Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 апта бұрын)
Аяулы менің - анашым!
Тақырыбы: Аяулы менің - анашым!
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға көктемнің алғашқы аналар мерекесі туралы мағлұмат беру.
Міндеті:
1. Аналар мерекесі туралы ойларын ашық айта білу.
2. Оқушыларға салт - дәстүрі мен әдет - ғұрыптарын сақтай білуге сөздік қорын молайтып, ой - өрісін дамыту.
3. Халқымыздың салт - дәстүрлері арқылы биязылыққа, инабаттылыққа, ана өнегесінен үлгі алуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелесу
Көрнекілігі: "Ана" туралы нақыл сөздер, суреттер, сөзжұмбақ

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Мұғалімнің алғы сөзі:
Ана дегеніміз - әлемнің жан - дүниесі, оның бастауы мен таусылмайтын жалғасы. Анамызға деген көңіліміз, мейіріміз ұшан - теңіз.
Анамыздың көңілі шат, жүзі жарқын, дені сау болуын әрқашан тілей отырып 1"Б" сынып оқушыларының "Аяулы менің - анашым" атты мерекелік бағдарламасына қош келдіңіздер.
1 - жүргізуші: Ана біздің күніміз,
Ананың біз гүліміз
Ұланыңды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз.
2 - жүргізуші: Сендерден өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті біздің аналар!

"Ана туралы жыр" хор
1 - оқушы: Бәрімізге анасың, -
Біз үшін күн боп жанасың.
Құтты болсын мейрамың
Құттықтаймын анашым!
2 - оқушы: Достықты біз ойлаймыз
Бірге күліп ойнаймыз.
Қыздарды да құттықтап,
Мерекесін тойлаймыз.
3 - оқушы Еркелеткен өзің анам
Құшағыңды жайдың маған.
Кеше біздер бала едік,
Өсіп қалыппыз енді анам!
4 - оқушы: Мәпелейсің мені, анам
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам
Құшағыңда қысылмай.
5 - оқушы: Біліп тұрсың, жан анам,
Міндеті үлкен ботаңның.
Күтері сол баладан
Ана менен Отанның!
"Ана біздің гүліміз" хор

1 - жүргізуші: Адам бойындағы барлық жақсы қасиет күннің нұрынан, ананың сүтінен таралған
2 - жүргізуші: Сондықтан құрметті асыл аналар, өздеріңізге арнау - өлеңдерді қабыл алыңыздар.
1 - оқушы: Бізді өсіріп, баптаған,
Жақсы болсақ, шаттанған
"Алтыным" деп мақтаған
Аяулы менің ақ мамам!
2 - оқушы: Әр сөзіңді жаттаған,
Жүрегімде сақтағам
Анашым деп мақтанам,
Аяулы менің ақ мамам!
3 - оқушы: Мақтаныңдар, аналар,-
Қыздардан батыр, дана бар.
Әлем сүйген батырлар -
Әлия мен Мәншүкте!
4 - оқушы: Ана - көркі көгімнің
Ана - нұры жерімнің.
Ана - бағы баланың
Мақтанышы елімнің.
1 - жүргізуші: Қыздарды көрсем бір түрлі,
Өзімнен - өзім мұңданам.
Тоймайды көзім жүз көрсем,
Жайқалған менің гүлдерім.
2 - жүргізуші: Мың бұрала билейтін қыздарымыздың "Айгөлек" биін тамашалаңыздар.
1 - жүргізуші: Ол саған бәрінен де қымбат. Сен үшін ол - жақының, досың ұстазың. Сондықтан да сен бір - ақ адамды білесің. Ол - ана!
2 - жүргізуші: Олай болса ана туралы мақал - мәтел айтайық.
1. Ананың сүті бал, баланың тілі бал.
2. Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды.
3. Ердің анасы - елдің анасы.
4. Ағайын алтау - ана біреу.
5. Ана жақсылығын ауырсаң білесің.
6. Күннің шуағы жылы, ананың құшағы жылы.
Ән "Айналайын ақ мамам"

1 - жүргізуші: Келесі кезекте аналар пікір алмасады.
1. Балаңызға әкесі тәртіп шарасын қолданса, сіз араға түсесіз бе?
2. Ананың ақ сүтін ақтау дегенді қалай түсіндіресіз?
3. "Батамен ел көгереді " деген сөз бар. Бата берудің мәнісі неде деп ойлайсыз?
Бәрі хормен
Анаң - күнің, жүрегің,
Әкең - өмір тірегің.
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын.
"Анаға сәлем" хор

Келесі кезекте "Ананың арқасы" атты көріністі тамашалаңыздар.
Оқушылар еңбек сабағында жасаған сыйлықтарын аналарына тапсырады.
Ата - ана тәрбиелеп балапанын
Әлдилеп, аялаған алақанын.
Болашақта бақ тілеп тұрасыңдар,
Ойлауменен алдағы бала қамын - дей отырып сөз кезегін аналарға береміз.
Бүгінгі "Аяулы менің - анашым" атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көптен - көп рахмет. Мерекелеріңіз құтты болсын.

Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы,
Луговой ауылы, Т. Рысқұлов атындағы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Бегасилова Меизкуль Туленовна

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама