Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Әсет Найманбаевтың өмірі мен шығармашылығы
Сабақтың тақырыбы: Әсет Найманбаевтың өмірі мен шығармашылығы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ақын Әсет Найманбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін кеңейту. Әдебиетке әкелген жаңалықтары мен қоғамдық – әлеуметтік мәселелерге көзқарасын, тұрмысын бейнелеуіндегі ақын – әншінің әдебиет тарихындағы орны, өлеңдерінің ерекшелігін орнын таныту.
Дамытушылық: Оқушылардың поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, теориялық талдау жасай білуге, ізденушілік қабілеттерін дамытуға жағдай туғызу.
Тәрбиелік Оқушыларды адамгершілікке, өнерді бағалай білуге, халықтық дәстүрге баулу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Көрнекті құралдар: ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы слайд, интерактивті тақта, кітаптары
Сабақтың әдістері: оқу, мәнерлеп оқу, сұрақ - жауап, шығармашылық - танымдық

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі. ( сынып оқушыларының сабаққа дайындығы және сабақтың тақырыбы мақсат міндеті хабарланады.)
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Зерттеуші ғалымдардың айтуы бойынша, Әсет Найманбайұлы 1867 жылы Қарқаралы уезінің Темірші болысына қарасты сегізінші ауылда туған. Бұл қазіргі Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданының «Қызыларай» ауылы.
Әсеттің әкесі Найманбай, шешесі Кермеқас кедей адамдар болыпты. Әсеттің әлі жас кезінде әке - шешесі Семейге көшіп келіпті. Әсеттің ескіше, яғни мұсылманша оқығаны және жай ғана оқып қоймай, білімді болғаны байқалады. Ырысжанмен айтысқанда, ол білімділігінің арқасында ғана қыздың жұмбақтарымен қатар діни жұмбағын да дәлме – дәл шешеді. Оның «Ағаш ат», «Шеризат», «Барат қыз», «Француз», «Шаһи Ғаббас», «Жәмсап» тәрізді қисса - дастандардың сюжетін шығыс әдебиеті үлгілерінен алуы да оның мұсылманша оқуды терең білгендігін көрсетеді. Ел арасына кең тараған «Інжу - маржанның»қайырмасында «Сейфіл Мәлік – Жамалдай бейнетіңе көнсем - ай, Қозы Көрпеш – Баяндай бір молада өлсем - ай»,- деген сөздердің айтылуы оның ауыз әдебиетінде, шығыс әдебиеті үлгілерін де жақсы білгендігін көрсетеді.
С. Мұқанов: «Біржанның әндері сияқты Әсеттің әндері де аса биік, ырғақты қайырымы қиын болған. Сондықтан оның әндерін үйрену де қиын еді»,- деген пікір айтады. «Ақырғы сөзінде» Әсет:
Бозбала, осы әнімді үйренерсің,
Ырғаққа келтіре алмай күйзелерсің...
... Асау ән жетегіңе жүрмеген соң,

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама