Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Текстильдік  аппликация
Ашық сабақ 10 - сынып.
Сабақтың тақырыбы: Текстильдік аппликация.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға тақырыптың мазмұнын ашып беру және түсіндіру. Шеберлігімен ой - өрісін дамытуға тәрбиелеу. Өмірге деген қызығушылығын арттырып, еңбекке, әсемдікке баулу.
Дамытушылығы: Түсті, суретті таңдау білу, геометриялық фигуралардан әртүрлі эскиз жасау.
Білімділік: Алған білімдерін практикамен ұштастыру, үнемділікке ойлампаздыққа үйрету.
Тәрбиелік: Өнерге баулу арқылы икемділік, іскерлікті эстетикалық талғамды қалыптастыру.
Сабақтың түрі: теориялық, практикалық
Әдіс - тәсілдері: Модульдік блокты жүйе бойынша оқыту.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
А. Оқушылардың сабаққа әзірлігін реттеу, жоқ баланы белгілеу.
Ә. Өткен тақырып бойынша сұрақ, жауап арқылы пысықтау.
Б. Жаңа сабақты түсіндіру. Сарамандық жұмыс.
Сергіту сәті.
В. Жаңа тақырып бойынша сұрақ, жауап бойынша пысықтау.
Д. Қорытынды.
Оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма беру.

Өткен тақырыпты сұрақ - жауап арқылы пысықтау, «Алтын қақпа» ойыны арқылы пысықтаймын.
«Тас қақпа» ойыны.
Ырғақ дегеніміз не?
Жауабы: Ырғақ – өмірде және өнерде белгілі бір ұқсас, сәйкес элементтердің жиі немесе сирек түрде қайталануы. Егер симметрияға элементтердің тепе - теңдік күйі тән болса, ырғақ қозғалыстың шексіз созылуы болып табылады.
Ши ораудың неше әдісі бар?
Жауабы: Ши ораудың екі әдісі бар.
1. Тоқулы тұрған даяр шидің өрнегіне қарап отырып салынса
2. Өз жанынан ши өрнегінің композициясын жаңадан құрастырады.
Контраст қай тілден алынған не мағына береді?
Жауабы: Контраст – латын және француз тілінен аударылған. Кері түрде, тым айырмашылықты, қарама - қарсы дегенді білдіреді. Контраст жеке элементтерді баса көрсетуде, акценттеу мақсатында қолданылады. Форма сапасын байыта көрсетеді.
Шығарма элементтерінің сымбатты амалдары қандай?
Жауабы: Нүкте, сызық, дақ, түс, бедер.
2. «Темір қақпа» сұрағы.
Бейнелеу өнерінде контраст қандай мақсатта іске асырылады?
Жауабы: Бейнелеу өнерінде контрастар – сызық, көлем, масса, түр - түс, силуэт, текстура, фактура түрлері кездеседі және іске асады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама