Жаппай жою қаруынан әскери қызметшілерді қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.Жалпы әскерлік қорғаныш толымы
Сабақтың тақырыбы: Жаппай жою қаруынан әскери қызметшілерді қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Жалпы әскерлік қорғаныш толымы.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жалпы әскери қорғаныш толымын қолдануды үйрету. АӘД пәніне оқушылардың қызығушылығын арттыру, әскери – патриоттық, ұлтжандылық, Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеп баулу,
Дамытушылық: өз іс - әрекетінің дұрыс орындалуын, психологиялық тұрақтылықты қалыптастыру.
Тәрбиелік: жанындағы адамдарға көмек беруге, елжандылыққа, қырағылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу, Отансүйгіштікке, Қарулы Күшіне деген сезімді арттыру, әскери тәртіпке үйрету.
Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, плакаттар, ЖӘҚТ.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин. Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 8 мин.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары қалай жетілдіріледі?
- Зақымдалған аймақ кенеттен жасалғанда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін не істеу керек.
- Сүзгіш газтұмылдырықтар туралы айтып беріңдер.
- Тұмылдырықтың қажетті өлшемі қалай таңдалады?
б) Негізгі бөлім – 22 мин. Жаппай жою қаруынан әскери қызметшілерді қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Жеке қорғану құралдары (жалпы әскери қорғаныш толымы)
Жалпы әскерлік қорғаныш толымы.
Жалпы әскери қорғаныш толым (ЖӘҚТ) тұмылдырықпен бірге әскердің барлық түрлерінің жеке құрамын улағыш заттардан, сондай - ақ әскер киімі, аяқ киімі және жабдықтардың радиоактивті заттар және биологиялық құралдармен зақымданудан қорғану үшін қолданылады
Оның құрамына қорғаныш плащы, қорғаныш шұлығы, және қорғаныш қолғабы кіреді.
Жалпы әскери құрама қорғаныш костюмі (ЖӘҚҚК) зиянды сәулеге шалдығу және ядролық жарылыстың радиоактивті шаңынан, улағыш заттардың булары мен аэрозольдардан қорғануға арналған.
Оның құрамына куртка, шалбар, қорғаныш ішкі киімі, бас киім, дулығаның ішінен киетін тоқымалы бас киім кіреді.
ЖӘҚҚК табельдік ЖӘҚТ - нан өз конструкциясы мен қол білезігін қорғау үшін отқа қарсы дымқыл жеңді қорғаныш іш киімнің болуымен ерекшеленеді.
Қарсылас жаппай жою қаруын қолданумен ұрыс әрекеттерін жүргізу кезінде жеке қорғану құралдары үш жағдайда болуы мүмкін: «жорықтық», «дайын», «ұрыстық».
«Жорықтық» жағдайда қорғаныш плащын жабдық үстіне қапшыққа салып арқада тасымалданады, қапшық жоқ кезде қорғаныш плащы жиналған түрде иықтан асыра тасталынып белдікке бекітілген түрде арқада тасымалданады.
«Дайын» жағдайда қапшықтар жоқ жағдайда плащты жазылған түрде арқада тасуға болады.
«Ұрыстық» жағдайда плащты жеңге киілген жамылғы ретінде немесе комбинезон ретінде киюге болады.
ЖӘҚТ кию тәсілдері:
- қаруды жерге қою немесе бір затқа сүйеу керек;
- газтұмылдырық пен сөмкені, жабдық пен бас киімді шешіп жерге қою керек;
- кительді шалбарға жинау керек;
- қорғаныш шұлығын кию керек;
- плащты жеңге кигізу керек;
- қапшықтағы жартылай сақинадан таспа ұштарын босатып, плащ артының етегімен оларды сақинаға енгізіп бекіту керек;
- айылбасқа ұстағышты ортадағы айылбасқа плащтың алдымен оң, содан соң сол етегімен қадап, бекіткішпен бекіту керек.
- айылбасқа плащ етектерін сол жақ етегі сол аяқты, ал оң жақ етегі оң аяқты жабатындай етіп қадау керек; орталық айылбастан төмен орналасқан екі айылбасқа ұстағыштарын бекіткіштермен бекіту керек;
- плащтың бүйірлі белдікшелерін алдын ала тізе астымен аяқтарға айналдырып айылбасқа қадау керек;
- екі үстіңгі ұстағышты қалдырып, плащ өңірін қадау керек;
- плащ үстінен жабдық пен газтұмылдырық кигізу керек;
- газтұмылдырықты «ұрыстық» жағдайға келтіру керек;
- дулығаның ішінен киетін бас киімді, ал содан кейін күләпараны кию керек;
- плащтың қалған ұстағыштары мен күләпара белдікшелерін қадау керек;
- қолғап кию керек; қаруды алу керек.
Газтұмылдырықты кию уақыты – 10секундтан аспау керек, тұмылдырықты кию уақыты – 14секунд.
Ашық жерде қорғаныш плащы мен газтұмылдырықты кию – 4минут,
Бүркемелер мен машиналарда – 6 минут.
Комбинезонды кию уақыты – 6 - 12 минут.
Жалпы әскери қорғаныш толымын шешу тәсілдері:
- жабдықты шешу керек;
- бекіткіштерді шешіп, плащ етегі мен қорғаныш шұлығы белдікшелерін ағыту керек;
- бүйірлі белдікшелерді шешу керек;
- плащтың өңірін шешу керек;
- күләпараны шешу және оны арқаға ысыру;
- жеңнің белдікшелерін шешу;
- қолды жеңнен шығарып алып, бір уақытта қолғапты шешу керек;
- плащ таспаларын (тоқыма бауларын) шешу керек;
- плащты артқа қарай сыртқы жағымен төмен түсіру керек;
- желдетілген жаққа барып, газтұмылдырықты шешу керек.
Жамылғы ретіндегі қорғаныш плащын қарсылас кенеттен улағыш заттар мен биологиялық құралдарды қолдану кезінде немесе радиоактивті жауын - шашын кезінде пайдаланады.
Бөлімше командирлері жергілікті жердің зақымдануына, жеке құраммен орындалатын тапсырма сипатына, метеорологиялық жағдайлармен басқа да факторларға байланысты қорғаныш құралдарды пайдаланудың жөнін анықтайды.
Егер радиациялық және химиялық барлау аспаптарының көрсеткіштері бойынша зақымдану қауіпі белгіленбеген кезде қорғаныш құралдарды шешу бөлімше командирінің бұйрығы бойынша айқындалады.
в) Қорытынды бөлім – 12 мин.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
- ЖӘҚТ не үшін қолданылады?
- ЖӘҚТ қандай жағдайда болуы мүмкін?
- ЖӘҚТ кию тәсілдерін орындаңдар.
- ЖӘҚТ шешу тәсілдерін орындаңдар.
Үй тапсырмасы:
Оқушылардың білімін бағалау.