Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 23 сағат бұрын)
Қозы-қошақандар. Жіңішке дауыстылар
Сабақтың тақырыбы. Қозы, қошақандар. Жіңішке дауыстылар. 32 – 34 жаттығулар.
Сабақтың мақсаты.
Оқушыларға жуан және жіңішке дыбыстардың ерекшеліктерін ажыратып білуге, сөз бен сөйлемнің ара жігін ажыратуға, сабақтан алған білімін одан әрі нығайтуға дағдыландыру.
Оқушылардың ана тілімізде сауатты сөйлеуге, көркем жазуға, шығармашылыққа, дүниетанымын кеңейтуге, өз ойын, пікірін еркін айтуға дамыту.
Ұйымшылдыққа, еңбекке, адамгершілікке, төрт түлік малға зиян келтірмеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі. Интерактивті тақта, төрт түлік малдың суреттері, ребус, ойындар.
Сабақтың түрі. Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі. Түсіндіру, талдау, жинақтау, өзіндік бағалау, сұрақ – жауаптар.
Пәнаралық байланыс. Дүниетану, математика.

1. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Ана тілім өз тілім дана тілім.
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,
Болашағым бақытым, дара тілім.

2. Үй жұмысын сұрау.
31 - жаттығу. Сиыр өлеңін жаттап келу.

3. Жаңа сабақ
Оқушыларға сабақтың мақсатын таныстырамын.
«Сөйлем» сөзіне ребус шешу.
Дәптермен жұмыс.
32 - жаттығу.
Әр топтағы сөздерден сөйлем құрап жазу.
1. Мал өріске жайылды.
2. Қозы шөп жеді.
3. Құлын су ішті.
4. Лақ тасқа секірді.

Сергіту сәті.

Тақтамен жұмыс.
34 - жаттығу.
Жазылуы: Құдық, құрық, құлын, ұршық, шұжық.
Айтылуы: Құдұқ, құрұқ, құлұн, ұршұқ, шұжық.
Оқулықтағы өлеңді оқушыларға оқытып шығамын.
Оқыған өлеңге байланысты оқушылар 2 - минут «Қошқар мен теке» мультфильмін тамашалайды.
Дыбыстық талдау жасау.

Төрт түлік сөзіне оқушылар дыбыстық талдау жасайды. Жұмбақтар шешеді.
Кезікті бір жануар.
Үстінде үлкен тауы бар ТҮЙЕ.

Аласа ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. ҚОЙ.

Қорытындылау.
- Балалар біз бүгін қандай дыбыстардың ерекшеліктерімен таныстық?
- Бағалау.
- Сөз неден құралады?
- Сөйлем неден құралады?
- Сөйлем дегеніміз не?
Үйге тапсырма беру.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама