Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 22 сағат бұрын)
Асқорыту мүшелерінің қызметі. Ауыз қуысында астың қорытылуы. Сілекейдің құрамы, қасиеті, зерттеу жолдары
Сабақтың тақырыбы: Асқорыту мүшелерінің қызметі. Ауыз қуысында астың қорытылуы. Сілекейдің құрамы, қасиеті, зерттеу жолдары.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға ас қорытудың маңызын ұғындыру. Ауыз қуысының құрылысы, шайнау әрекеті, тістің құрылысы, сілекей бездері және тілдің құрылысы, олардың атқаратын қызметтерін түсіндіру.
Дамытушылық байланыстыра ұғындыру: Білім мен тәрбие беруде тиімді әдістерді іздеп, өмірмен жағына көп көңіл бөліп, оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру, қосымша материалдарды пайдалануға дағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Тісті күту, тіс ауруларының алдын алу денсаулықты нығайтуға, гигиеналық талаптарды орындауға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға дағдыландыру.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді қалыптастыру, аралас сабақ.
Сабақтың технологиясы: Оқу мен сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Плакат “тістің құрылысы”, “Сілекей бездері”, кесте, сызбанұсқалар және интерактивті тақта т. б.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру. Оқушыларды түгендеу. (5 мин)
Оқушыларды топқа бөлу ( «қызыл өрік» және «қызыл алма» өлеңдерінің сөздерін үлестіру).

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (20 мин)
“Кім жылдам” кезеңі
1. Астың құрамындағы қай зат ағзадағы ұлпаларды қайтадан қалпына келтіруге негіз болады.(нәруыз)
2. Адамда ас қорыту жолының ұзындығы? (8 - 10 м)
3. Ас қорыту мүшелерін ата? (ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, аш ішек, тоқ ішек, тік ішек)
4. Ас қорыту жолының қабырғасы неше қабаттан тұрады? (3 қабат)
5. Бір тәуліктегі ересек адамға қажетті майдың мөлшері. (100г)
6. Дәм сезу рецепторлары қайда орналасқан? (тілде)
7. Негізгі энергия қоры. (көмірсу)
8. Ас қорыту және тыныс жолдары қай жерде қиылысады? (жұтқыншақта)
9. Ас қорыту жолының кеңейген жері; ( асқазан)
10. Ұзындығы 25 см, іші қуыс бұлшық етті мүше; (өңеш)
11. Асқазанның астыңғы жағында орналасқан без; (ұйқы безі)
12. С дәруменнің басқаша атауы (аскорбин қышқылы)
13. Салмағы 1500 гр ең ірі без? (бауыр)
14. Ас қорыту жолында асқазаннан кейін қандай мүше орналасады? (ұлтабар)
15. Тамақтануға ең қолайлы режим. (4 уақыт)

ІІІ. Жаңа сабақ кезеңі. (45 мин)
Мағынаны тану. «Кубизм» әдісі.
І топ. «Қызыл өрік»
1. Суреттеу. Асқорыту мүшелерінің құрылысы.
2. Талдау. Асқорытуды зерттеу әдістері.
3. Зерттеңіз. 3 жұп сілекей безінің құрылысын.
4. Дәлелдеу. Ауызға келіп түскен тағамның қорытылуын.
5. Салыстыру. Сілекейдің құрамын қарын сөлінің құрамымен.
6. Қорытындылау. Ауызға келіп түскен ас шайналып ұсақталатыны, сілекейге шалынып жұмсаратындығын және жұту - рефлекс арқылы іске асырылатын күрделі үрдіс екендігін.

ІІ топ. «Қызыл алма».
1. Суреттеу. Сілекейдің құрамын қасиетін.
2. Талдау. а) зерттеген ғалымдардың іс - әрекетін;
б) күрделі рефлекстік және нейрогуморальдық реттелуі.
3. Зерттеңіз. Сілекейдің құрамын зерттеу әдістерін.
4. Дәлелдеу. Сілекей құрамындағы заттардың мөлшері әр безде әр түрлі.
5. Салыстыру. Сілекейдің құрамын қарын сөлінің құрамымен.
6. Қорытындылау. Сілекейдің құрамына кіретін негізгі ферментті атап беріңдер.

IV. «Мылқау сурет». Суреттер үлестіріледі.
І топ. «Асқорыту мүшелерінің құрылысы». ІІ топ. «Тілдің құрылысы»

V. «Фишбоун»
VI. Жаңа сабақты бекіту. Постер қорғау. (10 мин)
(екі топқа плакат, маркерлер улестіріледі)
VII. Бағалау. (5 мин)

VIII. Үйге тапсырма. (5 мин)
«Асқазанда астың қорытылуы. Асқазаннан астың он екі елі ішекке өтуі. Ұйқы безі секрециясының реттелуі. Бауырдың қызметі, өт жолдары»
(«Адам физиологиясы» Х. К. Сәтбаева, А. А. Өтепбергенов, Ж. Б. Нілдібаева 326 - 339 беттер)

Қостанай облысы, Арқалық қаласы.
Арқалық медициналық колледжінің биология пәні мұғалімі
Сыздыкбаева Айымкул Мураткалиевна

Слайдын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама