Ата-баба мұрасы, көненің көзі болып сақталған тарихи-құнды жәдігерлер
Ата-баба мұрасы, көненің көзі болып сақталған тарихи құнды жәдігерлер.
"Тұран» университеті, «Журналистика және аударма ісі» кафедрасы,
«Журналистика» мамандығының 2-курс студенті Шонаева Даулетбике
Аннотация: Тарих- ол біздің бүгінгі және өткен куннің байланыстыратын маңызды кілті. Ұлт пен елдің құндылығы. Мемлекет ретінде танылатын жеке байлық. Біздің міндет сол тарихты жоғалтпау. Ата-бабадан келе жатқан әр маңызды тарихи жағдайды зерттей біле,сонымен қатар егжей-тегжейлі білу және ұмытпау. Қанмен төгісіп,осы “Егеменді ел” атану үшін талай азапқа,жан тапсыруға барғанымызды жадымыздын шығармау. Бізді ел ретінде қалыптастырып,өзгеден “ Қазақстан” ретінде танылуға көмектесетін де дәл осы тарих.
Кілт сөздер:тарих,ата-баба, кешегі күн-ертеңгі тарих, зерттеу жұмыстары, көне жұмыстар.
Еліміз тәуелсіздік алғалы бері өз төл тарихын зерттеп-зерделеуден бір сәтке де жаңылған емес. Әр елдің, ұлттың өз мәдени тарихы, тілі, діні, ұлттық сана сезімі болады. Сол секілді, Тәуелсіз мемлекет Қазақстанның да, өз тарихы, тілі-ділі бар. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат»,-атты мақаласында кең дала төсінің ежелден бергі тарихын, қазіргі күнге дейін зерттеп-зерделеуді басты назарда ұстау керектігін айтып өтті. Төл тарихымыздың есепсіз-ескерусіз қалған тұстарын қайта жаңғыртып, ата-баба мұрасы жаңғыртылуы тиіс. Осы орайда, ұлттық жәдігерімізге археологиялық зерттеу жүргізіп, тарихымызды ұлықтайтын ол жалынды жастар.
Бүгінде елімізде бірнеше мыңдаған ұлттық жәдігерлер зерттелген. Алайда, бұл қазақ жеріндегі ұлттық мұралардың төрттен бірі ғана. Ұлы дала төсінен егемендік алғалы бері құнды жәдігерлер көптеп табылып, ғылыми тұрғыдан зерттеліп, көпшілік қауымның назарына ұсынылып археологиялық мұражай көрмелеріне қойылды. Мәселен, тарихи жәдігерлерімізге сонау ежелден бері төл тарихымыз алтын әріппен жазылған, Күлтегін, Тоныкөк жазбалары, Балбал тастары, көне қорымдардан табылған қол-жазбалар, кесенелер мен күмбездер жатады. Қолжазбалар қашанда елдің талай ғасырлық мәдени-рухани, саяси өмірінен, тілі мен ділінен мол ақпарат беретін маңызы зор жәдігер болып есептеледі. Сондай-ақ, Алматы қаласы, Есік қорғанынан «Алтын Адам» ежелгі темір дәуіріндегі сақ жауынгері бейнесінде табылды. 4000 мыңға жуық алтынмен безендірілген жауынгер тұлғасы-Алматы қаласының бас алаңына орнатылған. Төбесіндегі бейнеленген қанатты тұлпарлар еліміздің Елтаңбасында бейнеленіп, азаттық символына айналды. «Алтын адам» бейнесі қазақ тарихынан біраз тарихи мәліметтерден сыр шертті.
