Ақша жүйесінің қызметі
Тақырыбы: «Ақша жүйесінің қызметі»
Пәні: Экономика негіздері
Сабақтың тақырыбы: Ақша жүйесінің қызметі.
Сабақтың мақсаты: Білімгерлерді ақша қызметі туралы білім, білік, дағды жүйесімен қаруландыру.
Міндеттері:
1. Ақша жүйесінің экономикадағы маңыздылығы туралы кең көлемде түсінік беру.
2. Білімгерлердің танымдық қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
3. Білімгерлердің ғылыми дүниетанымын, адамгершілік қасиеттерін, өзіндік көзқарастарын айта білуге тәрбиелеу;
Құндылық: Дұрыс әрекет.
Қасиеттер: құмарлықты тыя білу (ақша, тамақ және т. б.);
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың көрнекілігі және технологиялар: Интерактивті тақта, музыкалық материалдар, бейнероликтер, тақырыпқа сай слайдтар.
Сабақтың әдістері: Ой қозғау, сұрақ – жауап, музыка терапиясы.
Қолданылған әдебиеттер: Жолдасова Г. «Экономика негіздері» Астана 2011 ж, Хайролла Ғабжалелова «Теңге» Алматы 2003, Кан, Шаяхметов «Қазақстан тарихы».
Пән аралық байланыс: Экономика негіздері, Қазақстан тарихы,«Өзін – өзі тану» рухани – адамгершілік білім беру.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, аудиторияның және студенттердің сабаққа дайындығын тексеру, оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру.«5Т»- ның сақталуын еске түсіру: Тәртіп, талап, тазалық, татулық, тыныштық.
II. Мақсат қою
Бүгінгі сабағымыздың бір ерекшелігі бағалауды стикермен бағалаймын. (қызыл өте жақсы, жасыл орташа, сары қанағаттанарлықсыз болып бағаланады )
Миға шабуыл: «Көңіл қойып тыңда, тез ойлан, қалып қойма» - деп, бүгінгі сабағымызды жұмбақпен бастамақшымын:
Әлемнің тынысы
Байлықтың белгісі
Ол не? -... (ақша, теңге)
Сонымен бүгінгі біздің тақырыбымыз «Ақша жүйесінің қызметі».
Дәйексөз
Мініп көрер күші жоқ,
Сауып ішер сүті жоқ
Ақша деген мал шықты.
( Шортанбай ақын).
Осы нақыл сөздері жолдары арқылы Шортанбай ақын тауар - ақша қатынасының экономикада үстемдік ететінін суреттеген. Біздің экономикамызда ақша үлкен роль атқарады. Ақша - барлық тауарлар мен қызметтерге айырбасталатын ерекше тауар.
Студенттердің айтқан ойларына сүйене отырып қорытындылаймын.
III. Материалды түсіндіру кезеңі
Кіріспе: Әңгіме
Ақша елі
Ақша елі өте ертеде пайда болған, онда ертедегі адамдар өмір сүрген. Осыдан он мыңдаған жылдар бұрын осы елдің жер өңдеушілері аңшылықпен айналысатын тайпаларды ығыстырып, өздерінің алғашқы қауымдастығын құрды. Олардың біреуі – ұсталықпен, енді біреулері - балық аулаумен, тағы біреулері – зергерлік бұйымдарымен айналысты. Ендігі жерде балықшылар үшін – ау, ұстаханадағыларға – түрлі құмыралар, жер өндеушілерге – ат тағалары қажет болды. Осы жерде бір – бірімен айырбас жасауға мүмкіндік туды. Айырбасқа түскен өнімдер тауар деп аталады. Тауар айырбасын жасап, ендігі жерде оларды салыстыра білу қажет болды. Сөйтіп «Ақша елінде» цифрлар мен сандар пайда болды.
«Ақша елінің» солтүстігінде «Балықшы» деген елді мекенде бір балықшы өмір сүрді. Бір күні балығын аулап, үйіне келсе, балықшының әйелі оған ұрса қоя берді. «Сен кешке дейін балық аулай бересің, ал үйде ескі екі құмған ғана қалды, терілер ескірді, аттардың тағалары жеңіліп кетті, олар ақсап жүр. Өстіп, біздің шаруашылығымыз құрыйтын болды». Оған ашуланған балықшы: «Маған ұрысқанша, содан шығатын жол ойлап тапсаңшы!» - деді. Балықшының әйелі ойланып - ойланып мынадай шешімге келді.
• Шынында да, еркектер керек заттар үшін әр жерге шапқылайды, онан да өзім әрқайсысына барып құмғандарды, ат тағаларын, терілерді «Балықшыға» әкеліп алайын, содан кейін керек заттары үшін бәрі осында келеді, - деген оймен балықшының әйелі «Темірші» деген елге келіп, таға сұрайды, бірақ олар тегін бергілері келмей, айырбастайтын құмған, тері әкел, - дейді.
• Тығырықтан шығу үшін балықшының әйелі «Теңге» еліндегі Тиынов деген ғалымға келеді. Ол ғалым арнаулы құралмен бақыр жасайтын. Оның үлкен бақыры – теңге деп, жүз кішкене бақыры - тиын деп аталды. Ол ғалым балықшының әйеліне мынадай кеңес берді. «Біздің еліміздегі қолөнершілер тауарларын теңге мен тиынға айырбастасын, сонда барлық жерде тауарға айырбастайтын ақша пайда болады». Сол күннен бастап, ақша елінің ақша айырбасы жүре бастады. Міне, осы кезден бастап балықшының әйелі сатушы болды. Жан - жақтан қолөнер шеберлері тауар әкеліп, тауар айырбастайтын орын, базар алаңы (нарық алаңы) деп аталды. Басқа елдерде өзгерістер өтіп жатты, енді ел арасында байланыс басталып, ол экономикалық қатынастар деп аталды.
Көптеген жылдар өтті. «Ақша елі» дамып, өсіп әдемі қалалары көп қабатты үйлері пайда болады. Бірінші қабатында дүкендер, шеберханалар орналасты. Бұл елде банкілермен биржалар пайда болды. «Ақша елі» сауданың орталығына айналды.
Ақша дегеніміз – қандай да бір затты сатып алу үшін қолданылатын, заттың құнын білдіретін металдан, қағаздан белгілер мен бірлік. 1993 жылы 15 қараша – Қазақстан тарихындағы ерекше күн деп айта аламыз, себебі ұлттығымызды айғақтайтын тағы бір белгі – теңгеміз айналымға енгізілді.
Дәптермен жұмыс. Ақша жүйесі — белгілі бір елде қалыптасып, әдетте заңмен бекітілетін ақша айналымын ұйымдастыру түрі. Бұл жерде ақша бес түрлі қызмет атқарады: Құн өлшемі, айналыс құралы, төлем құралы, қазына жинау және қорлану құралы, дүниежүзілік ақшалар.
2 - тапсырма: Топтық тапсырмаларын қорғау.
Қазақстан жеріне шекаралас жатқан бес мемлекеттің, бүгін біз соның төрт мемлекетіне саяхат жасайық. Олар Ресей, Қытай, Қырғызстан, Қазақстан
1. топ. 6. Қазақстан елінің ұлттық теңгесіне шолу. (Білімгерлердің ізденіс жұмыстары)
Қазақстан теңгесі — Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы. Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 ж. 15 қарашадағы жарлығы бойынша айналысқа енгізілді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.