дауыстыларға мінездеме бер
4 топ: Ұн сөзіндегі жуан дауыстыларға мінездеме бер
Сергіту сәті:
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз.
Бар әлемнің баласын
Құрметтейік біз
ІҮ. Дәптермен жұмыс: 47 - жаттығу.
1. Жаңылтпашты тездетіп, дұрыс оқы
2. Сөздердегі ә дыбысының астын сызайық.
Дән - дәулет,
Дәулет - дән.
Сән - сәулет,
Сәулет - сән

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.