Сонымен қатар, Арыстанбаб кесенесі, Қарахан кесенесі, Айша бибі кесенелері тарих беттерінен елеулі орын алатын мәдени-мұралар. Арыстан-баб кесенесі сәулет өнерінің озық үлгісі саналатын, Отырар қаласында орналасқан ұттық мұра. Кесене 19(он тоғызыншы) ғасыр көріпкелі болған Арыстанбаб мазарының үстіне бой көтерген. Аңыз деректерге сүйенсек, Арыстанбаб өз заманында діни көріпкел, Мұхаммед пайғамбардың елшісі болған. Сондықтан бұл кесене қасиетті орындардың бірі болып саналады. Сәулет өнерінің тағы бір жетістігі-Айша бибі кесенесі. Аты аңызға айналған Айша бибі кесенесі аңыз деректерге сүйенсек, өз әкесінен теріс бата алып, Айша анамыз сүйген жары Қараханға бара жатқан жолда, улы жылан шағып өлтіреді. Сөйтіп, Айша бибі кесенесі 12(он екі) ғасырда Жамбыл облысы, Айша бибі ауылында бой көтереді. Қазіргі таңда әулиелі кесене ЮНЕСКО тізіміне алынған. Міне, төл тарихымызды ұлықтайтын көненің көзі, атадан-балаға мұра болып қалған тарихи жәдігерлердің тарихымызда ерекше орын алғандығын осыдан аңғаруға болады. Қазіргі кезде, елімізде бірнеше мыңдаған мұражайлар бар. Сол мұражайларда тарих қойнауынан сыр шертетін, бірнеше миллиондаған құнды экспонаттар сақтаулы тұр. Дегенімен, тарихи жәдігерлер елімізде әлі толығымен зерттеліп болған жоқ. Осы орайда, төл тарихымызды ұлықтайтын құнды жәдігерлерге археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп, зерттеп-зерделеу жұмыстарын іске асыруда елімізді белді университеттері атсалысуда. Соның бірі де бірегейі, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік-педогогикалық университеті(ОҚМПУ) жарты ғасырдан аса уақыт ішінде кең дала төсіндегі ескерткіштерді зерттеуде алдына жан салмай келеді. Осыншама уақыт ішінде, біршама студенттер мен жалынды жастар құнды жәдігерлерді іс-тәжірибе кезінде зерттеу арқылы, өз білімдерін арттырып, тарих пен салт-дәстүрді тануға кеңінен мүмкіндіктер алды. Сонымен қатар, университет профессоры, тарих ғылымдарының докторы А. Подушкин «Егемен Қазақстан»-газетінің тілшісіне берген сұхбатында; өзі жасаған археологиялық зерттеулер барысында көптеген жәдігер тапқандығын атап өтті. Мысалы, ТМД аумағында кездесе бермейтін, қыштан жасалған кірпіш-кестелер көне Соғды хатының толық мәтінін тапқаны жаңадан жаңалық ашқан екен. Бүгінде профессор А. Подушкин тарихтанушы ретінде, егеменді еліміздің ежелгі тарихын зерттеуде елеулі үлес қосып жүр.
Қазақстан өз тәуелсіздігін алған соң, мемлекеттік бағдарламалар әзірленіп ұлттық тарихымыз ұлықтала бастады. Тұңғыш Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тоғыз жолдың торабында орналасқан қазақ жерінің тарихын қайта жаңғырту мақсатында, «Ұлы даланың жеті қыры»,- атты мақаласын жариялады. Бұл мақала арқылы ежелгі қазақ тарихының түп-тамырын зерттеуге, ұлттық тарихымыздың, ұлттық кодымыздың шиеленіскен түйінін шешуге елеулі үлес қосты. Кейін, Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласы, осы уақытқа дейін зертеусіз қалған жәдігерлерді зерттеуге тапсырма берген болатын. Сондай-ақ, тарихымызды кеңінен танытатын, отандық «Алмас қылыш», «Томирис», «Кейкі батыр», «Жау жүрек мың бала»,-сияқты тарихтан хабар беретін, өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие болатын фильмдердің де, қазақ елінің ұлттық құндылығы мен кодын арттыратынын дөп басып айтып өтті. Ендеше, тарихи жәдігерлер өткеніңе жан бітіретін қасиетті темірқазық болмақ.
Қорытындылай келе, төл тарихың, құнды жәдігерлерің, тарих бетінде қалған алтын әріптерің, ешқашан мұқалмайтын тілің болмаса мемлекет өз дамуын тежейді, рухани дағдарысқа ұшырайды. Ал, өз төл тарихыңнан жырақтап қалмас үшін, үнемі мемлекет даму үстінде, ізденісте жүріп, өткенін зерттеумен де айналысуы бек қажет. Ата-баба аманатын келер ұрпаққа сол баяғы қалпында жеткізу, біздің адамзаттық борышымыз,- деп білемін. Көненің көзі, бабаның сөзі қалған асыл мұраларымыз мәңгілік жаңғыра берсін. Сөз соңында, еліміз көркейіп, тарихы терең алпауыт мемлекетке айналуымызға тілекшімін. Бүгінгі күн ертеңгі тарих екенін ұмытпағанымыз жөн!