Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Арал теңізінің экологиялық ахуалы
Сабақтың тақырыбы:«Арал теңізінің экологиялық ахуалы»
Сабақтың негізгі мақсаты: Біз осы жайында өз ой - пікірімізбен таразыға салып көрейік.
Сабақтың типі: дәстүрлі емес
Сабақтың түрі: пікір сайыс
Сабақ барысы:
Үй тапсырмасы:»Қоршаған ортаның экологиясын бақылау» ізденіс жұмыстары

I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылар топқа бөлінеді:
«Парасат» тобы (Жақтаушы)
«Ақиқат» тобы (Даттаушы)

Сайысымыздың ережелерімен бөлімдерімен таныстырып өтейін.
Сайысымыздың бөлімдері:
І. Кіріспе
1. Екі фракцияда үш спикерден болады.
2. Екі фракцияның спикерлері өздерін, (кейсін, резолюциясын, дефинициясын, критерийін, дәлелдерін) таныстырады.
ІІ. Негізгі бөлім
1. Негізгі кезең бұнда спикерлер дәлелдемелермен) мысалдар, статистикалық мәліметтермен таныстырады.
2. Екі фракцияның ұсыныстарымен қосымшалары.
3. Екі фракция бір - біріне сұрақ қояды.
ІІІ. Қорытынды
1. Сарапшылар өздерінің сараптамаларын айтады.
2. Қорытынды.

Сайысымыздың ережесі:
1. Бос айтыс, тартыстан аулақ болу
2. Қарсыласыңды қорқытуға әуес болма
3. Мысқыл сұрақтар қоюға болмайды.
4. Қарма - қарсы сұрақтарға берілген уақытты тиімді пайдалану.
5. Қосымша қойылатын сұрақтарға дайын болу шарт.

Сайысымызды бастамас бұрын жеребе таратылып қай фракцияның бірінші бастайтыны белгілі болады. Әңгімемізге арқау болу үшін біз алдымен «Арал экологиясы» бейнекөрінісіне кезек берейік.
Жүргізуші: Көріністі көріп тамашаладыңыздар. Ендеше бірінші бөлімге кезек берейік. Таныстыру Уақыттарыңыз - 1 - минут

Жүргізуші: Қарсыластар өздерін таныстырып болған сыңайлы, енді негізгі кезеңге кезек берсек дейміз. Оқушылар бұл кезеңде өз пікірлерін айтады, оларды дәлелдейді, керекті фактілер, мысалдар, статистикалық мәліметтер келтіреді. Жақтаушы мен қарсы даттаушы топтардың спикерлері әр дәлел бойынша кезекпен - кезек сөйлейді. Уақыттарыңыз шектеулі - 2 минут.
«Парасат» жақтаушы фракциясы тобы сөз кезегі сіздерде.
Біздің резолюциямыз (яғни қарарымыз): «Қазақстанға интернетті дамытуымыз қажет және агенттің өз алар орны бар»
Дефинициямыз (яғни анықтауымыз бойынша): Интернеттегі сайт беттерін жабуға болмайды. Қайта білім алу үшін жаңа заман талабына сай көтеру керек.
Критерийіміз(яғни дұрыс белгісі): Білімдеріңізді толықтырмаған әр күн сіз үшін текке кеткен және енді қайтып оралмайтын күн деп есептеңіз.
Жүргізуші: Дәлелдеңіз.
Дәлелдейтін болсақ:
1. Интернеттің әр сайты тың жаңалықтарға толы, агент ешқашан құнын жоймайды.
2. Интернетке кіру мәдениеттіліктің негізі. Сайт беттерін жаңарту керек, агент алыс - жақын адамдардың бір - бірімен танысуын, хат алмасуын, ой бөлісуіне қажет бірден - бір жаңа технология.
3. Интернетпен байланысын тоқтатқан адам ойлауды да тоқтатады.
Жүргізуші: Қарсы жақ – даттаушы «Ақиқат» тобы фракция мүшелері кезек сіздерде.
Қарсы - даттаушы фракциясы;
Біздің резалюциямыз ( яғни қарарымыз): «Оқушыларға интернетпен байланыс жасауға белгілі бір уақыт беру керек, агент қажет емес»
Дефинициямыз(яғни анықтауымыз бойынша): Қазір білім алатын ақпарат көздері көп. Мысалы: бұрынға ата - бабаларымыз кітап және кітапханамен де жаңалық ашып, ғылым көкжиегін кеңейткен.
Критерийіміз(яғни дұрыс белгісі); Қазақстанда интернеттегі сайт беттерін азайтып, басқа да жаңа технологияның негіздері арқылы білімді молайтуға болады.
Жүргізуші: Дәлелдеңіз.
Біз дәлелді үш түрде қарастырамыз:
1. Интернет пен агент оқушылардың санасын улап, ойлау қабілеттерін тоқырауға ұшыратады.
2. Интернетте жаманды жақсы ақпараттардың көзі көп, соларды ретімен орналастыру керек.
3. Агент қазіргі жас өспірім оқушылардың санасын улап, ойлау қабілеттерін жоғалтып, қайғылы да қасіретті жағдайларға душар болып отыр.
Жүргізуші: Екі фракция спикерлері өз ойларын толық жеткізе білді деп ойлаймын. Енді ұсыныстарыңыз бар ма? Қарсы жақ ұсынысыңыз бар ма? Уақытыңыз - 3 минут
Қарсы жақ: Ұсынысы:
Жүргізуші: «Парасат тобы» жақтаушы жақ ұсыныстарыңыз бар ма?
Жақтаушы жақ уақытыңыз – 3 минут.

Ұсыныс: Арал экологиясы – шөлейт аудандарда суды көп қажет ететін өндірістерді орналастырудағы стратегиялық қателіктердің нәтижесінде пайда болған экологиялық жағдай. 1961 жылға дейін Арал теңізінің көп жылдық орташа деңгейі 53 абс. м, орташа аумағы 66, 1 км², көл. 1062 км3 болған. Өзендердің теңізге құйылу мөлшерінің кемуі, теңіздің су деңгейінің азаюына, оның 2 - ге бөлінуіне әкеп соқтырды. Енді ол Үлкен Арал және Кіші Арал болып аталады (1992 ж.). Бұл 2 көлдің арасын бөліп тұрған құрғақ жердің ауданы жылдан - жылға ұлғаюда. Арал теңізінің тартылуы және оңтүстік ендікте суғармалы егіндік жерлердің көбеюі қуат, жылу, ылғал алмасуының тапшылығы сол өңірдің экологиясын және ландшафты мен ауа райын өзгертті. 1970 ж. Арал теңізіне құйылатын өзен суының көл. 7 – 11 км3 - ге дейін азайса, ал 1980 ж. теңізге құятын өзен сулары мүлдем сарқылды. Су тазартудың және бірнеше рет пайдаланған сулардың шығыны шөлді жерлерді жарамсыз батпақ шалшыққа айналдырды. Ғарыштантүсірілген суреттерді талдағанда 1985 ж. табиғи көлдің саны 28 (аумағы 287, 48 км²), антропогендік көлдің саны 195 (аумағы 6421, 71 км²), ал қолдан жасалған Сарықамыс және Арнасай көлдерінің су қорының көл. 55 км3 болды.

Жамбыл облысы, Байзақ ауданы,
Сарыкемер ауылы Қазақстанның 40 жылдығы атындағы
орта мектебінің "Жас эколог" секциясының мұғалімі
Жанназаров Нұрлыбек Темірбекұлы
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама